Күні : 22.10.15 Сыныбы: 6 «ә»
Пәні: «Технология»
Мұғалімі: Омурзакова А.Б.
Жамбыл облысы
Қордай ауданы
Қарасу ауылы
№ 7 А.Пушкин атындағы ОМ
Тақырыбы: « Қазақ ұлттық ою-өрнектерін негізгі бөлшекке жапсыру»
Күтілетін нәтиже: оқушылар ою-өрнектерді сипаттай алады, шығармашылық қабілеттері дамиды, өз ойларын анық, еркін жеткізе алады, жұптық, топтық жұмыс арқылы ынтымақтастық қарым-қатынас орнайды.
Мақсаты: оқушыларға қазақтың ұлттық оюларына сипаттама беру;шығармалықтарын толық дамыту; қолөнерге деген қызығушылықтарын арттыру.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: формативті бағалау, топтық, жұптық жұмыс «Миға шабуыл», постермен жұмыс.
Ресурстар:стикерлер, интербелсенді тақта, бағалау парақтары.
Ұйымдастыру кезеңі: 1) ою-өрнектері арқылы топқа бөлу.
Үй тапсырмасын тексеру : «Миға шабуыл». Доп лақтыру арқылы сұрақтарға жауап алу(топ ерекшелігін іліп қою.)
Жаңа сабаққа кіріспе
Сабақтың эпиграфы:
Таудың бұлағынан,
Қойдың құлағынан,
Апамның киізінен
Ешкінің мүйізінен.
Ә.Қастеев.
Сұрақ:
Әбілхан Қастеев деген кім?
Ол мүсінші, суретші.
Оның қандай туындарын білесіңдер?
Әбілхан Қастеев туралы қандай өлең жолдарын білесіңдер?
Олай болса, балалар мына өлең жолдарын мұқият оқып,бүгінгі сабақта не жайлы әңгіме қозғайтынымызды біліп алайық.
Бұл өлең жолдарында не туралы және қай қолөнер түрі сипатталып отыр(қазақ ұлттық қолөнері ою-өрнектер туралы)
Дұрыс, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Қазақ ұлттық қолөнері,ою-өрнектер»
Ендеше сабақтың келесі кезеңі – теориялық білім алу.
Қазір сіздерге мәтін таратылады.
Әр топ мүшесіне 1 абзацтан оқу керек.
Сіздер өз абзацтарыңызды оқисыздар, топ ішінде талқылайсыздар, мазмұнын айтып, бір-біріңді толықтырыңыздар(стикер жапсыру) ,постер бетіне түсіріп қорғаңыздар.
Бағалайсыздар(бағдаршаммен)(оқушылар талдайды, қорғайды бағдаршаммен бағалау кезде қойған бағаларын сипаттайды.)
Мысалы: неліктен сары түсті көтердің?
– Жауап: Себебі ол ...........
Сергіту сәті: Шеңбер құрып картоп егу.
Көктем келді. Жер жыртамыз. Одан кейін шұңқыр қазамыз .Шұңқырға картоп саламыз, тегістейміз, одан кейін түбін тегістейміз. Күз келді. Картопты қазып аламыз, қайтадан тегістейміз.
2 кезең. Сарамандық жұмыс:
Ал, енді сарамандық жұмысқа кірісеміз. Біріншіден, техникалық қауіпсіздікті сақтаймыз.
Тапсырма:
Мына жазық тақтайшаға өздеріңнің орындауларына қарай компазиция құрастырамыз.
Туындылардан бір шумақ өлең жолдарын құрастырамыз ,сол арқылы әңгімелейміз.
Бүгінгі сабақта не туралы әңгімеледік?
Қысқаша айту. Алдындағы жұлдызшаларды жақсы түсіндім.
Сары - не ұнады, не ұнамады?
Жасыл – жартылай түсіндім, нені түсінбедім?
Қызыл - мүлдем түсінбедім.
Бағалау: Бағалау парақшаларына баға қою.( критерий бойынша)
Әр топбасшы бағаларын айтып кетеді.
Үйге тапсырма: ою-өрнектен компазиция құрастыру
Аты-жөні
|
Үй тап.сұрау
|
Жаңа сабақ
|
Сарамандық жұмыс
|
ұпайы
|
бағасы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |