Ортаңғы «Бүлдіршін» тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Күні:15.01.2020ж
Тәрбиеші:Торина Самал Аблайхановна
Білім салалары: қатынас, шығармашылық.
Бөлімі: сөйлеуді дамыту, сурет.
Өтпелі тақырып: «Қардың пайдасы»
Тақырыбы: «Қар жамылған ағаштар»
Тәрбиелілік: Табиғатты сүйе білуге, аялауға, қорғай білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Сөзбен жеткізе білуге, ойлау қабілеттерін дамыту.
Оқыту: Балалардың қыс мезгілі туралы білімдерін кеңейту. Табиғат құбылыстарының сұлулығын сезіну.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, ойын, АКТ.
Сөздік жұмыс: қар жамылған ағаштар
Билингвалды компонент: Қыс-зима, қар-снег, аяз-мороз
Қолданылатын көрнекі-құралдар: Қыс бейнесі суреттері, орман бейнесі бейнеленген алаң, қар, ағаштың суреттері, гуашь, сүлгі т.б
Оқу қызметінің барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілінде ауа-райы қандай болады?
-Қыс мезгілінде адамдар қалай киінеді?
-Қыста балалар қандай ойындар ойнайды?
-Қардан аққала жасап, қар лақтырып, шана, шаңғы теуіп ойнайды.
ІІ.Негізгі кезең:
-Қыста орман сондай тамаша болады. Менімен орманға барғыларың келе ме? Онда менің артымнан еріңдер.
(Бораннын дауысы жазылған әуен естіліп тұрады.)
Тәрбиеші: -Балалар боран соғып тұр. Беттерін тоңдырып алмандыр, қолдарымен бораннан қорғанайық. Міне орманға да жеттік. Орманның ауасы неткен таза. (Тыныс алу жаттығуы. Қане біріміз терең дем алайық)
Тәрбиеші: Ағаштарға қарай жүрейік
Қармен жүрген дауыстар естіледі.— Қырт-қырт
Балалар, ненің дыбысы естіледі?
— Ал қардың неліктен сықырлайтындығын білесіңдер ме?
— Бүгін күн суық, аяз болғандықтан сықырлайды екен.
— Ал күн сәл жылынса, қар сықырламайды.
— Балалар , айнала көз салыңдаршы, не байқап тұрсыңдар? Балалар, ағаштарға қараңдаршы, қандай өзгеріс байқап тұрсыңдар?
Дұрас айтасыңдар, ағаштар қар жамылған. Ағаштардың бұтақтары майысып тұр. Олардың бұтақтарына қар жабысып қалған.
Мына ағаш қандай?
Ал мына ағаш қандай? Екеуін салыстырайық.
Бұл ағаштар да қар жамылған. Ал қысқы күнгі суықты аяз деп айтамыз. Қане, бәріміз қайталайық
Билингвалды компонент: Қыс-зима, аяз-мороз, қар-снег
-Жарайсыңдар! Балалар орманда қанеки бір ойын ойнайық.
Д/о: «Қарама-қарсы» (Педагог жетекшілігімен жүргізілетін ойын)
Мақсаты: тәрбиешінің сөзін жалғастыру.сөздік қорларын дамыту.
Мысалы:
Жазда күн ыстық, ал қыста күн...... (суық)
Жазда суға шомыламыз, ал қыста ......(сырғанаймыз)
Жазда күн ұзарады, ал қыста күн .......(қысқарады)
Жазда құммен ойнайсыз, ал қыста ...... (қармен)
-Жарайсыңдар! Ал енді келесі ойынымызды ойнаймыз.
Д/о: «Қыс туралы айтып бер» (Құрылымдалған ойын)
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын дамыту. Өз ойын толық жеткізуге үйрету.
Бұл жерде балаларды екі топқа бөлу.
1 топ. Қағаз бетінде қысқа байланысты суреттерді сызу арқылы көрсетеді.
2топ. Берілген сурет бойынша әңгіме құрастырады.
Саяхатымызды жалғастырайық.
Орманда суық екен тоңдандар ма? Қанеки жылынып алайық. Сергіту жасап алайық.
Сергіту сәті:
- Боран соққанын қимылмен қалай көрсетеміз?
(Қолдарын жоғары көтеріп, гуілдейді)
- Қатты аяз болып тоңғанда не істейміз?
(Қолдарын қусырып, аяқтарын топылдатады)
- Ал күн шыққанда не істейсіңдер?
(Алақай, деп қолдарын көтереді)
Дәстүрден тыс сурет салғызу. Дайын ағаштың, шыршаның үстіне қардың суретін салу. (көк қағаз, гуаш, сүлгі)
ІІІ.Қорытынды:
— Балалар біз қайда бардық?
— Сендерге саяхат ұнады ма?
Нелерді көрдік?
Қыста қандай ойындар ойнаймыз?
Осы ойындарды не үшін жазда ойнауға болмайды?
Демек, қыстың көркі қар екен.
Жақсы қатысқан балаларды мақтау, мадақтау.
«Қостанай қаласы әкімдігінің»Қостанай қаласы әкімдігінің
білім бөлімінің №13 бөбекжай-бақшасы МКҚК
Ортаңғы «Бүлдіршін» тобының ҰОҚ-нің конспектісі
Білім салалары: шығармашылық, қатынас.
Бөлімі: сурет, сөйлеуді дамыту.
Өтпелі тақырып: «Қардың пайдасы»
Тақырыбы: «Қар жамылған ағаштар»
Тәрбиеші:Торина Самал Аблайхановна
Қостанай 2019 жыл.
Достарыңызбен бөлісу: |