Іс-әрекет кезеңі
|
Мұғалім-сурдопедагогтың іс-әрекеттері
|
Балалардыі әс-әрекеттері
|
Ұйымдастыру кезеңі:
|
Сәлеметсіңбе, Жанерке!
Көңіл-күйің қалай?
Тақтадағы смайлдармен өз көңіл-күйіңді көрсетші.
|
Сәлемдесу.
Көңіл-күйіне сәйкес смайл таңдайды.
|
Мотивация
|
Жанерке қарашы, бүгін бізге қонаққа кім келді ? Дұрыс айтасын қуыршақ! Қуыршақтың есімі Айша. Айшаның қолындағы корзинасы бос екен. Ол бізден көмек сұрап тұр. Жемістерді жанап әкеле жатқанда, себеттегі жемістерін қасқыр ұрлап алып кетіпті. Кел, Айшаға көмектесейік пе? Жеміс ағаштарына бара жатқан жолымыз қызықты болуы үшін тапсырмалар оырндайық. Айшаға өзіміздің қандай ақылды, білімді екенімізді көрсетейікші !
|
Мұқият тыңдау.
Жауап беру.
|
Негізгі бөлім
|
Ең бірінші біз Айшаға тыныс алу жаттығуын көрсетейік: Ол үшін жыланнан жасалған үрмелі тілшемізді тетіктен үрлейік. Кімнің тілшесі ұзын болады екен.
Енді артикуляциялық жаттығуларды қалай жасайтынымызды көрсетейікші. Айнаға қарап жаттығуымызды еске түсірейік. Менің соңымнан қайтала.
Артикуляциялық жаттығуларды орындау:
«Әткеншек»
«Сағат»
Тілді жіңішкертіп ұстап оңға, солға жайлап қозғау керек. Осылай санап отырып 15-20 рет қайталау керек.
«Футбол»
4.«Алтыбақан»
Тілді үстіңгі тіспен астыңғы тіске тигізу.
Фонетикалық ритмика
Түрлі түсті буындарды айтқызу.
Дауыс күшін дамыту:«Қатты, ақырын»ойыны
Айшаға қандай ақылды екенімізді көрсеттік. Енді білімділігімізді көрсетейік: Жемістермен танысу. Мнемотехника әдісін пайдалану.
|
Мұғалім соңынан ілесіп қайталау, жауап беру.
|
Сергіту сәті
|
Бала бала балақан
Қане қайсы алақан
Саусақтарың әйбат
Былай- былай ойнат
Топ- топ- топ- топ басайық
Жалаудан күн жасайық
Жаса-жаса алтын күн
Жаса-Жаса жарқын күн.
|
Қимылдарды қайталап орындау.
|
Дидактикалық ойын
|
Артық затты алып тастау.
Көп-аз ойынын ойнау.
|
|
Ұсақ-қол моторикасы
|
Сиқырлы бақшаны көрсету, Айшаның корзинасына жинау. Меңгерілген білімдерді қайталап сұрақ- жауап алмасу арқылы бекіту.
|
Көкеністерді корзинаға жинау.
Жауап беру.
|
Рефлексия.
|
Сабақ ұнаса тиісті смайлдерді таңда. Айша саған алғысын білдіреді.
|
Смайл таңдау.
|
Қорытынды.
|
Бүгін бізге қонаққа кім келді? Біз не істедік?
Сабақ аяқталды.
Сау бол.
|
Сұрақтарға жауап беру.
Қоштасу.
|