Күні:12/09/15 Сыныбы: 3 «В» № 5 Пәні: қазақ тілі Тақырыбы: «Э дыбысы». Мақсаты:1)Оқушыларға э дыбысы туралы түсінік беріп, оның жазуда қолданылуы, және ережесімен таныстыру;
2)Оқушылардың сөздік қорларын молайту, ойлау қабілетін дамыту;
3) Сауатты жазуға дағдыландыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ меңгерту
Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік, жаттығу,
Көрнекілігі: тақта, бор, оқулық, тақырыпқа байланысты суреттер
Кезеңдері
|
Өту барысы
|
Ұйымдастыру кезеңі:
|
-Сәлеметсіздер ме, балалар!
-Көңіл-күйлерің қалай?
|
Психологиялық дайындық
|
-Бүгінгі сабағымызды көңілді өткізу үшін сендермен біраз сергіп алайық.
Айналаға алақанмен,
Жылулықты шашайық.
Сәттілік тілеп, күлімсіреп,
Біз сабақты бастайық.
Жарайсыңдар!
- Отырыңдар.
|
Үй жұмысын тексеру
|
Оқушылар үй жұмысына қандай тапсырма берілді? Яғни үйге барлық ережелерді қайталап келуге, сонымен қатар а, ә, б дыбыстарының емлесін жазып келуге берген болатынмын.Оқушылар үй тапсырмасына барлығымыз дайындалып келдік пе?Жарайсыңдар! Барлығымыз қайталап келген екенбіз.Ендеше тексерейік.
|
Өткен сабақты қайталау:
|
Оқушылар жаңа сабағымызды бастамас бұрын осы күнге дейінгі тақырыптарымызды бір қайталап өтсек өтейік.Оқушылар қазақ тілінде неше әріп бар?Оқушылар біз өткен сабақта у әрпінің жазылуы мен дыбысталуын өткен болатынбыз.Ал, ендеше у әрпі қандай дыбыс?У дыбысы қай кезде дауысты, ал қай кезде дауыссыз?У әрпі кездесетін қандай сөздерді білеміз?Егер у әрпіне аяқталған сөздерге ы, і әріптері қосылса у әрпі жазыла ма?
Жарайсыңдар!
|
Жаңа сабақ:
|
Оқушылар бүгінгі біздің тақырыбымыз «Э дыбысы».Оқушылар біз бірінші сыныпта э дыбысының жазылуымен мен оқылуын өткен болатынбыз.Э- дауысты дыбыс,себебі өкпеден шыққан дыбыс ешқандай кедергіге ұшырамай шығады.Тілдің қатысына қарай Э дыбысы жіңішке, жақтың қатысына қарай ашық, Еріннің қатысына қарай езулік.
|
Дәптермен жұмыс:
|
Оқушылар енді дәптеріміздің бетін ашып бүгінгі күнді, сынып жұмысын және бүгінгі тақырыбымызды жазып қояйық.
|
Оқулықпен жұмыс:
|
Оқушылар енді оқулығымыздың 16-17 бетін ашып, бүгінгі тақырыбымызға байланысты берілген жаттығуларды орындайық.
|
Дәптерге, ауызша жаттығулар орындау:
|
1-жаттығу.Бос торкөздерді э дыбысынан басталатын сөздермен толықтыр.
Эссе, экран, электр, экипаж, элеватор, электровоз.
Жарайсыңдар!
2-жаттығу. Өлеңді жатқа жаз.Э және е дыбысы бар сөздержің астын сыз.Бұл дыбыстардың айтылуын өзара салыстыр.Электр қуатының адам өмірінде алатын орны қандай деп ойлайсыңдар.
Өте жақсы!
3- жаттығу.Берілген сөздердегі көп нүктенің орнына э, е әріптерінің тиістісін қойып, бояу реңі бойынша сөйлемдер құрап айт.
Көшеде электр шамы жарқырайды.Ұшақ экипажсыз орнынан қозғалмайды.Балалар экран кинотеатрына билет алды.Бәрінен де қызық эстафета ойнау болды.
Өте жақсы!
|
Сергіту жаттығуы:
|
Жаздық, жаздық өзіміз
Талып қалды қолымыз
1,2,3
Демаламыз жинап күш
Кілең 5 – тік аламыз
Үйге қуанып барамыз
|
Дәптерге, ауызша жаттығулар орындау:
|
5-жаттығу.Жұмбақтың шешуін тап
Жарайсыңдар!
6-жаттығу.Эстрада әндерін немесе халық әндерін айтатын әншілер туралы білетініңді әңгімелеп жаз.
Өте жақсы!
7-жаттығу.Электр шамы туралы жұмбақ құрастыр.
Жарайсыңдар!
8-жаттығу.Суреттегі заттардың алғашқы әріптерінен сөз құрап оқы.Шыққан сөзге әңгіме құрап айт.
|
Сергіту жаттығуы:
|
Өзен жағасында,
Ара тістеп алды,
Аюдың мұрнынан,
Ой – ой – ойбай
Айғайлады
Жылап отырып,
Өлең айтты
Парам – парейром – хей
Парам – парейром –хей
Хей – хей – хей
|
Үйге тапсырма:
|
Оқушылар енді күнделігімізді ашып үйге тапсырма жазайық, үйге:4-жаттығу, 17-бет.
|
Бағалау:
|
Оқушылар біз бүгін барлығымыз жақсы жұмыс істедік ендеше бағалайық «өте жақсы», «жақсы», «қанағат».
|
Бекіту:
|
Сонымен балалар біз сендермен бүгінгі сабақта қандай тақырыппен таныстық?Сабақ ұнады ма?
|
Қорытындылау:
|
Оқушылар э әрпі қалай жазылады?Оқушылар э қандай дыбыс?
-Осымен бүгінгі біздің сабағымыз аяқталды,қазақ тілдерінді жинап келесі сабаққа дайындалып үзіліске шығып келіңдер.
|
Достарыңызбен бөлісу: |