Кохлеарлы имплантация жүйесі - бұл жүйке талшықтарын электрлік ынталандыруды қамтамасыз ететін зақымдалған немесе жоқ қыл жасушаларының функцияларын орындайтын электрондық құрылғы. Кохлеарлық имплантация жүйесі - бұл жоғары технологиялардың өнімі, адамдарға IV ст. және одан да көп екі жақты сенсоневральді есту қабілетінің жоғалуы кезінде естуге мүмкіндік беретін құрылғы. Бұл дегеніміз, кохлеарлық импланты бар адам отбасымен, достарымен, әріптестерімен сөйлесе алады.
Кохлеарлық имплантация жүйесінің құрамына екі компонент кіреді:
Кохлеарлық имплант кохлеарлық имплант жүйесінің бірінші компоненті кохлеарлық имплант болып табылады. Ол дыбыстық ақпаратты электрлік импульстар түрінде ішкі құлақтың зақымдалған рецепторлық аппаратын айналып өтіп, есту нервінің талшықтарына тікелей жеткізеді. Имплант қабылдағыш/стимулятор және электрод торынан тұрады. Қабылдағыш / стимулятор — бұл кішкентай дөңгелек табақ, ол құлақтың артындағы терінің астында орналасады және сигналдарды қабылдайды, оларды электр импульстарына айналдырады. Электрод торы-қабылдағыштан/стимулятордан шыққан жұқа жіп, ол ішкі құлақта есту нервінің талшықтарына жақын орналасқан. Электрод торы платина электродтарынан тұрады және олар арқылы электр импульстары есту нервіне енеді.