Клиникалық психология пәні және даму тарихына қандай шолу жасар едіңіз?



бет12/30
Дата05.01.2023
өлшемі88,1 Kb.
#165026
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30
Байланысты:
клиника ответы 1 (1)

11. Түйсік пен қабылдаудың бұзылуы

Гиперестезияқалыпты жағдайдағы табиғи, бейтарап тітіркендіргіштердің әдеттен тыс өткір және айқын қабылдануы. Бұл жағдайда күндізгі жарық соқыр қылады, кәдімгі дыбыстарға шыдау қиындап, иістер өткір түрде қабылданады. Мұңдай өзгерістер қатты шаршағанда, жіті аурулардың басы мен соңында болады. Гипостезия — гиперестезияға қарама-қарсы құбылыс. Айналадағы ортаны, анық емес, көмескі қабылдау.
Анестезия — сезімталдықтың толық жойылуы. Сенестопатиялар — адам денесінің әр бөлігінен (тері астында, бұлшықеттердің ішінде, кілегей қабатта) білінетін әр түрлі, ұнамсыз, ауыр сезімдер. Аурудағы мұндай сезімдерді анықтау кейде қиындыққа соқтырады. Ауру өзінің сезімдерін білдіру үшін «күйдіріп барады, басып тұр, қытықтайды, құйылып жатыр, тарсылдайды» деген сияқты сөздерді қолданады. Осындай жағдайда аурудың сенімді түрдегі шағымына қарамастан олардың ішкі ағзаларында ешқандай өзгерістердің жоқ екенін объективті түрде жүргізілген зерттеулер көрсетеді.
Қабылдаудың бұзылуына сағым мен елестеушілік жатады. Сағым (иллюзия)— айналадағы заттар мен құбылыстарды жалған және қате түрде қабылдау. Қиял жағдайында айналадағы нақты заттар мен құбылыстар өзгерген түрде қабылданады. Мысалы, иттің үргені адамның жылағаны сияқты қабылданады, не бір түп ағаш адам сияқты болып көрінеді. Сағым сау адамдарда да болады. Оның пайда болуына адамның қорқуы, күтуі, шаршауы, алаңғасарлығы әсер етеді. Түнде көшеде келе жатқанда бір түп ағаш пен бағана адам болып көрінеді. Біреуді күтіп отырған жағдайда бөтен дыбыстар сол адамның жүрісіндей болып білінеді. Мұндай сағымға аффектер (қорқу, куану т. б.) әсер етеді. Сондықтан олар аффектогендік сағымдар деп аталады.

Физикалық заңдылықтарға байланысты да сағымдар пайда болады. Оларды физикалық сағымдар дейді. Суы бар стақандағы қасық сынық болып көрінеді. Трамвайдың терезссінен қарағанда тротуардағы адамдар ұзын не қысқа болып көрінеді.



Кейде аурулар айналадағы адамдардың сөздерін өзіне қатынасы бар бұрмаланған түрде естиді. Ауруға катынасы жоқ айтылған әңгіме оның есімін атағандай, оған арнап жаман сөздер айтқандай болады. Мұндай есту сағымдары вербальды (лат. верба — сөз) деп аталады. Мұндай сағымдар тек психикалық ауру адамдарда болады. Метаморфопсия — заттың формасы мен көлемінің бұрмалануы. Микропсия — заттардың кішкене және алыста болып керінуі. Макропсия — заттардың үлкен және жақын болып керінуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет