Байланысты: 7-практикалық сабақ. Психологиялық кеңес беру және психотерапия негіздері.
Психотерапияның мақсаттары, міндеттері мен әдістері науқастың және аурудың нақты клиникалық сипаттамасымен анықталады:
пациенттің жеке ерекшеліктері және оның ауруға реакциясы;
аурудың этиопатогенезінің психологиялық факторлары;
аурудың нозологиялық тиістілігі және оның кезеңдері;
психотерапия жүргізілетін құрылымдық және ұйымдастырушылық шеңберлер.
Медицина дерттің өзі тудыратын, сондай-ақ емдеу барысында туындайтын психологиялық мәселелерге әр кезде де аса зор мән береді. Клиникадағы емдеу процесіне қатысушы ретінде маман психологтың пайда болуы соңғы уақытта ғана жүзеге асты. Бүгінде психиатриялық, наркологиялық және т.б. салаларда медициналық психолог мамандары бар. Қазіргі клиникалық медицинада ғылыми-техникалық прогресстің пайда болуы жеке алғанда тар салада мамандану мен аспаптық және лабораториялық зерттеу тәсілдерінен, емдеуден байқалады. Сол себепті науқас адамның әр түрлі дәрігерлермен кездесуіне және олармен қатынаста болатын уақыттың қысқаруына тура келеді. Кейде дәрігерде пациент жөнінде бір тұтас пікір қалыптаспайтын кез пайда болады.