Клиникалық есептер



бет6/7
Дата31.03.2022
өлшемі45,77 Kb.
#137406
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Êëèíèêàëû? åñåïòåð ¹9

Интоксикация синдромы: әлсіздік, басының қатты ауруы.

  • Тері синдромы: сол жақ балтыры мен аяқ басы ісінген, қатты қызарған, шекаралары айқын, терісі ыстық, айқын перифериялық валигі бар, пальпациялағанда ауырады.

  • Фебрильді синдром:  қалтырау, дене қызуы 38°,9 С дейін көтерілуі.



    2. Этиологиясы, эпидемиологиясы, патогенездің негізгі звеносы:
    Этиологиясы – стрептококк.
    Эпид.анамнез: Ауырар алдында жаңа аяқ киім киіп, аяғын сүріп алған.
    Тілме— терінің және шырышты қабықтардың жедел сарысулы немесе сарысулықанды қабынуымен сипатталанатын организмнің жалпы улануымен көрінетін инфекциялы дерт.


    Этиологиясы.
    А тобындағы бетта — гемолитикалық стрептококк тілме қоздырғышы болып табылады. Ауру қоздырғышы стрептококктың басқа да сероварлары болуы мүмкін, ал ауру ағымы ауыр жағдайда, патологиялық процесте т. б. микробтар, соның ішінде стафилококк та қатысады.


    Патогенезі.
    Организм сенсибилзацияланып оның жалпы және жергілікті антиинфекциялық қорғаныс факторлары төмендегенде тілме дамиды. Гетеро-және аутосенсибилизациялық факторлардың ішінде терінің және жалпы организмнің салқындауы, қажуы, созылмалы аурулардың өршуі, әртүрлі стресті жағдайлар жататынын атау керек. Терінің қарсыласу және бактериоцидтік белсенділігінің көп маңызы бар. Аурудың дамуы, әсіресе терінің стрептококкпен ұрықтанғанында ықтимал. Инфекция ену көзі тері, көп жағдайларда, оның жарақаттары эрозиялар, қабыну дерттері. Кей жағдайларда тілмеге организмнің туа біткен бейімділігі де байқалады. Организм сенсибилизацияланып оның иммундық қорғанысы бүзылады, қан қүрамында гистамин көбейіп және организмнің гистаминді залалсыздандыру қызметінің төмендеуі тілменің дамуына әкеліп соқтырады.


    3. Болжама диагнозды негіздеңіз:
    Шағымдар негізінде, физикалық тексеру, эпидемиологиялық анамнезға , анықталған синдромдарға қарап, алдын-ала диагнозы –Тілме.

    • Ауру тарихы: Ауру әлсіздік, дене қызуы 38°,9 С дейін көтерілуі, басының қатты ауруы, қалтыраумен басталған. Сонымен қатар сол жақ балтырындағы бұлшық еттері құрысып қатты ауырған. Ауруының 2-ші күні сол жақ балтыры керіліп ауырып, ісініп, қызарған. Қосымша диагнозы Қант диабетімен ауырады.Эндокринологта есепте тұрады



    • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет