Клиникалық жағдай (CBL) Орындаған: Нұрболатов С.Н 658-топ,ЖТД -Науқас, 15 жаста, салмағы 60 кг, сырқатының 6-шы күні балалар жұқпалы ауруларының қабылдау бөлімшесіне дене температурасының жоғарлауына, әлсіздікке, мойын аймағының ісінуі мен жараның пайда болуына шағымданып келді. -Науқас, 15 жаста, салмағы 60 кг, сырқатының 6-шы күні балалар жұқпалы ауруларының қабылдау бөлімшесіне дене температурасының жоғарлауына, әлсіздікке, мойын аймағының ісінуі мен жараның пайда болуына шағымданып келді.
Түскен кездегі шағымдары:
Ауру анамнезі: - Бала 15.07.2020ж сырқаттанған,бет-мойын аймағы ісініп,қышып, кейіннен папулаға ауысқан қызыл дақ пайда болған. Үшінші күні қалшылдау, дене температурасының 38,7°С дейін жоғарлауы, басының ауырсынуы, қызыл папула фонында везикула пайда болды.
Эпидемиологиялық анмнезі: - Ауылда тұрады. Ірі-қара мал ұстайды. Ағасына бірге сиыр союға көмектескен. Ағасының қолы қызарып,ісінген.
- Сойылған сиыр өте әлсіз болған.
- Бұрын осы ауылда мал аурулары болып тұрған.
Өмір анамнезі: - Бала қалыпты, екінші босану кезінде туылған. Туған кездегі салмағы - 3400 гр.
- Ауырған аурулары ЖРВИ, ЖІИ, Бронхит.
- Аллергоанамнез – аллергиясы жоқ.
- «Д» есепте тұрмайды.
- Екпелерді күнтізбе бойынша алған.
Физикалық қарау мәліметтері: - Жалпы жағдайы интоксикацияға байланысты орташа ауырлықта. Енжар. Тәбеті төмендеген. Температурасы – субфебрильді.
- Баланың дене бітімі қалыпты, тамақтануы қанағаттанарлық.
- Перифериялық лимфа түйіндері пальпацияда ауырсынбайды; қолтық асты және шынтақ лимфа түйіндерінің өлшемі бұршақ тәрізді, қоршаған тінмен байланыспаған.
- Мұрын арқылы тыныс алуы қалыпты. Салытырмалы перкуссияда екі жақтан да өкпелік дыбыс. Аускультацияда везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. ТАЖ минутына 20 рет.
- Салыстырмалы тұйықтық шекаралары жасына сай. Жүрек тондары анық, ырғақты,ұшында функциялық мінезді систолалық шу естіледі. ЖСЖ минутына 86 соққы. АҚҚ-120/80 мм.с.б.б
- Тілі ақ жабынмен жабылған
- Ішінің пішіні дұрыс, пальпацияға барлық бөлімдері қол жетімді.
- Бауыры мен көкбауыры ұлғаймаған.
- Зәр шығаруы еркін, ауырсынусыз.
- Нәжісі пішінделген, қоңыр түсті.
Status localis: - Бет-мойын аймағында ауырсынбайтын, аздаған серозды-геморрагиялық бөліндісі бар, тері бетінен аздап жоғарлаған, көлемі 2х2см, ортасында некрозы бар жара анықталады.
- Жара айналасында шеттері қызарған өлшемі 1х1,5мм ұсақ көпіршіктер, олардың артынан тар депигментация аймағы бар.
- Карбункул айналасында жұмсақ, желатин сияқты консистенциялы ісіну, терісі көкшіл түсті. Ісіну аймағын саусақпен соққылағанда іркілдек тәрізді дірілдеу анықталады (Стефанский симптомы).
Болжам диагноз қойыңыз? - Болжам диагноз қойыңыз?
- Осы балада аурудың қандай белгілері бар?
- Қойылған диагнозға сәйкес тексеру жоспарын?
Сібір жарасы - Эпиданамнез –ауылда тұрады, ірі қара мал ұстайды. Бала ағасына ауру сиырды союға көмектескен.
- Бұрын ауылда малдың өлімі анықталған, себебі анықталмаған.
- Бет-мойын аймағында ауырсынбайтын,тері бетінен аздап жоғарлаған,көлемі 2х2см, ортасында некрозы бар жара анықталады.
- Регионарлы лимфаденит
-ҚЖА– Hb –121 г/л, Эр – 3,6 *1012/л, Л – 13,0*109/л, т-8%, сегм. – 65%, лимф – 25%, м – 4%, ЭТЖ – 19 мм/сағ. -ҚЖА– Hb –121 г/л, Эр – 3,6 *1012/л, Л – 13,0*109/л, т-8%, сегм. – 65%, лимф – 25%, м – 4%, ЭТЖ – 19 мм/сағ. -ЗЖА– сабан-сары, мөлдір, салыстырмалы тығыздығы – 1012, белок – 0,031 г/л, лейкоциттер – 1-2-3 к/а. -Зақымдалған тері учаскесінен бактериологиялық зерттеу нәтижесі - Bacillus anthracis анықталды. -ИФА нәтижесі – сібір жарасы антигендеріне антиденелер анықталды. -Қан ПТР нәтижесі оң. -Аллергилық сынама - нәтижесі: диаметрі 3 см дейін инфильтрат.
Жүргізілген зерттеулер:
Өткізілген зерттеу нәтижелеріне интерпретация жасаңыз? - Өткізілген зерттеу нәтижелеріне интерпретация жасаңыз?
- Қорытынды диагноз қойыңыз?
Диагноз: Сібір жарасы. - Зерттеу нәтижелерінде қабыну белгілері айқын. Барлық зерттеу нәтижелері Сібір жарасына оң нәтиже беріп тұр.
Достарыңызбен бөлісу: |