38-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
277-бап. Акциздерді қолдану
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын, осы Кодекстің 279-бабында көрсетілген тауарларға акциз салынады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 277-1-баппен толықтырылды (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
277-1-бап. Кеден одағында қолданылатын ұғымдар
Осы бөлімде қолданылатын ұғымдар Кеден одағына мүше мемлекеттер арасында жасалған, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген.
Егер Кеден одағына мүше мемлекеттердің арасында жасалған, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда осы бөлімде пайдаланылатын ұғымдар көзделмеген болса, осы Кодекстің тиісті баптарында, Қазақстан Республикасының азаматтық және өзге де салаларындағы заңнамасында көзделген ұғымдар қолданылады.
278-бап. Төлеушілер
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетін тауарлар шығаратын;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) акцизделген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына импорттайтын;
3) Қазақстан Республикасының аумағында бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме, бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын;
4) егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында аталған тауарлар бойынша бұрын акциз төленбеген болса, осы Кодекстің 279-бабының 5) - 7) тармақшаларында аталған тәркіленген, иесіз, мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен және Қазақстан Республикасының аумағында мемлекет меншігіне өтеусіз берілген акцизделетін тауарларды өткізуді жүзеге асыратын;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында аталған тауарлар бойынша бұрын акциз төленбесе, осы Кодекстің 279-бабында аталған акцизделетін тауарлардың конкурстық массасын өткізуді жүзеге асыратын;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
6) осы Кодекстің 279-бабының 6) тармақшасында көзделген акцизделетін тауарларды жинауды (жинақтауды) жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар акциз төлеушілер болып табылады.
2. Осы баптың 1-тармағының ережелері ескеріле отырып, резидент емес заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлімшелері де акциз төлеушілер болып табылады.
3. Осы Кодекстің 279-бабының 5) - 7) тармақшаларында аталған тәркіленген, иесіз, мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен және Қазақстан Республикасының аумағында мемлекет меншігіне өтеусіз берілген акцизделетін тауарларды өткізуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар акциздерді төлеушілер болып табылмайды.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 279-бап жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
279-бап. Акцизделетiн тауарлар тiзбесi
Мыналар акцизделетiн тауарлар болып табылады:
1) спирттiң барлық түрлерi;
2) алкоголь өнiмi;
3) 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) темекi бұйымдары;
5) бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отыны;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) микроавтобустарды, автобустар мен троллейбустарды қоспағанда, 10 немесе одан да көп адам тасымалдауға арналған, двигателiнiң көлемi 3000 текше сантиметрден асатын моторлы көлiк құралдары;
двигателiнiң көлемi 3000 текше сантиметрден асатын, адамдар тасымалдауға арналған жеңiл автомобильдер және өзге де моторлы көлiк құралдары (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптерi бар автомобильдерден басқа);
двигателiнiң көлемі 3000 текше сантиметрден асатын, жүкке арналған платформасы және жүк бөлiгiнен қатты стационарлық қабырғамен бөлінген жүргiзушi кабинасы бар жеңіл автомобиль шассиіндегі моторлы көлік құралдары (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптері бар автомобильдерден басқа);
7) шикi мұнай, газ конденсаты.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрiлiк зат ретінде тіркелген, құрамында спирт бар медициналық мақсаттағы өнім.
280-бап. Акциз ставкалары
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Акциз ставкалары заттай нысандағы өлшем бірлігіне абсолюттік сомада (тұрлаулы) белгіленеді.
2. Алкоголь өніміне акциздер ставкасы осы баптың 1-тармағына сәйкес не онда су араластырылмаған (жүз проценттік) спирттің болу көлеміне байланысты бекітіледі.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Спирттің барлық түріне және шарап материалына акциз ставкалары спирттің және шарап материалының бұдан әрі пайдаланылу мақсаттарына қарай сараланады.
4. Акциз сомасын есептеу мынадай ставкалар бойынша жүргізіледі:
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.26.11. № 356-IV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) осы Кодекстің 279-бабының 1)-4), 6), 7), 8) тармақшаларында көрсетілген акцизделетін тауарларға:
280-бабының 4-тармағы 1) тармақшасы 1-13 жолдарының қолданылуы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтата тұру кезеңiнде аталған тармақша 2008.10.12 № 100-IV ҚР Заңның 21-бабының редакциясында қолданылды
Рет №
|
КО СЭҚ ТН коды
|
Акцизделетін тауарлардың түрлері
|
Акциз ставкалары (өлшем бірлігі үшін теңгемен)
|
|
2
|
3
|
4
|
1.
|
2207-ден
|
80 көлемдiк пайызды немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спиртi (алкоголь өнiмiн, емдiк және фармацевтикалық препараттарды өндiру үшiн сатылатын немесе пайдаланылатын, белгiленген квоталар шегiнде мемлекеттік медициналық мекемелерге берiлетiн денатуратталмаған этил спиртiнен басқа), этил спиртi және кез келген концентрациядағы денатуратталған өзге де спирттер (iшкi нарықта тұтыну үшін денатуратталған отындық этил спиртінен (этанол) басқа (түссiз емес, боялған)
|
600 теңге/литр
|
2.
|
2207-ден
|
Денатуратталған отындық этил спирті (этанол) (түссіз емес, ішкі нарықта тұтыну үшін боялған)
|
1,0 теңге/литр
|
3.
|
2208-ден
|
80 көлемдік пайыздан төмен спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті, спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер (алкоголь өнімін, емдік және фармацевтикалық препараттарды өндіру үшін сатылатын немесе пайдаланылатын, белгіленген квоталар шегінде мемлекеттік медициналық мекемелерге берілетін денатуратталмаған этил спиртінен басқа)
|
100% спирт
750 теңге/литр
|
4.
|
2207-ден
|
Алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатын немесе пайдаланылатын 80 көлемдік пайыз немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті
|
60 теңге/литр
|
5.
|
2208-ден
|
Алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатын немесе пайдаланылатын 80 көлемдік пайыздан төмен спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті, спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер
|
100% спирт 75 теңге/литр
|
5-1.
|
3003,3004-тен
|
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрiлiк зат ретiнде тіркелген, құрамында спирт бар медициналық мақсаттағы өнім
|
100 % спирт 500 теңге/литр
|
6.
|
2208
|
Алкоголь өнімі (коньяктан, брендиден, шараптардан, шарап материалынан және сырадан басқа)
|
100% спирт
500 теңге/литр
|
7.
|
2208
|
Коньяк, бренди (отандық өндірістің коньяк спиртінен жасалған коньяктан, брендиден басқа)
|
100% спирт
325 теңге/литр
|
8
|
2208
|
Отандық өндірістің коньяк спиртінен жасалған коньяк, бренди
|
100% спирт
170 теңге/литр
|
9
|
2204, 2205, 2206 00
|
Шараптар
|
35 теңге/литр
|
10
|
2204, 2205, 2206 00-ден
|
Шарап материалы (этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатыннан немесе пайдаланылатыннан басқа)
|
170 теңге/литр
|
11-жол 2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
11
|
2204, 2205, 2206 00-ден
|
Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатын немесе пайдаланылатын шарап материалы
|
0 теңге/литр
|
12
|
2203 00
|
Сыра
|
26 теңге/литр
|
13
|
2202 90 100 1
|
Құрамындағы этил спиртінің көлемі 0,5 процентттен аспайтын сыра
|
0 теңге/литр
|
280-баптың 4-тармағының 1) тармақшасының 14 - 18 жолдарының қолданылуы 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылды
2008.10.12 № 100-IV ҚР Заңның 21-бабының 3-2-тармағында белгіленген 2012 жылғы 1 қаңтардан 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай акциз ставкалары қолданылды
2008.10.12 № 100-IV ҚР Заңның 21-бабының 3-3-тармағында белгіленген 2013 жылғы 1 қаңтардан 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай акциз ставкалары қолданылады
14
|
2402-ден
|
Фильтрлі сигареттер
|
1960 теңге/ 1000 дана
|
15
|
2402-ден
|
Фильтрсіз сигареттер, папиростар
|
1200 теңге/ 1000 дана
|
16
|
2402-ден
|
Сигариллдер
|
2400 теңге/ 1000 дана
|
17
|
2402-ден
|
Сигарлар
|
190 теңге/ дана
|
18
|
2403-тен
|
Құрамында никотині бар фармацевтикалық өнімді қоспағанда, тұтыну ыдысына қатталған және соңғы тұтынуға арналған түтіктік, шегетін, шайнайтын, соратын, иіскейтін, хорхорлы және өзге де темекі
|
2450 теңге/ килограмм
|
19
|
2709 00-ден
|
Шикі мұнай, газ конденсаты
|
0 теңге/ тонна
|
20
|
8702 тен
|
микроавтобустарды, автобустар мен 100 троллейбустарды қоспағанда, 10 немесе одан да көп адам тасымалдауға арналған, двигателiнiң көлемi 3000 текше см-ден асатын моторлы көлiк құралдары
|
100 теңге/текше см.
|
|
8703 тен
|
двигателiнiң көлемi 3000 текше см-ден асатын, ең бастысы адамдар тасымалдауға арналған жеңiл автомобильдер және өзге де моторлы көлiк құралдары (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптерi бар автомобильдерден басқа)
|
|
|
8704 тен
|
двигателiнiң көлемi 3000 текше см-ден асатын жүкке арналған платформасы және жүк бөлiгiнен қатты стационарлық қабырғамен бөлiнген жүргiзушi кабинасы бар жеңiл автомобиль шассиіндегі моторлы көлiк құралдары (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптерi бар автомобильдерден басқа)
|
|
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
2) осы Кодекстің 279-бабының 5) тармақшасында көрсетілген акцизделетін тауарларға:
Рет №
|
|
1 тоннаға арналған акциз ставкалары (теңгемен)
|
|
|
Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда)
(ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды 2710 11410 0-
2710 11590 0)
|
Дизель отыны
(ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды 2710 19 3100-2710 19 490 0)
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1
|
Өндірушілердің өз өндірісіндегі бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада сатуы
|
4500
|
540
|
2
|
Жеке және заңды тұлғалардың бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада сатуы
|
0
|
0
|
3
|
Өндірушілердің бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада сатуы, өзінің өндірістік қажеттілігіне пайдалануы
|
5000
|
600
|
4
|
Жеке және заңды тұлғалардың бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада сатуы, өзінің өндірістік қажеттілігіне пайдалануы
|
500
|
60
|
5
|
Импорт
|
4500
|
540
|
Бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда) бөлшек саудада өткiзген кезде көлемнiң өлшем бірлiгi литр болып табылса, литрден тоннаға көшiру мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
мұнда:
М - өткiзiлген бензиннiң (авиациялық бензиндi қоспағанда) тоннадағы көлемi;
V - өткiзiлген бензиннiң (авиациялық бензиндi қоспағанда) литрдегi көлемi;
0,730 - бензиннiң (авиациялық бензиндi қоспағанда) барлық түрлерi үшiн тығыздық көрсеткiшi, кг/литр.
Дизель отынын бөлшек саудада өткiзген кезде көлемiнiң өлшем бірлiгi литр болып табылса, литрден тоннаға көшiру мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
, мұнда:
М - өткiзiлген дизель отынының тоннадағы көлемi;
V - өткiзiлген дизель отынының литрдегi көлемi;
0,769 - дизель отыны үшiн тығыздық көрсеткiшi, кг/литр.
Ескерту: тауарлар номенклатурасы ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН кодымен және (немесе) тауар атауымен айқындалады.
39-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ӨНДІРІЛЕТІН, ӨТКІЗІЛЕТІН АКЦИЗДЕЛЕТІН
Достарыңызбен бөлісу: |