Клиникалық есеп.
Клиникaға 3 жaсaр нaуқас жeткізілді. Aнaсының айтуы бойыншa баласын құрғақ жөтел, ентігу, тәбетінің
болмауы, дене температурасының 39
о
С –қа дейін көтерілуі , мазасыздануы , жалпы әлсіздік мазалайды.
Науқастың анасының айтуы бойынша ауру 01.10.2020 басталған,бұл кезде тек құрғақ жөтел
мазалаған,06.10.2020 дене қызуы 39,8-40С дейін көтерілген.Құрғақ жөтел ,кейін ылғалды ,сосын
қақырықпен жөтелу,ентігу,кеуде тұсында ауырсыну,қалтырау пайда болған. Анасы оған «Парацетамол»-
0,5таб, және 10минуттан соң қайта «Парацетамол»-0,5таб қайта берген,дене қызуы біраз басылып,түнге
қарай қайта 39*С жоғарылаған. Температурасы басылмағаннан соң,07.10.20ж «жедел жәрдем»
шақырған. Жоғарыда айтылған шағымдарына сәйкес науқас №2қалалық ауруханаға жатқызылған.
30.09.20 ЖРВИ мен ауыратын науқаспен қатынаста болған.Содан соң,2 күннен кейін науқас аура
бастаған.
Бала Алматы қаласында дүниеге келген,бала анасының 1-ші жүктілігінен.Жүктілік ешқандай
ауруларсыз,қалыпты өткен.Туғанда бала салмағы 3000гр,бойы 52 см.Туған кеде бірден жылаған.Барлық
екпелерді уақытында алып отырған.1 жасқа дейін табиғи тамақтанған.Басын 2,5 айлығында
ұстаған,үлкен еңбегі 16 айлығында толық жабылған,7 айдан бастап отырады,10 айдан бастап тұрады,1
жасында жүреді.2,5 жасынан бастап бала-бақшаға барады.гепатитпен ауырмаған,жарақат
алмаған,ешқандай операция болмаған.
Жалпы баланың дамуы қалыпты,айналадағы балалармен тез тіл табысады,тамақтану мерзімін сақтайды.
Жанұясында созылмалы,тұқымқуалайтын аурулары жоқ.Әкесі 28 жаста,денсаулығы
жақсы,созылмалы,венерологиялық аурулары жоқ.Анасы 27 жаста,денсаулығы
жақсы,созылмалы,венерологиялық аурулары жоқ.Аллергиялық анамнездері теріс.
Жанұяда 3адам,тұрғын үйде тұрады,үйіне күн сәулесі жақсы түседі,жылы,күн тәртібін сақтауға
тырысады.
Қарап –тексеру кезінде, баланың жағдайы орташа ауыр,есі анық.Нервті-психикалық дамуында ауқулар
жоқ.Айналасындағы адамдармен қарым-қатынасқа барады. Дене температурасы 39,5С. Дене салмағы 15
кг (нормада 13,8 – 16,0), бойы 93 см (нормада 90-99 см). ДСИ— 17,3. Терісі бозарған, ылғалдылығы
қалыпты, тургор сақталған, тері асты май қабаты қалыпты дамыған. Мұрын үшбұрышында, алақандары
мен табанында цианоз байқалады. Лимфа түйіндері ұлғаймаған, ауырмайды. Бұлшықеттері қалыпты
дамыған, тонусы қалыпты. Сүйектерде деформация жоқ, буындары қалыпты, ауру сезімінсіз. Тыныс алу
жиілігі: минутына 44 рет (нормада 20-30). Мұрыннан аздаған бөлінді бөлінеді. Бадамша бездері, қатты,
жұмсақ таңдайында, жұтқыншақтың арқы қабырғасында гиперемия байқалады. Құрғақ жөтел, қақырық
аз. Аускультация: оң жақ өкпенің төменгі бөлігінен ұсақ көпіршікті сырыл естіледі, қалған аймақтарда
бронхиальды тыныс естіледі. Жүрек соғысы жиілігі: минутына 120 (нормада 90-140). Жүрек соғысы
қалыпты, тахикардия жоқ, патологиялық пульсация жоқ. Аускультацияда: жүрек тондары қалыпты
ритмді, анық. Тәбеті төмен. Тілі құрғақ, ақ жабындымен жабылған. Ішін қарап тексеруде өзгеріссіз,
симметриялы, тыныс алу процесіне қатысады. Пальпацияда: жұмсақ, ауру сезімі жоқ, қабыну белгілері
байқалмайды. Бауыр ұлғаймаған, тегіс, ауырмайды. Көкбауыр пальпацияланбайды. Бүйрек
пальпацияланбайды, соққылау симптомы теріс. Диурез қалыпты, зәр шығару ауру сезімінсіз. Қалқанша
безі пальпацияланбайды. Бала әлсіз, белсенділігі төмен. Судорога жоқ. Менингиалды симптомдар теріс.
Жарыққа сезімталдығы қалыпты.Зәр шығару күніне 6-7 рет ауырсынусыз.Ісінулер байқалмайды,энурез
жоқ,Пастернацкий симптомы теріс,сыртқы жыныс ағзаларында аномалиялар жоқ.
Бойының өсуі жасына сай,шат қабаттарының таралуы біркелкі,қалқанша безінің үлкеюі анықталған
жоқ,Мебиус симптомы теріс.
Достарыңызбен бөлісу: |