Когнитивті лингвистика


Мына анықтамада түсірілген сөздерді ойша қалпына келіріңіз.  - білім -



Pdf көрінісі
бет49/81
Дата21.12.2022
өлшемі0,63 Mb.
#163766
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   81
Байланысты:
document (3)

4.
Мына анықтамада түсірілген сөздерді ойша қалпына келіріңіз. 
-
білім -
бұрыннан .... тәжірибе мен қалыптасқан түсінік ....
субъективті-объективті қатынастарды реттейтін, сөйтіп тұжырымдар мен
қорытындыларды негіздеуге көмектесетін, бір .... бағытталған
әрекет (В.А.Маслова);
Әдебиеттер:
1.Маслова. В.А.Когнитивная лингвистика., – Минск., 2004. 
2.Оразалиева Э, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы; А.,2007.
3.Хұсайынов Б.Концептуалды талдаудың рөлі// Тілтаным.№1. 
4.Әмірбекова А.Б. Концептілік құрылымдардың поэтикалық мәтіндегі
вербалдану ерекшелігі (М.Мақатаев поэзиясы бойынша). Филол. ғыл. канд.
дисс. автореф.,-А.,2006.
№ 6 сабақ.
Когнитивтік ұғымдардың ерекшеліктері 
Сабақ жоспары:
1.Когнитивтік лингвистика: концепт
1. Когнитивтік лингвистикадағы базалық ұғымдар
Бақылау сұрақтары:
1.Фрейм деген не?
2.Гештальт ұғымын түсіндіріңіз?
3.Концепт ұғымын түсіндіріңіз?
Глоссарий:

концепт –
адам санасының ойлау бірліктері мен психикалық
ресурстарын, білім мен тәжірибенің бейнелі көрсеткіштерін құрайтын,
хабарлы құрылымдарды түсіндіруге мүмкіндік беретін когнитивті
лингвистиканың негізгі ұғымдарының бірі;

концептуалды жүйе
- адам ақылы меңгерген барша тұжырымдар
жиынтығының ментальді деңгейі;

концепттік ая -
белгілі бір тілде сөйлеуші тұлғаның дүниетанымын
қалыптастыратын, универсалды немесе жалпыхалықтық ілімдер мен
жеке индивидуалды танымның сабақтасуынан жинақталатын
тұжырымдар;

концепттік талдау
– 1) тар мағынасында - мәдени құбылыстың,
ұғымның немесе мәдени қабаттың концептілердің көмегі арқылы
талдануы; яғни сөздерді мәдени құбылыс ретінде қарау арқылы олардың
прагматикасы мен семантикалық құрылымының талдануы; 2) жалпы
мағынада - тілді қолданушының әлем туралы түсінігін, оның
ерекшеліктерін сөз арқылы ашатын тілдік талдауы (М.Күштаева);
104





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет