Күні:______________
Сыныбы:________
Аты-жөні:_______________________________________
«Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Оқу мақсаты
|
5.1.3.1 Күнделікті тұрмыстық тақырыптарға байланысты жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсіну.
5.2.3.1 Ауызша мәтіндер құрауда қазақ тіліндегі төл дыбыстардың дыбысталуын, үндестік заңын ескеріп айту
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы
* Мәтін бойынша тірек сөздерді анықтайды.
Мәтін мазмұнына сәйкес нақты ақпаратты жаңа сөздер мен тірек сөздер арқылы анықтай алады, сұраққа жауап береді.
Тақырып мазмұны бойынша қазақ тіліндегі төл дыбыстардың дыбысталуын, үндестік заңын ескеріп, диалог құрастыра алады.
|
I-нұсқа
І. ТЫҢДАЛЫМ. Мәтінді тыңдап, тапсырмаларды орында.
Қазақ отбасында жақсы дәстүрлер көп. Олар: жасы үлкен адамға жол беру, төрге отырғызу, қарсы сөйлемеу, қызды сыйлау. Үлкендер жасы кішілерге қамқоршы болады, кеңес береді, ақылды болуды үйретеді.Қазақ отбасында жасы үлкен адамды ерекше құрметтейді. Үлкен кісілер – көпті көрген, сыйлы кісілер. Қазақ халқы үлкендерді төрге отырғызады. Төр – қонақ бөлменің жоғарғы жағы.
Адамдардың бір-біріне құрмет көрсетуі – сыпайылық пен әдептілікке жатады. Үлкенді сыйлап, мектепте мұғалімге құрмет көрсету – жақсы тәрбиенің белгісі. Қазақ халқы ұл бала мен қыз баланың тәрбиесін бөліп қараған. Ұлды мал бағуға, қолөнерге, ақша табуға үйреткен. Ал қыз баланы ас пісіруге, кесте тігуге, өрмек тоқуға үйреткен.
Мәтінді екі рет тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.