Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


§ 1. Салықтық тексерулер ұғымы, типтері мен түрлері



бет74/78
Дата25.02.2018
өлшемі18,82 Mb.
#38194
түріКодекс
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   78
§ 1. Салықтық тексерулер ұғымы, типтері мен түрлері

 

627-бап. Салықтық тексерулер ұғымы, типтері мен түрлері

1. Салықтық тексеру - салық қызметі органдары:

1) Қазақстан Республикасы салық заңнамасының, сондай-ақ орындалуын бақылау салық қызметі органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасының орындалуын;

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



2) тексерілетін салық төлеушінің (салық агентінің) кәсіпкерлік қызметіне байланысты мәселелер бойынша тексерілетін салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтер алу үшін тексерілетін салық төлеушінің (салық агентінің) қызметіне қатысты құжаттар, ақпарат бар адамдарды, оның ішінде осындай қызмет бойынша жиынтық салық есебін жүргізуге жауапты жай серіктестік (консорциум) қатысушыларының уәкілетті өкілін;

3) салықтық тексерудің нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) жоғары тұрған салық органы қызметінің хабарламаға шағымды қараудың нәтижелері бойынша шығарған шешіміне шағым берген салық төлеушіден (салық агентінен) қосымша мәліметтер алу үшін жүргізетін тексеру.



2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Қажет болған кезде салық қызметі органдары салықтық тексеру барысында:

оның орналасқан жеріне қарамастан салық салу объектісі және (немесе) салық салумен байланысты объекті болып табылатын мүлікті зерттеп-тексеруді;

салық төлеушінің (салық агентінің) мүлкін (тұрғын үйінен басқа) түгендеуді жүргізуі мүмкін.

Мыналар:

нұсқамада көрсетiлген салық қызметi органдарының лауазымды адамдары және осы Кодекске сәйкес салық қызметi органдары тексеру жүргiзуге тартатын өзге де адамдар;

мынадай:

салық органдарында тiркеу есебiне қою;

бақылау-кассалық машиналардың болуы;

төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы;

акциздiк және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және түпнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және түпнұсқалығы, этил спиртiн босатуға лицензияның, рұқсаттың, патенттiң, осы Кодекстiң 574-бабында көрсетiлген тiркеу карточкасының болуы мәселелерi бойынша тақырыптық тексерулер кезiнде - нұсқамада көрсетiлген аумақтың учаскесiнде кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын салық төлеушi;

салықтық тексерудiң басқа түрлерi кезiнде - нұсқамада көрсетiлген салық төлеушi салықтық тексерулерге қатысушылар болып табылады.

Арнайы білімді және дағдыларды талап ететін мәселелерді зерттеп-тексеру, консультация алу үшін салық қызметі органы салықтық тексерудің нәтижесіне мүдделі емес маманды салықтық тексеруге тартуы мүмкін.

Салықтық тексеруге қатысушы болып табылатын салық қызметі органы лауазымды адамының жазбаша түрде қойған сұрақтары бойынша салықтық тексеруге тартылған маман қорытынды жасайды, ол салықтық тексеру барысында пайдаланылады. Мұндай жазбаша сұрақтар мен қорытындылардың көшірмесі салықтық тексеру актісіне, соның ішінде салық төлеушіге табыс етілетін салықтық тексеру актісінің данасына қоса беріледі.

Салық қызметі органы маманды салықтық тексеруге тартқан жағдайда салық төлеуші өз тарапынан маманды тартуға құқылы, оның қорытындысы салық төлеуші маманының қорытындысын салық қызметі органына салықтық тексеру актісіне қол қойылған күннен кешіктірмей ұсынған жағдайда, салықтық тексеру актісіне қоса беріледі.

3. Салықтық тексерулерді тек қана салық қызметі органдары жүзеге асырады.

4. Салықтық тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:

1) құжаттық тексеру;

2) 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3) хронометраждық зерттеп-тексеру.

5. Құжаттық тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:

1) кешенді тексеру - салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлері бойынша салық міндеттемелерінің орындалуы, міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақтылы есептелуі мен аударылуы және әлеуметтік аударымдардың толық және уақтылы есептелуі мен төленуі бойынша салық қызметі органы салық төлеушіге қатысты жүргізетін тексеру.



Кешенді тексеруге тақырыптық тексеру мәселелері де енгізілуі мүмкін.

Жүргізілуі осы Кодекстің 37-40-42-баптарында көзделген құжаттық тексеру тарату тексеруі болып табылады және ол кешенді тексеруге жатады;

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді



2) тармақшаға өзгерістер енгізу туралы 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңын қараңыз (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

2) тақырыптық тексеру - мыналар:

салықтың және (немесе) бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң жекелеген түрлерi бойынша салық мiндеттемесiнiң орындалуы;

Кеден одағына мүше мемлекеттердiң аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы және (немесе) акциз бойынша салық мiндеттемесiнiң орындалуы;

мiндеттi зейнетақы жарналарының толық және уақтылы есептелуi, ұсталуы мен аударылуы, сондай-ақ әлеуметтiк аударымдардың толық және уақтылы есептелуi мен төленуi;

банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың осы Кодексте, сондай-ақ «Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы» және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мiндеттердi орындауы;

трансферттiк баға белгiлеу;

акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірілуін және айналымын, сондай-ақ авиациялық отынның, биоотынның, мазуттың айналымын мемлекеттік реттеу;

соттың заңды күшiне енген үкiмiнiң немесе қаулысының негiзiнде жалған кәсiпорын деп танылған салық төлеушiмен жасасқан операциялар бойынша салық мiндеттемелерiн айқындау;

кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру ниетінсіз жүзеге асырылған деп сот таныған мәмiле (мәмiлелер) бойынша салық мiндеттемелерiн анықтау мәселелерi бойынша;

салық төлеушi (салық агентi) мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуды айқындау;

халықаралық шарттардың (келiсiмдердiң) ережелерiн қолдану заңдылығы;

қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау;

төленген табыс салығын резидент еместiң салықтық өтiнiшiнің және қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттың негiзiнде бюджеттен немесе шартты банк салымынан қайтару;

осы Кодекстiң 608-бабында белгiленген тәртiппен камералды бақылаудың нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы салық органдарының хабарламасын салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) орындалмауы;

салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) салықтық тексерудiң нәтижелерi туралы хабарламаға және (немесе) жоғары тұрған салық қызметi органының хабарламаға шағымды қарау нәтижелерi бойынша шығарылған шешiмiне салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) шағымында жазылған мәселелер бойынша шағымын қарау;

төленген табыс салығын бюджеттен немесе қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттың ережелерiне сәйкес шартты банк салымынан қайтаруға резидент еместiң салықтық өтiнiшiн қайта қарау туралы өтiнiшiн қарау;

салық органдарында тiркеу есебiне қою;

бақылау-кассалық машиналардың болуы;

төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы;

акциздiк және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және түпнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және түпнұсқалығы, этил спиртiн босатуға лицензияның, рұқсаттың, патенттiң, осы Кодекстiң 574-бабында көрсетiлген тiркеу карточкасының болуы;

бақылау-кассалық машиналарды қолдану тәртiбiн сақтау;

Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасын және акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн өндiру, сақтау және өткiзу шарттарын сақтау;

касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органы шығарған өкiмдi орындау мәселелерi бойынша салық төлеушiге (салық агентiне) қатысты салық қызметi органы жүргiзетiн тексеру.

Мынадай:

салық органдарында тiркеу есебiне қою;

бақылау-кассалық машиналардың болуы;

төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы;

акциздiк және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және түпнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және түпнұсқалығы, этил спиртiн босатуға лицензияның, рұқсаттың, патенттiң, осы Кодекстiң 574-бабында көрсетiлген тiркеу карточкасының болуы мәселелерi бойынша тақырыптық тексеру жүргiзуге қатысу үшiн жеке кәсiпкерлiк субъектілерi бiрлестiктерiнiң өкiлдерi осындай бiрлестiктермен келiсiм бойынша тартылуы мүмкiн.

Жеке кәсіпкерлік субъектері бірлестіктерінің өкілдері көрсетілген тақырыптық тексерулерді жүргізуі кезінде салық төлеуші құқықтарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Тақырыптық тексеру актісінде жеке кәсіпкерлік субъектерінің бірлестіктері өкілдерінің қатысу фактісі тіркеледі.

Бұл ретте тақырыптық тексеру бір мезгілде осы тармақшада көрсетілген бірнеше мәселелер бойынша жүргізілуі мүмкін. Тақырыптық тексеру бюджетке төленетін салықтың барлық түрлері және басқа да міндетті төлемдер бойынша міндеттемелердің орындалуына тексеру жүргізуді көздемейді;

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) қарсы тексеру - салық қызметi органы салық төлеушiмен (салық агентiмен) операцияларды жүзеге асыратын тұлғаларға қатысты жүргiзетiн тексеру, салық қызметi органдары аталған салық төлеушiнi тексеру барысында пайдалану үшiн осындай операциялар туралы қосымша ақпарат алу мақсатында оған қатысты кешендi немесе тақырыптық тексеру жүргiзедi.

Қарсы тексеру кешендi немесе тақырыптық тексеруге қатысты қосалқы тексеру болып табылады.



Қарсы тексеру деп:

тараптардың бірі Қазақстан Республикасы болып табылатын, салық немесе құқық қорғау органдары арасындағы өзара ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарға (келісімдерге), сондай-ақ Қазақстан Республикасы халықаралық ұйымдармен жасасқан шарттарға сәйкес басқа мемлекеттердің салық немесе құқық қорғау органдарының, халықаралық ұйымдардың сұрауы бойынша;

камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған қосылған құн салығы бойынша салық міндеттемесі жөнінде және осындай операцияларға байланысты бұзушылықтарды жоймаған не осындай бұзушылықтардың жоқтығын растай алмайтын түсініктеме ұсынған салық төлеушімен (салық агентімен) жасалатын операцияларды жүзеге асыратын адамдарға қатысты жүргізілетін тексеру де танылады;

4) 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

6. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

7. Хронометраждық зерттеп-тексеру - салық органдары салық төлеушінің зерттеп-тексеру жүргізілетін кезең ішіндегі нақты табысын және табыс алуға байланысты нақты шығындарын анықтау мақсатында жүргізетін тексеру.

8. Салықтық тексеру жүргізу, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, салық төлеушінің (салық агентінің) қызметін тоқтата тұрмауға тиіс.

9. Салықтық тексерулер мынадай типтерге бөлінеді:

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) жоспарлы тексерулер - уәкілетті орган жарты жыл сайын бекітіп отыратын салықтық тексерулер жоспарына сәйкес жүзеге асырылатын кешенді және тақырыптық тексерулер. Салықтық тексерулер жоспары салық төлеуші (салық агенті) ұсынған салық есептілігін, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерді талдау негізінде жасалады;

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді



2) жоспардан тыс тексеру - осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлмеген, оның iшiнде:

салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) өзiнiң өтiнiшi бойынша;

Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнде көзделген негiздер бойынша;

салық төлеушi (салық агентi) бұрын тексерiлген салық кезеңiне қосымша салық есептiлiгiн осындай қосымша салық есептiлiгiнде көрсетiлген мәлiметтердiң дәйектілігін тексеру мақсатында ұсынылған жағдайда;

салық қызметi органының бұрын жiберiлген сұрау салулары бойынша алдыңғы салықтық тексеру барысында келiп түспеген жауап алынған жағдайда;

осы Кодекстiң 608-бабында белгiленген тәртiппен камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы салық органдарының хабарламасын салық төлеушi (салық агентi) орындамаған жағдайда;

резидент заңды тұлғаның, резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесiнiң бөлiну жолымен қайта ұйымдастырылуына немесе таратылуына байланысты;

резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын қызметiн тоқтатуына байланысты;

дара кәсiпкер, жекеше нотариус, адвокат қызметiнiң тоқтатылуына байланысты;

салық төлеушiнiң салықтық өтiнiшi негiзiнде қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiнен шығарылуына байланысты;

жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт мерзiмiнiң өтуiне байланысты;

акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірілуін және айналымын, сондай-ақ авиациялық отынның, биоотынның, мазуттың айналымын мемлекеттік реттеу мәселелерi бойынша;

Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық төлеушi (салық агентi) мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуларды айқындау мәселелерi бойынша;

қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомасының дәйектілігін растау бойынша салық төлеушiнiң қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетiлген талаптары негiзiнде;

резидент еместiң төленген табыс салығын бюджеттен немесе қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарт ережелерiне сәйкес шартты банк салымынан қайтаруға салықтық өтiнiшi негiзiнде;

Қазақстан Республикасының салық заңнамасында, сондай-ақ орындалуын бақылау салық қызметi органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген мiндеттердi банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың орындауы мәселелерi бойынша;

соттың заңды күшiне енген үкiмi немесе қаулысы негiзiнде жалған кәсiпорын деп танылған салық төлеушiмен жасалған операциялар бойынша салық мiндеттемесiн айқындау мәселелерi бойынша;

сот кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру ниетiнсiз жүзеге асырылған деп таныған мәмiле (мәмiлелер) бойынша салық мiндеттемесiн айқындау мәселелерi бойынша;

салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) салықтық тексеру нәтижелерi туралы хабарламаға және (немесе) жоғары тұрған салық қызметi органының хабарламаға шағымды қарау нәтижелерi бойынша шығарылған шешiмiне шағымын - осы шағымда көрсетiлген мәселелер бойынша;

резидент еместiң төленген табыс салығын бюджеттен немесе қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттың ережелерiне сәйкес шартты банк салымынан қайтаруға салықтық өтiнiшiн қайта қарау туралы өтiнiшiне байланысты;

олар бойынша лицензиар лицензия қолданысын тоқтата тұрған бұзушылықтарды жою мәселесi бойынша;

Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердiң аумағынан импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы және (немесе) акциз бойынша салық мiндеттемесiн орындау мәселелерi бойынша;

салық органдарында тiркеу есебiне қою мәселелерi бойынша;

бақылау-касса машиналарының болуы мәселелерi бойынша;

төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы мәселелері бойынша;

акциздiк және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және түпнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және түпнұсқалығы, этил спиртiн босатуға лицензияның, рұқсаттың, патенттiң, осы Кодекстiң 574-бабында көрсетiлген тiркеу карточкасының болуы мәселелерi бойынша;

бақылау-касса машиналарын қолдану тәртiбiн сақтау мәселелерi бойынша;

акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн лицензиялау қағидаларын және оларды өндiру, сақтау және өткiзу шарттарын сақтау мәселелерi бойынша;

касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органы шығарған өкiмдi орындау мәселелерi бойынша;

уәкілетті органның шешiмi негiзiнде жүзеге асырылатын салықтық тексерулер.

Осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жоспардан тыс тексерулер бұрын тексерілген кезең үшін жүзеге асырылады.

2) тармақшаның Үшінші бөлік 2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді

Бұл ретте, бұрын тексерілген кезеңдегі жоспардан тыс тексерулер салық төлеушінің (салық агентінің) өзінің өтініші бойынша, қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетілген қосылған құн салығының асып түсуін қайтару туралы талап бойынша, Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасында көзделген негіздемелер бойынша немесе салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) жоғары тұрған салық қызметі органының хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешіміне жасаған шағымына байланысты жүргізілетін салықтық тексерулерді қоспағанда, уәкілетті органның шешімі негізінде жүргізіледі.

10. Салық қызметі органдары заңды тұлғаның өзіне салықтық тексерудің жүргізілуіне қарамастан заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерін тексеруге құқылы.



Салық төлеушінің құрылымдық бөлімшенің таратылуына байланысты салықтық тексеру жүргізуге салықтық өтініш беру жағдайларын қоспағанда, резидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін тіркеу есебінен шығарған кезде тарату салықтық тексеруі жүргізілмейді.

11. Құжаттық тексеруге жататын кезең осы Кодекстің 46-бабына сәйкес белгіленген талап қою мерзімінен аспауға тиіс.

12. Салық қызметі органдары камералдық тексерудің нәтижелері бойынша соттың заңды күшіне енген үкімінің немесе қаулысының негізінде жалған кәсіпорын деп танылған салық төлеушімен жасасқан операциялар бойынша салық міндеттемелерін айқындау мәселелері бойынша бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, осындай операциялар және (немесе) мәміле (мәмілелер) жасалған салықтық кезең ішінде салық қызметі органдары камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық қызметі органдары анықтаған бұзушылықтар жойылғанға және осы Кодекстің 608-бабының 2-тармағында көзделген мерзім өткенге дейін салықтық тексерулер жүргізілмейді.

Жалған кәсіпорын деп танылған салық төлеуші туралы ақпарат салық қызметі органы соттың заңды күшіне енген үкімін немесе қаулысын алғашқы алған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органның сайтында орналастырылады.

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет