Лингвистикалық семантика когнитивті лингвистиканың даму көзі болып табылады. Кейбір зерттейшілер когнитивті лингвистиканы «аса тереңдетілген семантика» деп есептейді, оны семантиканың табиғи даму нәтижесі ретінде қарастырады. Олар тілдік семантиканың категориясын адам танымы арқылы дүниені меңгерудің нәтижесін көрсететін жалпылама ұғымдық категория ретінде түсінеді. Когнитивті лингвистиканың зерттеу нәтижелері тек семантикада ғана қолданылып қоймайды, мәселен, прототип ұғымы сонымен бірге фонологияда, морфологияда, диалектологияда қолданады және т. с. с. когнитивті лингвистиканың семантикалық проблематикамен табиғи тепе-теңдікте болуы және оның лингвистикалық семантикамен методологиялық жақындықта болуы, әсіресе, Ресей ғалымдарының когнитивті лингвистика немесе когнитивті грамматика туралы емес, когнитивті семантика туралы сөз қозғауына жол ашты. Когнитвті лингвистиканың бірден бір зерттеушілері Н.Д.Арутюнова, А. Вежбицкая, Ю.С. Степанов, Е.С. Кубрякова, В.Н. Телия дәл осы симантикалық зерттеулер арқылы когтивті лингвистикаға келді.
Жоғарыда аталған даму көздерінен басқа когнитивті лингвистиканың дамуында белгілі деңгейде роль атқарған – Лингвистикалық типология мен этнолингвистика, нейролингвистика (тілді адам миының тұтас менталды қызметінің ұғымдық негіздемесі ретінде түсіндіреді), психолингвистика, культурология, тарихи-салыстырмалы тіл білімі. Конгвинистік лингвистиканың қалыптасуының төмендегідей кезеңдерін көрсетуге болады.
«Когнитивтік лингвистика» термині 1975 жылы Дж Лакофф пен Г. Томпсонның «Когнитивті лингвистиканы таныстырамыз» атты мақаласында қолданылды. 1987 жылы Р. Ланкагердің «Когнитивті лингвистиканың негіздемесі» еңбегінің бірінші томы жарық көрді. Сондай – ақ осы бағытқа арналған Дж Лакоффтың «Әйелдер, от және қатерлі заттар» атты еңбегі, М. Джонсонның «Ойлаудағы дене» аталатын кітабы жарияланды.
20 ғасырдың 80 жылдарындағы Л. Тальми, Ч. Фильмор, У. Чейфтің мақалалары когнитивті лингвистиканың дамуындағы ерекше кезеңі болды. 20 ғасырдың 90 жылдарының басына дейін когнитивті лингвистика ғылымы бір – бірімен байланысы жоқ жеке зерттеулермен толықты. Бұл – Дж. Локофтың, Р. Ланканердің, Т. Вандейктің (Нидерландық), Дж. Хэйманның (Канадалық) зерттеу бағдарламалары.
90 жылдардың ортасында Европада когнитвті лингвистмкаға арналған алғашқы оқулықтар жарық көре бастады, олар: Ф. Укегер, Х – Й.Шмид. «Когнитвті лингвистикаға кіріспе» (1996) және Б. Хайне «Грамматиканың когнитивті негіздемесі» (1997). Орыс тіл білімінде алғаш рет когнитивті лингвистика В. И. Герасимовтың шолулары (1985) арқылы таныс болып, 80 жылдары қарқынды дами бастады. Оның қалыптасуында табиғи тілді түсінуді модельдеуге арналған мына ғылыми жарияланымдардың ролі болды: «табиғи тілді түсінетін бағдарлама» (1976 түпнұсқа 1972) атты Т. виноградтың орысша аудармасы және Р. Шенкидің өзге әріптестерімен бірлесіп шығарған «Концептуалды ақпаратты өңдеу» (1980, түпнұсқа 1975), осы тақырыпқа арналған «Шетел лингвистикасындағы жаңалықтар» жинагының 12 томы.
1988 жылы Кеңес Одағында тілдің когнитивтік аспектісіне арналған «Шетел лингвистикасындағы жаңалықтар» жинағының 23 томы, 1995 жылы «Тіл және интеллект» жинағы жарық көрді.
Н. Арутюнова, Е. С. Кубрякова, Ю. С. Степанов, И. А. Стернин, В. Н. Телия және басқа да ғалымдардың күшімен жарыққа шыққан зерттеу еңбектерде тілдегі адамдық фактор, тіл мен филасофияның, тіл мен психологияның тығыз байланыстылығы сөз болды.
Когнитивтік лингвистиканыңмдамуына ерекше үлесі болды деп Ю. С. Степановтың «Константтар: орыс мәдениетінің сөздігі» кітабын айтуға болады. Бұнда бірінші рет мәдениет константы мен концептілеріндегі мәдени құндылықтар талданады. Мәселен: «Шындық», «Заң», «Махаббат», «Сөз», «Жан», «Күнә», «Ғылым», «Интеллегенция», «От», «Су», «Нан» т.б.
Е. С. Кубрякованың «Когнитивтік терминдердің қысқаша сөздігі» еңбегінің де айтарлықтай маңызы болды.
Қазіргі таңда когнитивтік лингвистиканың басты орталығы Калифорния университетінің Беркли және Сан –Диего бөлімдері, сондай – ақ, Буффоладағы Нью – Йорк университетінің Когнитивті ғылымдар орталығы. Европада когнитивті лингвистика әсіресе Голландияда, Германияда ерекше дамуда. Когнитивтік ғылымдардың басты объектілерінің бірі тіл болып табылады. Тілді зерттемейінше адамның қабылдау, тілдік өңдеулерді қабылдау, меңгеру, білімді қолдану, талдау, жоспарлау,мәселелерді шешу мүмкін емес. Е. С. Кубрякованыңпікірінше, когнитивтік лингвистика емес тек тілді зерттеп қоймайды, сонымен бірге когницияны (таным, ойлау) да категоризациялаудың базистік деңгейінде зерттейді.
Зерттеушілірдің көрсетуінше, қазіргі таңда когнитивтік лингвистика іштей бірнеше бөлімдерден тұрады:1. Табиғи тілдің түсінілуі және жасалу үдерісін зерттеу; Тарихи жағынан біршама байырғы зертеу түрі. Мәтіннің туылуы мен түсінілуін компьютерлік модельдеуге бағытталады. Бұл салада У. Чейфтің еңбектері белгілі. 2. Тілдік категоризациялау ұстанымын зерттеу; Бұл салада Э. Роштың идеяларын ілгері дамыту арқылы Дж. Лакофф біршама табыстарға қол жеткізді. Категория туралы дәстүрлі түсінік бойынша категориялардың мүшелері біріңғай белгілермен сипатталады, сондықтан белгілі бір заттар бірдей категорияға жатуы да, жатпауы да мүмкін. Соңғы зерттеулер бұл түсініктің дәл бола бермейтінін дәлелдеп отыр. Экспериментті зерттеулер көрсеткендей категориялардың өзіндік ішкі құрылымдары бар: оларды кейбір элементтері басқаларға қарағанда категорияны артығырақ танытуы мүмкін, яғни категорияның ішіндегі прототипті сипаттағы мүшесі бола алады. Мысалы, ағылшындар үшін прототипті құс атауы малиновка болса, орыстар үшін – қараторғай, ондай жағдайда пингвин мен түйеқұс құс категориясының шеткі қабатынан орын алады. Прототип ұғымы өте кең аяда қолданыла бастады: фонема мен аллафон ұғымдарын сипаттау үшін, морфологиялық және синтаксистік құбылыстарды түсіндіру үшін де прототип ұғымы алынады. 3. Ұғымдық құрылымы мен оны оның тілдік қатысын зертеу; Бұл жұмыстар да жасанды интеллект шеңберінде қалыптасып, Ч. Филлмор еңбектерінде лингвистикалық зертеулердің қажетіне қарай ыңғайластырылған. Зерттеудің бұл түрінде когнитивтік лингвистика әлеуметтанумен және мәдениеттанумен іргелес зерттеулер жүргізеді. 4. Когнитивтік – семантикалық суперкатегорияларды зерттеу; 5. Тілдегі қозғалыстың концептуализациялау типтерін және кеңістік қатынастарын зерттеу; 6. Адам санасы мен тілінің денелік (тәндік) базисін зерттеу; Оның негізінде концептуалды жүзеге асыру (conceptual embodiment) идеясы жатыр. Адамның түсінік әлемінің (понятийный мир человека) құрылымы оның абстактілі фрагменттерін қоса алғанда, адамның биологиялық табиғатымен, әлеуметтік дүниедегі физикалық қарым – қатынас тәжірибесімен тығыз байланысты. Көптеген ұғымдық және тілдік категориялардың түп – төркіні адам тәнінің құрылымына, қызметіне, мәселен ассиметриялық, адамның қимылының түрлі жағдайына байланысты оның «жоғарысы», «төмені», «алды», «арты», «оңы», «солы» болуы, дененің физиологиялық қызмет атқаруы, түрлі салт жоралар т.б. Дене туралы ұғым адамның тәндік табиғаты арасындағы аралық саты болып есептеледі. Дененің өзі адамның ішкі әлемі мен сыртқы дүниесінің арасындағы шегара қызметін атқарады. Яғни дүниені қабылдау, оның тілде бейнеленуінің орталық шеңберінде адамның денесі мен тілі тұрады. Осындай идеяға негізделген теорияны шет елдерде Дж. Лакофф, М. Джонсон, Ф. Варель, Э. Рош негізінде, Ресейде осындай идея тілдің антропоқзектілігі (Ю.Д.Апресян) терминімен аталатын теория түрінде қалыптасқан. Концептуалды жүзеге асыру доктринасы практика жүзінде семиотикалық зерттеулермен сәйкеседі. 7. Тілдегі метафоралық және метонимиялық құбылыстарды зерттеу; Дж. Лакоффтың философ М. Джонсонмен бірлесіп жазған «Біздің өміріміздегі метафоралар» еңбегінде метафораны жаңа ұғымдар қалыптастырудың адам тәжірибесіне негізделген құралы ретінде сипаттайды. Мысалы, билік (высокий) геометриялық анықтауышының биік адам, биік ағаш тіркестерінде қолданылуы оның мағынасында метафоралық ауысудың келесі түрлерін туғызды (высокий сөзіне қазақ тілінде биік және жоғары сөздері балама болады); механикада – жоғары жылдамдық, термодинамикада – жоғары температура, электродинамикада – жоғары кернеу, этикада – жоғары мораль, жауапкершілік, еңбек қызметіне – жоғары машық, эстетикада – биік талғам, құқықта – жоғары машық, эстетикада – биік талғам, құқықта – жоғары сот т.б.
Дамудың қазіргі деңгейінде когнитивтік лингвистиканың алдында үш негізгі мәселе тұр: тілдік білімнің қолдануға байланысты. Сондықтан зерттеу мынандай бағыттарда жүргізілуі тиіс:
а) таңбалар арқылы берілген білім түрлері мен табиғаты (гносеология – таным теориясы), таңбадан білімді айырып танудың механизмі, яғни интерпретациялау тәртібі (когнитивті семантика және прагматика);
б) таңбалар мен олардың қызметін бағыттап отыратын заңдылықтардың қалыптасу алғы шарттары;
в) тілдік таңбалар мен онда көрініс тапқан мәдени реалилердің арақатынасы.
Когнитивтік лингвистикада бәріне бірдей ортақ мәселе «ақыл – ой – тәл – репрезенциялау – концептуализациялау - категоризациялау – қабылдау» ұғымдарының когнитивтік шынжырдағы өзара қарым – қатынасын анықтау мәселесі болып отыр. (Маслова, 2001)
Бүгінгі таңда тілді зерттеудің күрделенгендігі соншалықты тілдік коммуникацияның ішкі құрылымын түсіну үшін лингвистердің, философтардың, психологтардың, мәдениеттанушылардың, өнер саласындағы өзге де интеллектінің бірлескен күші қажет.
Когнитивті лингвистиканың алдына қойған міндеттері:
Дүниені игеру және тану процесіндегі тілдің ролі;
Дүние туралы ақпаратты қабылдау, жалғастыру (тасымалдау),қайта өңдеу;
Білімді концептуализациялау, категоризациялау, мәдени константтарды тілдік категоризациялау және концептуализациялау;
Концептосфераны жасайтын әмбебап концептілердің жүйесін жасау;
Тілдік дүние бейнесі проблемасы.
Когнитивтік лингвистика тілдік талдауларды сөйлеу түрлерін, белгілі бір лексемалар қолданылып тұрған клнтекстерді, мәтін деңгейінде концептілердің танылуы, концепт көрінісі беретін фразеологизмдерді, мақал – мәтел, афоризмдерді, олардың сөздіктердегі мағыналарын талдаумен толықтырады.