Күні: Пәні: Физика Пән мұғалімі: Ибрагимова Г. О



Дата23.08.2017
өлшемі27,57 Kb.
#25252
түріСабақ
Сабақ жоспары

Сыныбы:

8 в


Күні: Пәні: Физика

Пән мұғалімі: Ибрагимова Г.О.


Сабақтың тақырыбы:

Әртүрлі ортадағы электр тогы. Металдардағы электр тогы.

Сілтеме:

www.cpm.kz

Б.М.Дүйсембаев, Г.З.Байжасарова. А.А.Медетвекова. Физика. 8 сынып



Мақсаты:


Білімділік: Әртүрлі ортадағы электр тогы туралы түсінік беру.

Тәрбиелік: Тақырыпты түсінуде, меңгеруде топтық жұмыстар орындай отырып, өзара ынтымақтастық орнату.



  • Дамытушылық: Оқушыларға сұрақтар қоя отырып, сыни ойлау дағдысын

  • арттыру. Жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, өзіндік талдай жасай білу мен

  • қорытынды жасай білу қабілеттерін арттыру. Әрбір орындалған тапсырма

  • үшін өзінің іс-әрекеті бағалай білуге, өзгені бағалай білуге дағдыландыру.  



Оқыту нәтижесі:

  1. Күтілетін нәтиже:
    1. Оқушылар өз бетімен жұмыстануға дағдылану.
    2.Өз ойын айтып, дәлелдеуде сөздік қоры артады.
    3. Сыни ойлайды.

Негізгі (түйінді) идеялар:

Айналадағы құбылыстардың физикалық мәнін түсіну.

Сабақ жүрісі:

Ұйымдастыру: Сыныппен сәлемдесіп, сабаққа әзірліктерін бақылаймын. Сыныпты топқа бөліп жұмыстанамыз.

Тапсырмалар

Тапсырманың сипаты

Берілген тапсырманы орындаудағы қолданылған тәсілдер

Білу. Өтілген тақырыптар бойынша білім көрсету: Металдардағы заряд тасымалдайтын қандай бөлшектер?

Жеке, топтық жұмыс

Түсіну. Бұлтсыз күнгі шіркейлер тобын көрдіңіз бе? Көрсеңіз. Оның қозғалысын сипаттап беріңіз.

Топтық жұмыс

Қолдану. Осыған ұқсас табиғат құбылыстары бар ма? Өмірден мысалдар келтіріңіз.

Жеке, топтық

Талдау. Металдар өткізгіштігінің электрондық теориясының эксперименттік дәлелдемелерін жасаған кімдер, қай жылдары жасалған?





Жинақтау. Алған білімдерінің физикалық маңызын түсіне отырып, күнделікті болып жатырған, байқалмайтын құбылыс екендігін ұғыну.

Салыстыру нәтижелерін, түсіндіру.



Бағалау. Металдардағы электр тогы электрондардың қозғалысынан туатынын дәлелдейтін тәжірибенің маңыздылығы қандай және ол тәжірибе қалай жасалды деп ойлайсыз?

Өз көзқарасыңды, ойыңды дәлелде.

Ресурстар:

Компьютер, тақта.

Келесі тапсырмалар:

Өтілген тақырыптарды қайталау.

Келесі (қосымша) оқу:

Келесі тақырып бойынша сұрақтарға дайындық жасау.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет