Мотивациялық-қозғаушы кезең:
Іздену-ұйымдастырушы кезең:
Рефлексивті-түзетуші кезең:
|
Шаттық шеңбері:
Кіп- кішкентай баламыз Өсіп- өніп толамыз Күнге қарай талпынып Көкке қанат қағамыз Әлемде бар адамға Тек жақсылық тілейміз
Сәлеметсіздерме, апайлар Сәлем, достар дейміз
Шеңберде тұрған балаларға дөңгелектің, үшбұрыштың суреттерін тарату және «дөңгелекті» алғандар бір үстелге, «шаршыны»алғандар бір үстелге бөлініп отырады. Балалар, біз бүгін сендермен геометриялық пішіндерді ажыратуды, жұмбақтар құрастырып, оны шешуді үйренуді жалғастырамыз. Ол үшін ұлттық «Ханталапай» ойыны арқылы интелектуалды жарыс ұйымдастырайық.
Ойын шарты: ойын барысында берілген тапсырмаларға дұрыс жауап берген топ, қоржынына асық салып отырады. Ойын соңында қай топ көп асық жинаса, сол топ жеңімпаз болады.
Алғашқы жарысты бастайтын топты анықтау үшін екі топтан бір баладан шығуы тиіс. Тапсырма: «Ханталапай». Талапай- ау, талапай, Табылды ойын, алақай! Асықты алға шашамыз,
Талапайға басамыз Шарты: шашылған асықты кім көп жинаса, сол топ жарысты бастайды.Тук тук тук.Есікқағылады.«Ғажайып математика» патшалығынан қонақ келу.Армысыңдар бақытты бүлдіршіндер мекені!Мен ғажайып математика патшалығынан сендерге келдім. Балалар менің сендерге алып келген бірнеше тапсырмаларым бар. Топтық жұмыс: (1,2 тапсырма) 1-Тапсырма:пішіндерді ата қазақша, орысша,ағылшынша. («дөңгелек», шаршы.) 2-Тапсырма: Пішіндердің түстерін ажыратып,айырмашылығын түсіндір. (шаршы қызыл,дөңгелек сары ). 3—тапсырма: Пішіндерді боя. Ол үшін балалар бізге жумбактар жасырған екен.Ал,жұмбақ мына шардың ішінде екен,оны қалай аламыз. -Дұрыс айтасың,шарды жару керек. Шуақ шашқан күнге ұқсаймын көбірек,менің атым(.......) Теледидар таныс екен баршаға,ал пішінім ұқсайды екен(.......) Суретпен жұмыс. Мақсаты:Геометриялық пішіндерді айта білуге үйрету. Көрнекілік: Геометриялық пішіндер. Ойын шарты:Тақтаға геометриялық пішіндер қойылады.Балаларға көздерін жұмғызып бір пішінді алып қояды. Кандай пішін жетіспейді? Сергіту сәті: Бойыңды сергек тік ұста. Емін –еркін тыныста Деміңді ішке тез алда, Сол қолыңды соз алға, Қол ұшына қара да, Шаршыны сыз ауада, Оң қол да бос тұрмасын, Шеңбер жасап зырласын 4-Тапсырма: Дидактикалық ойын: (жеке жұмыс) Балалар, геометриялық пішіндерді,түстерді ажырата білсек, енді «Ғажайып математика»еліне бару үшін вагондарға дөңгелек қурайық. «Вагондарға дөңгелек таңдау» Ойынның мақсаты:геометриялық пішіндерді ажыратуға, қасиеттерін білуге жаттықтыру, ойлауқабілетін дамыту. Құрал-жабдықтары: қағазға салынған вагондар, әртүрлі геометриялық пішіндер. Ойынның мазмұны:Балалар вагондарға лайық дөңгелектерді әртүрлі пішіндердің ішінен табады. Балалар,бүгін біз не үйрендік?Қандай ойын ойнадық?( «» ойынын ойнадық) Балалар асықтарды өздері санап, қай топтың сандығында асықтың көп екенін айтады. Екі топтың қоржынындағы асықтарды санап жеңімпазды анықтау, қошемет көрсету Балалар, сендерге бүгінгі оқу іс-әрекеті ұнады ма? Қай тапсырма ұнады? (Балалар жауабы) Өте тамаша балалар.
|
Балалар тәрбиешімен бірге шаттық шеңберді қимыл көрсете отырып орындап шығады.
Балалар амандасады. Сәлеметсіздерме, апайлар Сәлем, достар дейміз.
2топқа бөлініп отырады, 1-топ «дөңгелектер» тобы, 2- топ «шаршы» тобы болады
Ойынға белсене әрі қызыға ойнайды.
1-тапсырманы орындап шығады.
Шаршы көк,айырмашылығы оның бұрыштары бар.Топта шаршыға ұқсас терезе бар.Ал дөңгелектің түсі қызыл.дөңгелек күнге және допқа ұқсайды.
-дөңгелек
-шаршыға
Пішінді табады.
Балалар тәрбиешімен бірге сергіту сәтін орындап шығады.
Балалар үлестірмелі материалдармен жұмыс жасайды.
-Геометриялық пішіндерді ажыратып,түстерін тануды.
Ханталапай ойыны
Балалардың жауабы.
|