Бүгін мен тәжірибелік күнімді жедел жәрдем бөлімінде жалғастырдым.
Ең алдымен ем-шара бөліміне күнделікті тазартуды жасадым.
Ол үшін дайындап алдым:
Резеңке қолғап
Шелек
Алжапқыш
Сүрткіш
Алдымен алжапқышты пен резеңке қолғапы киіп 10литр жылы суға 4 штук таблетка деохлорды ерітіп дайындап алдым.Алжапқышты киіп,өзіме қажетті мөлшерде деохлор ерітіндісін шағын ыдысқа құйып оған сүрткішті малып алып шкафты,үстелді, кушетканы, столдарды,терезенің алдын сүрттім. Кейін 15минут кварцқа кварц қосып қойдым. Қолданылған заттарды орынына қойдым
Содан кейін сағат 1030 - да фельдшермен бірге жедел шақыртуға бардым.
Науқас:Жүсін Т.Р
Туған күні: 01.02.2001ж
Мекен-жайы: Абая 110/20
Шағымы:Анасының айтуы бойынша іштің қатты бүріп ауырсынуы, әлсіздік.
Диагнозы: Іш теспе.
Көмөк: науқастың жағдайы өте ауыр болғандықтан жедел жәрдем көлігіне зембілмен тасымалдадым.
Зембілдің басын кушетканың аяқ жағын тіреп 3 адам науқастың бір жағынан тұрып, науқастың басы, жауырн тұсынан ұстап және жасбас тұсынан көтеріп, зембілге жатқызып, үстінен жаймамен жауып, тасмалдадық. Бөлімге халі ауыр науқасты апаратынымды хабарладым және бөлімшеге науқасты жеткіздім. Қабылдау бөліміне жеткен соң зембілдің бас жағын керуеттің аяқ жағына тіреп науқасты керуетке жатқыздық. Әрі қарай науқасты қабылдап алды.
Болғаннан кейін жедел жәрдем бөлімшесіне оралдым
Кейін сағат 11-45те фельдшер Сарсенов М мен жедел шақыртуға бардым.