Күні : 08. 04. 2015 ж тжтұР-9-141 тобы Тақырыбы



бет3/9
Дата13.08.2017
өлшемі2,8 Mb.
#23465
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Көмірсулар - химиялық құрамы Сm(H2O) n яғни көмірсутек, су, аты осыдан шыққан) формуласымен өрнектелетін табиғи органикалық қосылыстар класы. Көмірсулар деп аталу себебі олардың алғашқы зерттелген өкілдері (С6Н12О6) су мен көміртегі атомынан құралған. С(Н2О)- жалпы формуласы.
Көмірсулардың үлесіне өсімдіктердің 80%, ал жануарлардың 20% құрғақ заттары жатады.


Көмірсулардан маталар, қағаз және қопарылғыш заттар алынады. Көмірсулар қарапайым заттардан су мен СО2 күн сәулесінің энергиясын пайдаланып, жасыл пигмент хлорофильдің қатысумен синтезделеді. Бұл процесті фотосинтез дейді. Көмірсулардың классификациясы олар үш класқа бөлінеді:

Моносахаридтер - қарапайым қанттар, олар гидролизденбейді, бұлар – глюкоза, фруктоза, пентаза, гексоза.

Дисахаридтер - әр молекуласы екі моносахаридтерден тұрады (сахароза, лактоза).
Полисахаридтер - өте күрделі, заттар, гидролизденгенде көп молекула моносахаридтер түзеді (крахмал, клетчатка).

Моносахаридтер - Табиғатта ең көп тараған молекуласында бес (пентоза)
немесе алты (гексоза) көміртек атомы бар көмірсулардың бір түрі.
Көмірсулардың қарапайымы – моносахаридтер. Моносахаридке жүзім қанты – глюкоза, жеміс шырынында және балда көп мөлшерде кездесетін фруктоза, нуклеин қышқылдары мен АТФ - ның құрамына кіретін рибоза мен дезоксирибоза т. б. жатады.Моносахаридтер – суда жақсы еритін, тәтті дәмі бар түссіз заттар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет