Әзірледім:
стирильді мақта шариктері,
қолғап, бір рет пайдаланатын шприц,
70% спирт, дезерітіндідегі пинцет.
Қолымды гигиеналық тазартудан өткізіп,
спиртке батырылған стирильді мақта шаригімен өңдеп,
қолғап кидім.
Жаңа шприц алып, дайындалған күнін және жарамдылығын тексердім.
Шприцті поршенін жоғары ұстап сол қолыма алып,
пакетін поршень орналасқан жағынан аштым.
Шприцті пакетінен алып, канюласын шприцке жалғап, иненің қалпағын шешпей, поршеньді өзіме тартып,
ауа кіргізіп және шығарып иненің өткізгіштігін тексеріп,
жиналған шприцті шприцтің пакетіне сала тұрдым.
Ампуладан дәрілік ерітінді сорып алу.
Әзірледім:
стирильді: бір рет қолданылатын шприц,
мақта шариктері,
қолғап,
дәрілік заты бар ампула,
дезерітіндідегі пинцет,
лоток,
70% спирт,
пилочка,
КБУ.
Дәрігер тағайындаған дәрілік затты алып, заттың атын, концентрациясын, дозасын мұқият оқып, жарамдылық мерзімі мен сыртқы көрінісін тексердім. Қолымды гигиеналық тазартудан өткізіп, теріге арналған антисептикпен өңдеп, қолғап кидім. Бір рет қолданатын шприцті жинап, ампуланы сол қолыма алып, ерітіндісі түбінде болатындай етіп аздап шайқап, ампуланың мойнын спиртке батырылған стирильді мақта шаригімен өңдеп, мақта шаригін КБУ-ға тастадым. Ампуланың мойнын пилочкамен аздап кесіп, аштым.Ашылған ампуланы сол қолымның II және III саусақтарымның аралығына алып, оң қолыма II сусағыммен иненің канюласынан I, III, IV сусақтарыммен цилиндрден, V – шприцтің поршенінен ұстап,инені қолыма алдым. Абайлап инені ампулаға 0,5мм ұзындықта енгізіп, сол қолымның IV саусағы канюлада, ал I және V – цилиндрде. Оң қолыммен поршеньді түсіріп қажетті мөлшерде ерітінді сорып алдым. Ерітінді алған инені шешіп, инъекция жасауға арналған инені кигіздім. Шприцті көздің деңгейінде вертикальді түрде, инесін жоғары қаратып ұстап, ауасын шығардым. .Дәрілік заты бар дайын шприцті қорабына салып қойдым.
Достарыңызбен бөлісу: |