MS Excel-де төмендегі жаттығуларды орындау:
10-беттегі жаттығу:
А1 ұяшығына Астана – Қазақстан Республикасының бас қаласы деген мәтін енгізіңіз.
В1 ұяшығына Верный қаласының Алматы деген атқа өзгертілген жылын теріп жазыңыз. (1921).
С1 ұяшығына үстіміздегі жылды жазыңыз.
С1 ұяшығына ағымдағы күн, ай, жыл мерзімін енгізіңіз;
D1 ұяшығына =C1 – B1 формуласын енгізіңіз. Ұяшықта қандай мән пайда болды? Бұл сан Алматы қаласына неше жыл болғанын көрсетеді.
Мәліметтердің ұяшықта қалай орналасуына назар аударыңыз.
Қазалы қаласы үшін осы әрекеттерді студенттердің өздері ұйымдастыруын тапсыру.
Студенттің жасын анықтайтын формула енгізу – өзіндік жұмыс.
Назар аударыңыз:
Мәліметтер енгізілісімен олар есептеу процесіне араласып, өздеріне қатысты ұялардағы нәтижелік мәліметтерді бірден өзгерте бастайды.
Электрондық кестемен жұмыс жасау, олармен түрлі әрекеттер орындауды студенттер берілген тапсырмалар мен таралымдық материалдар бойынша орындап, жаттығады.
|