оқытуға тиісті жағдайдың жетіспеушілігі , аймақтардағы дәлелді медицина орталықтарының тиімсіз қызметі;
2.2
дәрігерлердің дәрілік заттарды негізсіз тағайындауы (клиникалық
нұсқаулар мен денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярын ескерместен),
оның ішінде: ДЗ санының көптігі (полипрагмазия), соның нәтижесінде клиникалық
зардаптар болып табылатын жағымсыз жанама әсерлер(ЖЖӘ), емдеудің тиімсіздігі
және емделу құнының жоғарылауы;
2.3 микробқа қарсы препараттарды вирусты жұқпалы ауруларды емдеуде
дұрыс емес тағайындау мен қолдану , нәтижесінде тұрақтылықты тудыратын тиіссіз
мөлшерде антибактериалды препараттарды тағайындау;
2.3 пероралды препараттар жарамды болып табылатын көп жағдайларда
инъекционды дәрілік формаларды шектен тыс пайдалану , БМСК медициналық
ұйымдарында инфузионды терапияны қолданудың теріс тәжірибесі;
2.4
дәрігерлермен медикаментозсыз емдеу әдістерінің жеткіліксіз
тағайындалуы
: өмір салты, ұтымды диета, емдік дене шынықтыру және физикалық
белсенділігі бойынша;
2.5
дәрілік заттардың әдепке сай емес жылжуына ортақтасу және толық
түсінбеу.
3. Дәрілік заттарды дұрыс қолдану жөніндегі халықты ақпараттандыру саласында: 3.1 Медицина қызметкерлері мен кәсіби ұйымдар тарапынан дәрілік заттарды
дұрыс қолдану жөнінде науқас пен отбасы мүшелерін
оқыту тиімділігінің төмендігі ,
және соның нәтижесінде –
дәлелді
медицинаның
қағидаларына
негізделген
ұтымды
фармакотерапияға халықтың бейімділігінің болмауы;
ресурстардың ұтымсыз шығындалуына алып келетін, дәлелді базасы жоқ
дәрілерді қолдану;
популяциялық деңгейде денсаулыққа қауіп төнуі (антимикробты
төзімділік);
фармацевтикалық қызметті коммерциялаудың жоғарылауы мен «өз
бетінше емделудің» таралуы шегінде дәрілік заттардың ұтымсыз
пайдалануының өсуі ;