Көптеген ғалымдар сөздің тілдік мағынасы, бір жағынан, жеке адамның
қабылдауымен ұштасса, екінші жағынан, олардың қай-қайсысы болсын, жалпы
адам санасында орныққан белгілі бір бейнеге тәуелді болады деген
қорытындыға келді Когнитивистер оған дәлел ретінде адамның дайын
құрылымдарды пайдалану ерекшелігін атайды. Адам санасы әр түрлі танымдық
бөлшектердің қоймасы болғандықтан, олар мұнда алуан түрлі процестер
автоматты түрде және кезек-кезек, белгілі бір тәртіппен жүзеге асып отырады
деп тұжырымдайды. Айталық: әр түрлі жағдайларда қажет бірліктердің
автоматты түрде қолданысқа шығып отыруы; бейтаныс заттың өзі бұрыннан
қалыптасқан тәжірибе арқылы сәйкестендіріле не салыстырыла анықталуы,
ұқсас нұсқалар көмегімен қабылданып танылуы; қоршаған әлем адам
санасында әр түрлі бейнелер мен бағалағыштық сипаттамалар негізінде көрініс
табуы; т.б. – бұлардың барлығы үздіксіз шеңбермен қозғалып, дүние арқылы
тілді және тіл арқылы дүниені тануға мүмкіндік береді. Осыған орай,
М.Минский фреймдерді қалыпты жағдайларды адам санасында бейнелей
алатын деректер құрылымы деп қарастырды. Автор пікіріне сүйенер болсақ,
фреймдік модель адам санасы мен жадының психологиялық негізі болып
табылады, сол себепті ғалымның фреймдік теориясы декларативті және
процедуралық ілімдердің сабақтасуына негізделе келе, 3 түрлі сатылық
байланыспен ерекшеленеді: 1) әр фрейм өзіндік бірліктерден және олардың
байланыстарынан тұратын жүйе; 2) әр фреймнің өзінің деңгейлері болады; 3) әр
фрейм жаңа деректермен толығып отырады. А.С.Герд 1988 жылы аталмыш
ұғым кеңістігін одан да кеңейте түсу керек дей отырып, оған 3 түрлі ұстаным
негізінде анықтама беру қажеттігіне тоқталды. Мәселен, 1)
Достарыңызбен бөлісу: