Күн энергетикасы дегеніміз – дәстүрлі емес энергетика бағыттарының бірі. Ол күннің сәулеленуін пайдаланып қандай да бір түрдегі энергияны алуға негізделген. Күн энергетикасы энергия көзінің сарқылмайтын түрі болып табылады, әрі экологиялық жағынан да еш зияны жоқ. Күннің сәулеленуі – Жердегі энергия көзінің негізгі түрі. Бұл келіп түскен энергия әр түрлі табиғи және жасанды процесстерде қолданылады. Күн сәулесі арқылы тікелей жылытуға немесе фотоэлементтер көмегімен энергияны қайта өңдеу арқылы электр энергиясын алуға не басқа да пайдалы жұмыстарды атқаруға болады. Әлемдік энергия саласында күн энергиясы басымдыққа ие болып келеді. Күн энергиясының өзіне көңіл аудартатын мынадай себептері бар:

Күн энергиясы біздің планетамыздың барлық нүктесінде қол жетімді, сондықтан ол барлық елдер үшін энергиялық тәуелсіздікке қол жеткізетін болғандықтан қызықтырады;
Күн энергиясы – бұл қоршаған ортаға зияны жоқ экологиялық таза энергия көзі;
Күн энергиясы – бұл миллиондаған жылдар бойы қолдануға болатын таусылмайтын энергия көзі болып табылады.
Күн энергетикасы (Гелиоэнергетика; гр. helios — күн, және энергетика) — күн энергиясын әр түрлі амалдар арқылы (электрэнергиясын және жоғары температуралы жылу өндіретін гелиоэлектростанциялар, күн элементтері мен батареялары, үй-жайларды, жылыжайды және т.б. жылыту мақсатымен төмен температуралы жьшу алу үшін қолданылатын күн коллекторлары және т.б.) пайдалану. Мысалы, Батыс Еуропада тұрмыста күн коллекторын пайдалану. Күн қуаты - шешуші экологиялық факторлардың бірі. Атап айтқанда жарық жерде өмір сүретіндердің барлығына дерлігін фотосинтез арқылы энергиямен және құнарлы заттармен қамтамасыз етеді. Тірі ағзалар үшін сөуле толқынының ұзындығы, оның қарқындылығы және сәулелендірудің ұзақтығы қажет. Күн сөулесінің спектрі үш аймаққа бөлінеді, өлар: ультракүлгін, көрінетін жәнө инфрақызыл сәуле шығару аймағы