Күні Өткізілген жұмыс барысы Баға


Күні Өткізілген жұмыс барысы



бет3/6
Дата20.06.2022
өлшемі344,87 Kb.
#146889
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
кунделик

Күні

Өткізілген жұмыс барысы

Баға

Қолы

14.04.2021

Мен бүгінгі Мемлекеттік тәжірибелік жұмысымды ішкі аурулар пәні бойынша Терапиялық емхана бөлімше-сінде,12-ші,кабинетте жалғастырдым. Бұл участкелік кабинетте,науқастарды қарау,қабылдау жұмыстары жүргізіледі. Бұл кабинетте дәрігер және екі мейрбике бар. Менің тәжірибелік жұмыс уақытымда қабылдауға 57 жастағы Сармакова Е. есімді науқас басының ауырып,ұйқысының болмауына шағымданып науқас келді.Дәрігер науқастан барлық мәліметтерді алып,оны ДамуМед порталы КМИС-қа тіркеді.Онда науқастың мекен-жайы,телефон нөмері,жұмыс орны тағы да басқа мәліметтер алды. Мен пациенттің қан қысымын өлшедім. Пациентпен сенімді қарым қатынас орнатып , ыңғайлы отырғанына тексердім.
Манжетті сол жақ қолға орналастырып , қолдың жүрек деңгейінде орналасқанына көзді жеткіздім.
Манжетті дұрыс орналастыру ( манжетпен қолдың арасынан бір саусақ өту керек ) .Иық артериясындағы пульсті анықтағаннан кейін , шынтақ шұңқырына фонендоскопты орналастырдым.
Сфигмоманометрдің вентилін жауып , пульс жоғалғанға дейін грушамен ауаны толтыра үрледім .
Вентилді аштым және баяу ( 2 мм / сек артпай ) манжеттен ауаны шығардым
Бір мезгілде фонендоскоппен иық артериясын тыңдап және манометрдің шкаласындағы көрсеткішті бақылап отырдым.Алғашқы тонның пайда болуы кезіндегі монометрдегі көрсеткішті систолалық қысым ретінде белгіледім.Тонның жоғалуы кезіндегі монометрдегі көрсеткішті диастолалық қысым ретінде белгіледім. Науқасқа нәтижені айттым. Нәтиже 90/130. Нәтижені дәрігерге хабарлап,тіркедім. Дәрігер науқастан басқа да шағымдарын сұрап,анализ алуға жолдама берді.
Мен науқасқа анализ парақтарын толтырып бердім. Жалпы Зәр анализі, Жалпы қан анализі 9-шы кабинетке барып тапсыратының. Биохимиялық қан анализін 5-ші кабинетке тапсыратының айтып түсіндірдім. Барлық анализ таңғы уақытта,аш қарында және сағат 10 ға дейін тарсырылу керек екенің ескерттім. Бүгінгі жұмысымды аяқтадым.











Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет