Күні: Сынып: 7 Пәні: географиясы Тақырыбы



бет5/18
Дата22.08.2017
өлшемі2,68 Mb.
#24446
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

балқуы

жыныстардың

қайта өзгеруі

Жер қыртысындағы заттардың алмасуы

Географиялық қабықтағы ырғақты құбылыстардың жүруі түрлі себептерге байланысты. Жердің өз білігінен айналуы тәуліктік ырғақтылыққа себепші болады. Әрбір ірі табиғат кешені үшін температура мен ылғалдылықтың, өсімдіктер мен жануарлардың және адамдардың іс-әрекетінің өзіне тән тәуліктік жүйесі қалыптасады. Мысалы, күн мен түннің алмасуы, мұхит суларының толысуымен қайтуы, бриз желдері бағыттарының өзгеруі, тау жыныстарының күндіз қызып, түнде суынуы тәулік ішінде жүреді.



Зоналық ерекшеліктерімен қатар әрбір табиғат кешендерінің жеке-дара өзіне ғана тән сипаттары болады.

Африканың, Аустралияның, Оңтүстік Америка мен Азияның саванналары бір-бірінен айырмашылық жасайды. Сондай-ақ Еуразияның қоңыржай белдеуінің түрлері бөліктерінде орналасқан.

Жаңа сабақты бекіту:

Сұрақ: Табиғат кешені дегеніміз не?

Жауап: Табиғат кешені дегеніміз өзара күрделі байланыста әрекет ететін табиғат компоненттерінің өзіндік ерекшкліктерімен көзге түсетін жер бетінің бір көрінісі.

Сұрақ: Географиялық қабық дегеніміз не?

Жауап: Географиялық қабық дегеніміз - литосфераның жоғарғы бөлігі, атмосфераның төменгі бөлігі және гидросфера мен биосфераның өзара күрделі байланысы мен әрекеттесуі нәтижесінде қалыптасатын ғаламшарлық дәрежедегі табиғат кешені.

  • Географиялық қабық қандай компоненттерден тұрады?

  • Географиялық қабықтың қандай заңдылықтарын білесіңдер

  • Өздерің тұратын жерден осы заңдылықтарды дәлелдейтін құбылыстрды атаңдар

Қорытынды:Қорытындылай келе, бүгінгі сабағымызда, жалпы табиғат кешені дегеніміз не екенін, табиғат кешендеріндегі барлық компоненттер географиялық қабықтағы тәрізді, бір-бірімен тығыз байланысты екенін толық танып білдік.

Үйге тапсырма: §11 оқу. Кескін картамен жұмыс. Қосымша материалдар жинау.

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Географиялық зоналылық

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік: Оқушыларға географиялық зоналарымен таныстыру ерекшелері мен маңызына тоқталу.

2.Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту шығармашылықтармен жұмыс істеуге баулу, картамен жұмысты дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушыларға географиялық зоналарымен таныса отырып еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін ояту.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Дүниежүзінің зоналық картасы, оқулық, сұрақтар

Сабақтың жоспары:



Сабақтың кезеңдері

Берілетін уақыт (мин)

1.

Ұйымдастыру

1-2

3.

Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру

2-3

4.

Жаңа сабақты түсіндіру

18-20

5.

Жаңа сабақты бекіту

5-6

6.

Үйге тапсырма беру

1-2

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, оқушыларды түгендеп, зейіндерін тұрақтандырып жаңа сабақ түсіндіре бастаймын.

Жаңа сабақты түсіндіру:

Жер шарының табиғат кешендері алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Аптапты ыстық шөлдер мен мұз құрсауында жатқан аудандар, мәңгі жасыл ормандар мен ми батпақтар, таңғажайып таулар мен ұшы-қиырсыз кең жазықтар, көкжиекпен ұласқан ашық мұхит айдындары ғаламшар табиғатының қайталанбас бейнесін жасайды.



Материктер мен мұхиттардағы табиғат кешендерін құрайтын табиғат компоненттері экватордан полюстерге қарай тек климат қана емес, сондай-ақ жер бедеріне сыртқы күштердің әсер етуі, өзен мен көлдің ерекшеліктері, топырақ түзілу процестері, өсімдіктер, жануарлар дүниесі де заңды түрде өзгеріп отырады.

Құрлықтағы зоналылық климаттық жағдайына, яғни жылу мен ылғалдың арақатынасына тәуелді. Мысалы, температура жоғары, бірақ ылғал аз түсетін жерлерде тропиктік шөлдер қалыптасады. Сырт көзге табиғат зоналары өсімдік жамылғысы арқылы бірден ажыратылады. Сондықтан табиғат зоналарының аттары өсімдік сипатына сәйкес келеді. Мысалы, жалпақ жапырақты орман, орманды дала, шөл, ылғалды экваторлық ормандар және т.б. Егер зонаны құрайтын жекелеген табиғат компоненттерінің біреуі өзгерсе, ол ең алдымен зонаның өсімдік жамылғысына өз әсерін тигіеді.

Мұхиттарда да судың температурасы, тұздылығы, химиялық құрамы, тіршілік дүниесі экватордан полюстерге қарай өзгеретіндіктен зоналылық байқалады. Бірақ мұнда зоналар құрлықтағы тәрізді айқын ажыратылмайды. Олар географиялық орныана сәйкес, климаттық белдеулердің атымен аталады.

Табиғат зоналарының орналасуы климаттық белдеулермен тығыз байланысты. Климаттық белдеулер сияқты табиғат зоналары да Күн сәулесінің түсу бұрышының азаюы мен ылғалдануының әркелкілігіне байланысты экватордан полюстерге қарай бірін-бірі алмастырады. Осы заңдылықты ендік зоналылық деп атайды. Зоналылық аумағына қарамастан, барлық табиғат кешендерінде кездесетіндіктен, географиялық қбықтағы негізгі заңдылық болып табылады.

Табиғаттағы зонлылық тек жазықтарда ғана емес, биік тауларда да байқалады. Таудағы табиғат кешендері оның етегінен биік шыңдарына дейін температура мен қысымның төмендеуіне, белгілі бір биіктікке дейін жауын-шашын мөлшерінің артуына, тау беткейлеріне түсетін жарық мөлшерінің әр түрлілігіне байланысты алмасады. Бұл зоналар тауды әр түрлі биіктіктегі белдеулер түрінде көмкере орналасатындықтан, оларды биіктік белдеулер деп атайды. Таудағы биіктік белдеулері жазықтағы зоналарға қарағанда тезірек алмасады.

Жаңа сабақты бекіту:

Сұрақ: Ендік зоналылық дегеніміз не?

Жауап: Климаттық белдеулер сияқты табиғат зоналары да Күн сәулесінің түсу бұрышының азаюы мен ылғалдануының әркелкілігіне байланысты экватордан полюстерге қарай бірін-бірі алмастырады. Осы заңдылықты ендік зоналылық деп атайды.

Сұрақ: Биіктік белдеулер дегеніміз не?

Жауап: Таудағы табиғат кешендері оның етегінен биік шыңдарына дейін температура мен қысымның төмендеуіне, белгілі бір биіктікке дейін жауын-шашын мөлшерінің артуына, тау беткейлері түсетін жарық мөлшерінің әр түрлілігіне байланысты алмасады. Бұл зоналар тауды әр түрлі биіктіктегі белдеулер түрінде көмкере орналасатындықтан, оларды биіктік белдеулер деп атайды.


  • Сендер тұратын жерде қандай табиғат зонасы қалыптасқан? Оны сипаттаңдар.

  • Өздерің тұратын жерде қандай тау жүйесі бар? Ондағы биіктік белдеулерді анықтаңдар.

Қорытынды: Бүгінгі сабақта, жалпы географиялық зоналылыққа толық түсінік бердім.

Үйге тапсырма: §13 оқу. Кескін картамен жұмыс жасау. Қосымша материалдар жинау.

Сыныбы: 7



Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Солтүстік жарты шар материктері табиғатындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік: Оқушыларды солтүстік жарты шар материктерінің ұқсастықтарымен таныстыра отырып, ерекшеліктері мен маңызына тоқталу.

2.Дамытушылық: Оқушыларды өз бетімен ізденуге, картамен жұмысты жандандыруға өз пікірін ашық айтуға шығармашылық пен жұмыс істеуге дағдыландыру.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға ондағы жердің бетіндегі ерекшеліктеріне тоқталып, еңбекке, ұжымдылыққа, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Оқулық, жарты шар картасы, суреттер.

Сабақтың жоспары:



Сабақтың кезеңдері

Берілетін уақыт (мин)

1.

Ұйымдастыру

1-2

3.

Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру

2-3

4.

Жаңа сабақты түсіндіру

18-20

5.

Жаңа сабақты бекіту

5-6

6.

Үйге тапсырма беру

1-2

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, оқушыларды түгендеп, зейіндерін тұрақтандырып жаңа сабақ түсіндіре бастаймын.

Жаңа сабақ:

Жер шарында құрлықтар мен мұхит айдындарының үлесінің түрліше екендігін белгілі. Әсіресе солтүстік жарты шарда құрлықтың аумағы үлкен, оның басым бөлігін ұзақ геологиялық уақыт бойы біртұтас Лавразия құрлығының құрамында дамыған Еуразия мен Солтүстік Америка материктері алып жатыр. Бұл екі материктің географиялық орнындағы ең басты ұқсастық – олардың солтүстікте Арктикадан оңтүстікте экваторға дейінгі аралықта созылып жатуы. Осыған байланысты бұл материктерде солтүстік жарты шарға тәнтабиғат компоненттері қалыптасқан. Әсіресе материктердің солтүстік жағалық бөліктерінің табиғат жағдайларының қалыптасуына Солтүстік Мұзды мұхиттың тигізетін әсері орасан зор. Ал екі материктің де Батыстан шығысқа қарай кең алқаптарды алып жатуы табиғат кешендеріндегі ішкі айырмашылықтарды күшейтеді.



Еуразия мен Солтүстік Америка материктерінің географиялық орны мен пішіндерінде аиырмашылықтар да бар. Еуразия ендік бағытта әлдеқайда көлемді, әрі оң түстіктегі аралдық бөлігі оңтүстік субэкваторлық белдеуге дейін созылған. Ал Солтүстік Американың солтүстіктегі полюске қарай ығыса орналасқан. Материк оңтүстікке қарай күрт сүйірленіп, Оңтүстік Америкамен жалғасады.

Екі материктердің де жер бедері күрделілігімен ерекшеленеді. Олардың аумағының басым бөлігін ежелгі платформаларға сәйкес келетін кең-байтақ жазықтар алып жатыр. Олар көбінесе материктердің солтүстігінде шоғырланған. Солтүстік Америка материгінің негізін бір ғана платформа құрайды, ал Еуразия материгі бірнеше платформалардың бірігуінен тұрады. Олардың аралығы әр түрлі жас жастағы тау жүйелері алып жатқандықтан, Еуразияның жер бедері Солтүстік Америкамен салыстырғанда күрделірек келеді.

Материктердің солтүстігіндегі жазықтардың жер бедері климаттың салқындауына байланысты бірнеше рет қайталанған мұз басуларға ұшырады. Мұз басулар кайнозойдың антропоген дәуірінде жүрген. Осыдан 10-15мың жыл бұрын ғана аяқталған материктіакмұз басулар әсерінен жер бедері, қатты майысулар мен тілімденуге ұшыраған.

Екі материкте де мұз басу әсерінен күшті тілімденген фьордты жағалаулар кең тараған.



Географиялық орны мен даму тарихының ортақтығы материктердің қазіргі климаттық жағдайы мен табиғат зоналарының ұқсастығына негіз болды. Екі материктің қоңыжай белдеудің солтүстігінде орналасқан бөліктерінде климаттық жағдайлар ұқсас. Сондықтан мұндағы тундра, орманды тундра, орман зоналарының топырақ-өсімдік жамылғылары мен жануарлар дүниесі онша айырмашылық жасамайды.

Жаңа сабақты бекіту:

Ұқсас белгілері



Айырмашылықтары

Еуразия

Солтүстік Америка

Географиялық орны

1. Еуразия және Солтүстік Америка материгі Лавразия материгінің итқұрамында болған

2. Екі материк те солтүстік жарты шарда орналасқан.

Ендік бағытта көлемді жерді алып жатыр. Оңтүстігі оңтүстік субэкваторлық белдеуге дейін созылған.

Материк оңтүстікке қарай күрт сүйірлніп, Оңтүстік Америкамен жалғасады. Солтүстігі солтүстік полюске қарай ығысы орналасқан.

Жер бедері

1. Екі материктің де аумағының басым бөлігін ежелгі платформаларға сәйкес келетін жазықтар алып жатыр.

2. жазықтар солтүстік бөліктерінде орналасқан.

3. Таулар материктердің шеткі бөліктерінде орналасқан.

1. Альпі-Гималай таулары ендік бағытта орналасқан.

1. Кордильера тау жүйесі материктің батысында бойлық бағытта орналасқан.

Мұз басулар

1. Мұз басулар әсерінен материктердің солтүстігінде жазықтар қатты майысулар мен тілімденуге ұшыраған

2. Фьордты жағалаулар кең тараған

3. Мұздың қазу әрекетінен екі материктің мұз басқан аймақтарында көл қазаншұңқырлары мен өзен аңғарлары қалыптасқан.

Еуразияда мұз басқан аудан онша үлкен емес

Материктегі мұз басқан аудандардың аумағы өте үлкен. 40ºс.е. жеткен.

Климаты мен табиғат зоналары

1. Екі материктің қоңыржай белдеудің солтүстігінде орналасқан бөліктерінде климаттық жағдайлар ұқсас.

1. Еуразияның оңтүстігіндегі аралдары мен түбектері экваторлық белдеу алып жатыр

2. Жолбарыс, қарақұйрық, ақбөкендер тіршілік етеді

1. Материкте экваторлық климаттық белдеу кездеспейді

2. Секвойя, батпақ кипарисі, кактус, алоэ өсімдіктері кездеседі.

Қорытынды: Бүгінгі сабақта, Солтүстік жарты шар материктері табиғатындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарын танып білдік.

Үйге тапсырма: §13 – оқу, кескін картаға солтүстік жарты шардағы мемлекеттерді түсіріп келу. Қосымша материалдар жинап, эссе жазу.

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Еуразия. Географиялық орны. Қоныстану және зерттелу тарихы.

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік: Оқушыларды Еуразия мемлекеттерімен таныстыру, олардың ерекшеліктеріне, экологиялық маңыздылығын түсіндіру.

2.Дамытушылық: Пәнге деген қызығушылықтарын ояту, картамен жұмысты дамыта отырып, оқушуларды шығармашылық жұмыс істеуге дағдыландыру.

3. Тәрбиелік: Оқушыларға басқа мемлекеттердің тарихымен таныстырып қана қоймай өз еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін ояту, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Еуразияның физикалық картасы, оқулық, суреттер, карта.

Сабақтың жоспары:



Сабақтың кезеңдері

Берілетін уақыт (мин)

1.

Ұйымдастыру

1-2

3.

Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру

2-3

4.

Жаңа сабақты түсіндіру

18-20

5.

Жаңа сабақты бекіту

5-6

6.

Үйге тапсырма беру

1-2


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет