Когнитивті лингвистика



Pdf көрінісі
бет50/81
Дата21.12.2022
өлшемі0,63 Mb.
#163766
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   81
Байланысты:
document (3)

категория -
адам ойының танымдық формаларының бірі; адам
тәжірибесін жалпылауға, жіктеуге мүмкіндік беретін ерекше ұғым

фрейм – 
1) 
онтологиялық тұрғыдан
фреймдер ғылыми-практикалық
әрекеттерді ұйымдастыру құрылымы деп қаралу керек; 2)
гносеологиялық тұрғыдан
– аталмыш әрекеттердің танымдық бейнесі
анықталуы қажет; 3)
когнитивтік тұрғыдан
– фреймдер адам
санасындағы деректерді жинақтайтын, реттеп отыратын құрылым ретінде
айғақталуға тиіс;
Тапсырмалар:
1 «Абайдың қара сөздері» аясында ассоциативтік тезаурус түзіңіз, Қара
сөздердегі Абайды дағдарысқа ұшырататын, ыза қылатын жайттарды топтаңыз,
ең негізгілерін анықтаңыз.
2 М.Мақатаев, Абай, т.б. жас ақындар өлеңдеріндегі «сағыныш» концептісіне
талдау жасаңыз. Сағыныш кімде, қалай, қай жағдайда суреттелетініне мысал
теріп, танымдық картасын құрыңыз.
Әдебиеттер:
1.Маслова В.А. «Когнитивная лингвистика» М.,2003
2.Оразалиева Э. Қазақ тіл біліміндегі когнитивтік парадигма (Филология
ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған
диссертация) Алматы, 2007 
3.Жаманбаева Қ.Ә. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері эмоция, символ,
тілдік сана. Алматы, 1998
№7 сабақ.
Когнитивизм және когнитология. 
Сабақ жоспары:
1.Когнитивизмнің негізгі қағидалары
2.Когнитивті лингвистика - когнитологияның бір саласы
Когнитивизм және когнитология. 
Бақылау сұрақтары

Когнитивизм және когнитология түсініктерін ажыратыңыз. 
Глоссарий:

ұлттық-мәдени кеңістік және этномәдени белгілер -
өзге мәдени
құбылыстармен бетпе-бет келгенде ғана айқындалатындықтан әрі
мағыналық ерекшелігін информациялар мен эмоциялар тізбегі, адам өмір
сүретін және қызмет ететін виртуалды әрі шынайы шарттар құрайтын
ерекшеліктер;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет