Күннен, оны айнала қозғалатын 8 үлкен планетадан



Дата14.12.2021
өлшемі167,07 Kb.
#100724
Байланысты:
күн жүйесі құрылысы


Күн жүйесі – Күннен, оны айнала қозғалатын 8 үлкен планетадан (МеркурийШолпанЖерҚызылжұлдызЕсекқырғанҚоңырқайУран және Нептун ), планета серіктерінен, мыңдаған кіші планеталардан (астероидтардан), шамамен 1011 кометадан және толып жатқан метеорлық денелерден құралған ғарыштық денелер жүйесі. Күннен ең алыс орналасқан планетаға дейінгі орташа қашықтық шамамен 40 а.б. немесе 6 млрд. км-ге тең.

Күн – Күн жүйесіндегі орталық дене болып саналады, оның массасы Күн жүйесіндегі барлық денелердің жиынтық массасынан 750 есе артық. Сондықтан Күн жүйесінің массалар орталығы Күн қойнауында орналасқан. Барлық 9 үлкен планета Күнді айнала, дөңгелек дерлік орбита бойымен, бір бағытта қозғалады. Олардың орбиталарының бір-біріне қатысты көлбеулігі өте аз. Планеталардың Күннен қашықтығы белгілі бір заңдылыққа бағынған, яғни көршілес орбиталардың ара қашықтығы Күннен алыстаған сайын арта түседі. Планеталар қозғалысының физикалық қасиеттеріне байланысты Күн жүйесінің үйлесімді екі топқа бөлінуі ғарыштық денелердің кездейсоқ жиынтық емес екендігін көрсетеді. Барлық кіші планеталар да үлкен планеталар қозғалған бағытта Күнді айнала қозғалады, бірақ олардың орбиталары едәуір созылыңқы және эклиптика жазықтығына көлбеу орналасады. Кометалардың көпшілігі параболаға жақын өте созылыңқы орбита бойымен қозғалады. Айналу периоды миллиондаған жылға жетеді. Мұндай комета орбиталарының эклиптика жазықтығына көлбеулігі алуан түрлі, олар Күнді айнала тура және кері бағытта да қозғалады.

Шолпан мен Ураннан басқа планеталардың барлығының өз осінен айналу бағыты Күнді айналу бағытымен сәйкес келеді. Уран планетасының осі орбита жазықтығына 98° көлбеу орналасқан, сондықтан оның айналысы сырттай қарағанда кері болып көрінеді. Шолпан планетасы кері бағытта өте баяу айналады. Күн мен планеталар арасындағы қозғалыс мөлшерінің таралуы маңызды космогониялық сипаттама болып есептеледі. Күн жүйесінің орталық денесі Күн – жұлдыз, яғни қызған газды шар. Ол өзінің қойнауынан үздіксіз энергия бөліп шығарады. Күн бетінің күшті сәуле таратуына қарамастан, ол өзінің жоғары температурасын сақтап қалады. Күн жүйесінің қалған денелері – салқын денелер. Олардың бетінің температурасы Күн сәулесінің қыздыруына байланысты анықталады. Планеталар массасына, химиялық құрамына, айналу жылдамдығына, серіктерінің санына қарай екі топқа бөлінеді.



Күн жүйесінің планеталары.



Алып планеталар.


  1. Күн жүйесінің төрт ішкері планетасы (Жер тобындағы планеталар – Меркурий, Шолпан, Жер, Марс) аса үлкен емес, олар тығыз тасты заттар мен металдардан құралған.

  2. Алып планеталар – Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун және Плутон әлдеқайда көлемдірек, олар негізінен жеңіл заттардан (сутекгелийметан, т.б.) құралған, сондықтан олардың орташа тығыздығы қойнауындағы зор қысымға қарамай аз болады. Планеталардың екі тобының аралығында орналасқан кіші планеталардың химиялық құрамы Жер тектес планеталардың құрамына жақын. Біршама тар аймақта қозғалатын кіші планеталар бір-бірімен соқтығысып, өте майда сынықтарға ыдырайды. Осындай майда сынықтар метеорлық денелердің соққысынан да бөлінеді. Ал өте майда тозаңдар қосылғанда, зодиактік жарық құбылысы байқалады. Метеориттердің жасын өлшеу (құрамындағы радиоактивті элементтерге және олардың ыдырау өнімдері бойынша) Күн жүйесінің шамамен 4,6 млрд. жыл бұрын пайда болғанын анықтады.

Күн жүйесінің құрылысы туралы ежелгі ғалымдардың көзқарастары

Адамдар өзін қоршаған әлемнің құрылысын, ондағы болып жатқан құбылыстарды зерттеуге ежелден-ақ құмар болды. Көне замандағы әлем құрылысы туралы алғашкы түсініктер өте қарапайым және олар діни нанымдармен астасып жатты. Аспан мен Жер бөлек карастырылып, Жер дүниенің қозғалмайтын орталығы ретінде қабылданды. Жердің бүкіл әлемнің орталығынде орналасканы жөнінде қалыптасқан бұл көзқарасты Ежелгі Грекия ғалымдары дүниенің геоцентрлік жүйесінің негізіне алды. Мәселен, біздің заманымыздан бұрынғы IV ғасырда өмір сүрген ежелгі грек ойшылы, ғалым-энциклопедист Аристотель осы пікірді ұстанып, Жерді қозғалмайды деп есептеді. Сол кездің өзінде-ак Айдың тұтылуы бойынша жүргізілген бақылаулар арқылы, Жер пішінінің шар тәрізді екені белгілі болды. Ол Жердің қозғалуын аспандағы жұлдыздардың орнын ауыстыруынан байқауға болар еді деген болжам айтты. Аристотель Жер - Әлемнің табиғи орталығы болғандықтан, ол ешқайда құлап кетпейді және барлық ауыр денелер осы центрге қарай ұмтылады деген пікірде болды. Аристотельдің мұндай түсіндірулері, қазіргі көзқараспен қарағанда, өте қарапайым болғанымен, сол кезең үшін әжептәуір жетістік еді.

Біздің заманымыздың II ғасырында өмір сүрген ежелгі грек ғалымы Александриялық Клавдий Птолемей (90-160 жж.) өзінен бұрын өмір сүріп, кейінгілерге жол салып кеткен АристотельГиппарх, т.б. еңбектеріне сүйене отырып, дүниенің жетілдірілген, геоцентрлік (грекше гео - жер) жүйесін жасады. Ол дүниенің орталығыне қозғалмайтын Жерді қойды да, оны өзге шырақтар айналып жүреді деді. Дүниеге геоцентрлік көзқарас астрономияда он төрт ғасырға жуық уақыт бойы үстемдік етті. Дегенмен планеталардың орналасуы жөніндегі бақылау мәліметтері молайған сайын, К. Птолемей тұжырымдары түзетулер енгізуді қажет етті. Оны XVI ғасырда ұлы поляк ғалымы Николай Коперник жүзеге асырды.

973 жылы Хорезмде дүниеге келген ортаазиялық ғалым-астроном, математик, физик, географ, философ, этнограф, дәрігер Әбу Райхан Бируни өзінің 150 еңбегінің 50-ін астрономияға арнаған. Ол Птолемей құрған әлем жүйесінің дұрыстығына күмәнданып, гелиоцентризмді жақтады. Алғаш рет, Коперниктен 500 жыл бұрын, Жердің Күнді айнала қозғалатыны туралы болжам жасаған Бируни болғаны бізге тарихтан мәлім. Ол Жердің қозғалысы мен пішіні, Жер шарының радиусын анықтау тәсілі туралы жазды, Жер глобусын жасады, 20 жыл бойы Күннің қозғалысын бақылады. Бируни Күнді отты шар деп есептеп, Күн тәжінің түтінге ұқсас табиғаты жайлы пікір айтты. Оның еңбектері мұқият орындалған бақылаулар мен зерттеулерге негізделді. Бируни көп саяхат жасады. Сол кезде ол аспан шырақтарына қарап бағдарлаудың түрлі тәсілдерін ойлап тапты. Бируни жинақтаған материалдары мен бақылауларын қорыта отырып, 1031 жылы астрономияның әр түрлі мәселелерін баяндауды қамтитын үлкен еңбек жазды. Ол кітап 1887 жылы Лондонда алғаш рет араб тілінде басылып шықты. Бируниге дейін мұндай ғылыми жүйеленген еңбек жазылмаған, әрі ортағасырлық әдебиеттерде бұған теңдес еңбек болған жоқ.



Оорттың бұлты



XX ғасырдың соңғы жылдарынан бастап планеталарды және Күн жүйесін қызу зерттеу дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Біз басқа жұлдыздардан планеталар жүйелерін тапқымыз келеді. Күн жүйесінің ішкі құрылымын зерттеп, түсінгіміз, жерді басқа планеталармен салыстырғымыз келеді. Бұл біздер үшін өте маңызды мәселе. Біздің бәрімізді толғандыратын сұрақтар: "Осының бәрі қалай пайда болды? Жерде тіршілік қалай пайда болды? Ол канша уақытқа созылады? Біздің болашағымыз қандай?

XVIII ғасырдан бастап Күн жүйесінің шегі үнемі ұлғайып келеді. Әрине Күн жүйесінің айқын шегі болуы неғайбыл. Орта бұлтының орбитасынан әрі шамамен 100 000 а.б. қашықтықта Күн жүйесінің планетааралық заттары шашырап, жұлдызаралық заттарға алмасады.

Күн жүйесінің перийферийі (шеткі аймағы) туралы біздің мәліметіміз өте мардымсыз. Ғарыштық зерттеулер бұл білімді елеулі түрде толықтыруға көмектеседі.

Жер

Жер дегеніміз Күннен әрі қарай санағанда үшінші ғаламшар және тіршілігі табылған жалғыз астрономиялық нысан. Радиометриялық талдау мен басқа айғақтар бойынша, Жер 4,5 миллиардтан астам жыл бұрын қалыптасты. Оның гравитациялық өрісі ғарыштағы басқа нысандармен, әсіресе Күн мен табиғи серігі Аймен, әрекеттеседі. Орбита бойымен 365,25 шақты күн ішінде Күнді бір рет айналып шығады.

Жердің айналу осі өз орбиталық жазықтығына қатысты алғанда көлбегендігі жыл мезгілдерін тудырады. Гравитациялық өрісінің Аймен әрекеттесуі судың толысуы мен қайтуына себеп болып табылады. Және де ол әрекеттесу Жерді өз осіне тұрақтандырып, айналуын бірте-бірте баяулатады. Жер Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың ең тығызы және 4 Жер тәрізді ғаламшардың бірі болып саналады.

Cыртқы қабаты (литосферасы) Жер бетімен жылжып жүретін бірнеше қатты тектоникалық (литосфералық) тақтаға бөлінеді. Бетінің 29 шақты пайызы құрлықтар мен аралдардан тұрады, қалған ~71%-ын су (көбінесе мұхиттар, бірақ олармен бірге өзендер, көлдер және басқа тұщы су да) алады. Жердегі судың барлығы оның гидросферасын құрайды. Полюстік аймақтарының көбін мұз, соның ішінде Антарктикалық мұз қалқан мен Арктикадағы теңіз мұзы, қаптаған. Белсенді ішкі бөлігі қатты темір субъядро, Жердің магниттік өрісін тудыратын сұйық сыртқы ядро және тақта жылжытатын конвекциялы мантиядан тұрады.

Жер тарихының бірінші миллиард жылында, мұхитта қалыптасқан тіршілік Жер атмосферасы мен бетіне әсер еткендігінің нәтижесінде анаэробтық және соңыра аэробтық организмдер әр жаққа таралды. Кейбір геологиялық айғақтар бойынша, тіршілік 4,1 млрд жыл бұрын пайда болғаны ықтимал. Сол кезден бері Жер мен Күн арасындағы қашықтық, олардың физикалық қасиеттері, геологиялық тарихы және тағы неше түрлі фактор тіршілікке эволюциялау мен өркендеуге мүмкіндік берді. Жердегі тіршіліктің тарихында биоалуантүрлілік көптеген рет кеңею кезеңдері арқылы өтіп, кейде ағзалардың жаппай қырылғанынан төмендеген еді. Жерде әлдеқашан өмір сүрген түрлердің бәрі 99%-ынан астам бөлігі қазіргі кезде қырылған. Бүгінгі түрлер санын есептеулері әртүрлі; түрлердің көбі тіпті сипатталған да жоқ. Жерде өмір сүретін 8 миллиард шақты адам оның биосферасы мен табиғи қорларына тәуелді болып, ол арқасында өмір сүреді.

Жер атмосферасы мен мұхиттары жанартау белсенділігі мен газсыздану (ағылшынша outgassing) арқылы қалыптасты Сол көздерден шыққан су буы конденсацияланып, мұхиттарды құрады. Содан бөлек, судың кей бөлігі астероидтер, протоғаламшарлар, кометалардан, жалпы айтқанда ғарыштан келді. Жаңа қалыптасқан Күннің жарқырауы қазіргінің 70%-ындай болғанда көшетхана газдары әуелгі мұхиттарды қатып қалудан сақтап жүрген. Атмосфераны талқандағыш күн желінен қорғайтын магниттік өріс 3,5 млрд жылға таман бұрын қалыптасты.

Жердің балқыған сыртқы қабатының қатқанынан кейін тұңғыш қатты, тектоникалық тақталардан тұратын қыртысы пайда болды. Миллиондаған жыл бойы олар тектоника күші арқылы бірігіп, суперконтиненттерді құрып, қайта ыдырап жүрген еді. 750 миллионға жуық жыл бұрын алғашқы суперконтиненттердің бірі — Родиния деген суперконтинент ыдырай бастады. Сосын ыдыраған континенттер қайта бірігіп Паннотияны құрды (600–540 млн жыл бұрын), соңыра Пангея пайда болып, 180 млн жыл бұрын ыдырап қалды. Мұз дәуірлері шамамен 40 млн жыл бұрын орын ала бастады және плейстоценде (~3 млн жыл бұрын) күшейді. Сол кезден бері 21000–100000 жыл сайын биік ендіктерде орналасқан аймақтар әрдайым мұзданып еру циклдері арқылы өтіп жүр

Жер тобының кез келген ғаламшары (Жер тәрізді ғаламшар) химиялық я физикалық (реологиялық) қасиеттері бойынша бірнеше қабатқа бөлінеді. Сыртқы қабаты силикатты және химиялық жағынан оқшау, оның астында аса тұтқыр, қатты мантия орналасқан. Қыртыс пен мантияны бір-бірінен Мохоровичич шекарасы айырады. Қалыңдығы мұхит астындағы 6 км-ден құрлықтағы 30–50 км-ге дейін вариацияланады. Қыртыс пен жоғарғы мантияның суық, қатты үстіңгі бөлігі литосфераны құрайды.

Литосфераның астында аса тұтқыр емес, үстімен тектоникалық тақта жылжитын астеносфера қабаты орналасқан. Астындағы 410 мен 660 км арасында қос мантияның өтпелі аймағы тұр. Бұл аймақ кристалдық құрылымдары əртүрлі жоғарғы мен төменгі мантиялардың шекарасы болып табылады. Мантиядан кейін тұтқырлығы орасан төмен сыртқы ядро мен дəл центрінде ішкі ядро жатыр Жер ішкі ядросының бұрыштық жылдамдығы қалған бөлігінен гөрі сəл жоғары болғандығынан ол жыл сайын 0,1–0,5°-қа жылжып кетеді Ішкі ядро радиусы Жердің жалпы радиусының 1/5 шақты бөлігін құрайды.



Жердің массасы 5,97×1024 шақты кг. Құрамының үлкен бөлігі темірден (32,1%), оттектен (30,1%), кремнийден (15,1%), магнийден (13,9%), күкірттен (2,9%), никельден (1,8%), кальцийден (1,5%) және алюминийден (1,4%) тұрады, қалғанын 1,2%-ын іздік элементтер құрайды. Масса сегрегациясынан ядроның басым бөлігі темірден (88,8%), кішкене бөлігі никельден (5,8%), күкірттен (4,5%) және 1-ден кем пайызы іздік элементтерден тұрады.

Сыртқы қабатын құраушы жыныстардың бәрі дерлік оксид. Қыртыстың 99%-ынан астам бөлігін 11 басым оксид құрайды: кремний диоксиді, алюминий оксиді, темір оксидтері, кальций оксиді, магний оксиді, калий оксиді және натрий оксиді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет