Когнитивті лингвистика


№11 сабақ. Тілдік таным және ғаламды зерделеу.  Сабақ жоспары



Pdf көрінісі
бет56/81
Дата21.12.2022
өлшемі0,63 Mb.
#163766
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   81
Байланысты:
document (3)

№11 сабақ.
Тілдік таным және ғаламды зерделеу. 
Сабақ жоспары:
1.Тілдік таным және ғаламды зерделеу. 
2. Ғалам бейнесі және ғаламның тілдік бейнесі
Бақылау сұрақтары:
1.Ғалам бейнесі дегенді қалай түсінесіз?
2. Тіл мен сананың тілдік таным мен ғаламды зерделеудің арақатысы туралы не
айтасыз?
Глоссарий:

әлемнің бейнесі
– бұл ойлау әрекетінің нәтижесі және шарты. Тіл бойына
табиғи, климаттық, мәдени және өзге де адам өмірінің шарттарын білдірер
өзгешеліктерді сіңіру арқылы дамитындықтан, ат қою жүйесінің өзі әлемнің
шексіз болмысын бейнелеуден туындайды... (Э.Сүлейменова);

әлемнің тілдік бейнесі - 
біріншіден, белгілі бір ұлттық тілге қатыссыз, яғни
тіларалық өзгешеліктерге тәуелсіз айқындалатын ұғым; екіншіден,
керісінше, тілдік ерекшеліктерге, ең алдымен, лексикалық номинация
109


жүйесіндегі өзіндік белгілерге бағыттала әрі ұлттық тілдің негізінде
қалыптасатын ұғым (Э.Д.Сүлейменова);

білім -
бұрыннан орныққан тәжірибе мен қалыптасқан түсінік негізінде
субъективті-объективті қатынастарды реттейтін, сөйтіп тұжырымдар мен
қорытындыларды негіздеуге көмектесетін, бір мақсатқа бағытталған әрекет
(В.А.Маслова);

ғалам бейнесі
дегеніміз – адамның дүниетанымындағы субъектілік және
объектілік бастауларының синтетикалық бірлігі, рухани жеке әрі мәдени
тарихи субстанцияның синтезі (Е.Ә.Керімбаев); ғалам бейнесі дүниенің
біртұтас ғаламдық образы, ол адамның бүкіл рухани белсенділігінің
нәтижесі болып табылады, адамның ғаламмен жасайтын барлық
байланыстары барысында пайда болады (Б.Тілеубердиев);

ғаламның ономастикалық бейнесі
дегеніміз – ғалам туралы білімдердің
жиынтығы, тілдің жеке бірліктерінде нақты тілдік қауымдастықтың ұлттық
тарихи-мәдени және әлеуметтік тәжірибесі (Б.Тілеубердиев);


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет