Тіл туралы ғылымның тарихи қалыптасуы мен теориялық дамуы алуан түрлі
ұғымдардың да лингвистика шеңберінде қолданыс табуына себепкер болды. Өзге
ғылымдармен тығыз байланыс құрай отырып, тіл білімі пәлсапалық, қоғамдық,
психологиялық терминдерді тілдік ізденістерге арқау етіп, ғасырлар тоғысында
жаңа міндеттер шешу мүмкіндігіне ие болды, соның арқасында қазір лингвистика
пәнаралық шекараларды жаңаша белгілеумен қатар, ғылыми тұтасудың да өзгеше
үрдісін қамтамасыз етіп отыр. Бұл процестердің астарында «адамзат болмысын»
ерекше қабылдау, «қоғамдық қатынастарды» жан-жақты түсіну, «ғылыми зерттеу
мүмкіндіктерін» жаңа бағытқа жұмылдыру әрекеттері байқалады.
Бүгінгі күні көкейтесті ұғымдар қатарын толықтырған «тілдік парадигма»
тіркесі де сол үзілмес байланыстар тізбегінен орын алуда. «Парадигма» -
салыстырмалы түрде тек кейінгі жылдары ғана қажеттілік тудырған
концептілердің бірі» деп көрсетілгендей, аталмыш терминнің қалыптасуы мен
өзектелуі ғылыми сұраныстың салдарын құрайды. Атропоцентристік бағыттың
өріс алуымен, тіл тарихының зерделенуімен әрі танымдық ұстанымдардың
маңыздылығымен айғақталар бұл ұғымның мағыналық болмысы бірден
айқындала қойған жоқ. Оған дәлел ретінде В.З.Демьянков ұсынған шолуға назар
аударуға болады. «Парадигма» «еуропа ғылымында», нақтырақ айтқанда, роман,
герман топтарында, орыс тілдерінде жүйелі түрде тек бір мағынада
қолданылмаған. Ол алғашында латын тіліне грек тілінде жарық көрген
теологиялық жазбалар мен риторикалық еңбектер арқылы енген. Аталмыш ұғым
бастапқы кезде «жағымды, жағымсыз мысалдардың айтылуы»; «өмірден алынған
үлгілер» (итальян тілінде); «жүйе» және «заңдылық» (испан тілінде) деген
сөздермен ұштаса беріліп келсе, кейін француз сөздіктерінде «мысал», ағылшын
тілінде жазылған лексикографиялық зерттеулерде «үлгі немесе модель», «жалпы
түсінік яки концепт», «лексеманың сөз түрлену мүмкіндіктерін айқындар септелу
формалары» деген мағыналарда қарастырылған екен» . Осыған ұқсас сипаттағы
түсініктемені орыс тілінде де кездестіруге болатынын атап өткен автор
парадигма ұғымының жаңа белесін Т.Кун есімімен сабақтастырды, ал басты
белгілерін «кундық мағына» тұрғысынан талдап көрсетті. Айталық,
бұл көзқарастар жүйесі
Достарыңызбен бөлісу: