Койшинова Г


 Ағартушылық кезең (ХІХ ғасырдың 90 жылдарына дейін)



Pdf көрінісі
бет17/55
Дата10.05.2020
өлшемі0,66 Mb.
#66984
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   55
Байланысты:
a280215121
1блок, әлеумет 2020-21(1) (3), Украина презентация, произнашения и ударение 2, қж (1)
3.1 Ағартушылық кезең (ХІХ ғасырдың 90 жылдарына дейін)

Ресейде  туризмнің пайда  болу  уақыты  туралы  бірдей  пікірге әлі  де

келген жоқ. Мүмкін оның дамуы ХVІІІ ғасырдың басына жатады.

Орыс мемлекетінде алғашқы саяхаттар танымдық, сауда, саяси және діни

мақсаттармен  байланысты  болды.  IX ғ. Княгиня  Ольга  Византияға  барды.

Тарихшы  С.М.  Соловьевтың айтуынша,  саяхат  жасаудың ең маңызды

себептері  «дүниенің кереметтерін  көруге қызығушылық» болды, өйткені

«Констонтинопольде кім болатын болса, сол көтеріліп өсу» престижі болды.

Көне  Русь  ішіндегі  де  және  одан  тыс  та  (Константинополь,  Астрахань

мемлекеті,  Византия, Ұлы  Жібек  жолы) өтетін  көпестердің керуендерінің

басқа жерге баруы ең ертедегі саяхаттарға жатты.

Русь жеріне  христиандықпен  бірге қажылық дәстүрі  де  келді.  ХІІ ғ.

басында  игумен  Даниил  Констонтинополь  мен  Иерусалимге қажылық

жасады  (бұл  саяхаттан  кейін  тарихқа  Даниил-қажы  деген  атпен қалды).  Ол

өзінің көрген  барлық көріністерін  суреттеп  жазды.  Осылай  діни

суреттемелердің  (сипаттамалар) – «хождения»  бастамасын қалады.  Бұндай

саяхаттардың мақсаты  діни  бағытта  басым  болса  да,  олар үлкен  танымдық

потенциалда  болды.  Діни  саяхаттардың  әңгімелері,  суреттемелері  табиғат,

мәдениет және әртүрлі елдер мен халықтар туралы мағлұматтарды қамтыды.

Көпшілік  халықтың толық сауатсыздығы  кезінде  патриархальдік  Ресейде

қажылықтың  құндылығы әртүрлі  білімнің көзі  ретінде  тіпті  ХІХ ғ. дейін

өзекті  болып  келді. Қажылыққа  баратын  негізгі  жерлер  Палестина,

Иерусалим,  Афон  тауы  болды. Орыс  жерінен – Сергиев  посад,  Оптина

пустынь,  Коренная  пустынь  және  елдің еуропалық бөлігіндегі  басқа  да

монастырьлар.

ХVII ғ. соңында,  Петр  І  басқаруынан  бастап,  орыс  патриархальдық

тұрмысына біртіндеп батыс мәдениетінің жаңа лептері ене бастаған кезден,

білім  алу  мақсатымен,  танымдық ой-өрісін  кеңейту үшін  шетелге  бару




саяхаттар тәжірибелене бастады.  Патша Петр І өзі осыған үлгі көрсетті. Ол

Ұлы мәскеулік елшілігінің құрамында Батыс Еуропа елдеріне саяхат жасады.

Петр  І  1718  жылғы  12  ақпан  айындағы  жарлығы  бойынша  Ресейдегі

өлкетанудың негізі қаланды.  Бұл  жарлықта  барлық табылған  заттар  мен

жаңадан ашылған жерлер туралы хабар беріп отыру керектігі айтылған. Көп

ұзамай  Петербургте  алғаш өлкетану  мұражайы  ашылды.  І  Петрдің  өзіде

саяхат  жасауды ұнатушы  болған.  1696 – 1697  жылдары  І  Петр  Еуропаға

өзінің алғаш  саяхатын  жасаған.  1716 – 1717  жылдары  І  Петр  Голландия,

Германия  және  Францияға  екі  жылдық сапарын  шекті.  Патшалық Ресейде

емдеу  мекемелерінің алғаш  даму  кезеңі  ХVIII ғ. келеді.  Оның  құрылысын

1713 жылы І Петр бастаған. Көне орыс курорттарына Кавказдың минералды

сулар  курорттары  (Пятигорск,  Кисловодск,  Есентуки,  Железноводск,т.б.)

жатады. Бұларға 1803 жылы жалпы Ресейлік атақ берілген. ІІ Екатерина 1775

жылы  Ресейге  танымдық саяхаттардың дәуірін  ашты.  Князъ  Григорий

Потемкиннің  ұсынысымен    ІІ  Екатерина  уәзірлерімен  шетелдік  елшілермен

империяның бүкіл  батыс  бөлігін    кесіп өтіп,  Днепр өзені  бойымен  жүзіп,

салынып  жатқан  Херсон  және  Севостополь қалаларын  көріп  шықты.  ХVІІІ

ғасырдың өзінде – ақ шетелге саяхаттарды ұйымдастыруға алғашқы қадамдар

жасала  бастады.  Жалпы  зерттеулер  бойынша ұйымдастырылған  туризмнің

басталуын  1777  жылға  балайды.  Бұл  жылы  шетелдік  Вениамин  Генш

«Московские  ведомости»  газетіне өзінің  «Бөтен  елдерге  жасалатын

саяхаттың жоспары»  атты басылымын  шығарды.  Бұл  Ресейліктерді  Батыс

Еуропа  елдеріне  топтық саяхат  жасауға  алғашқы  шақыру  еді.  Оны

ұйымдастыруды  В.  Генш өз  жауапкершілігіне  алды.  В.  Генш өз  дәуірінің

білімді адамдарының қатарынан еді. Ол Еуропа мемлекеттеріне бірнеше рет

саяхат  жасап,  оның маңызды  танымдық  құндылығын  түсінген  тұлға  еді.

Оның жоспарына  сәйкес  жас  дворяндар  тобының неміс,  италия,  француз

университеттерінің біріне сапар жасауы қарастырылған.

Маршрут  бойынша,  ары қарай  Швейцария,  Италия,  Франция  елдерінің

өнері  және  фабрика  ісімен  танысу үшін  сапар  жасалатын  болды.  Бұндай

саяхаттардың жағдайлары арнайы келісім шартта анықталды. ХVІІІ ғасырда

Петербург  пен  Мәскеу  бойынша  алғаш  жол  көрсеткіштер  пайда  болды.  Ал

ХІХ ғасырда  Ресейдің басқа  да  ірі қалалары  бойынша  және  Еуропа

астаналары  бойынша  жол  көрсеткіштер  шықты.  1888  жылдан  бастап

жолкөрсеткіштерді шығаруға арналған арнайы баспалар ашыла бастады. ХІХ

ғасырдың басынын  бастап  экскурсиялар,  жорықтар,  саяхаттар  мектепте

арнайы және жоғары білім алуда оқытудың тәсілі ретінде қолдана бастады.

Ресейде ең алғаш туристік ұйымдар Кавказда құрылды. Себебі, Кавказға көне

дәуірдің  өзінде – ақ саяхатшылар  көптеп  келуші  еді.  Оларды  тартатындар

порттық  қалалар  еді.  Олар  мынадай  теңіз  жағалауының  қалалары:  Батус

(Батуми),  Фазис  (Поти),  Гионос  (Очамчира),  Питнус  (Пицунда),  Григлиф

(Гагра), Бата (Новороссийск), Горгиппия (Анапа), Диоскурия (Сухуми), және

т.т.  Ең көп басқарылатыны Фазис пен Диоскурия болды.



1877  жылы  Тифлисте  Кавказ  жаратылыстану қоғамы  жанынан  Ресейде

алғаш рет Альпілік клуб ашылды. Бұл клубтың белсенді мүшесі әйгілі Кавказ

зерттеушісі А. В. Пастухов болды.

1878  жылы  Альпілік  Кавказдық клубпен  табиғатты ұнатушылардың

қоғамы құрылды.  1888  жылы  Тифлисте  ең алғаш  рет  Кавказ  бойынша

жолкөрсеткіш  жасалынды.  Оны құрастырушы  Е.Вейденбаун  болды.  Ол

Кавказ өлкесінің толық сипаттамасын  жасап,  9  маршрут  бойынша  басты

қоныстану пунктерінің, қонақүйлердің, табиғи және тарихи ескерткіштердің

сипаттамасын құрған.  Бұл  кезеңде  Ресейде  алғаш  туристік  фирмалар  пайда

болды. Мысалы, 1885 жылы Петербургте Леопольд Липсонның кәсіпорыны

ашылды.  ХІХ ғасырдың соңында  ресейліктер  арасында  екінші  таулы  аймақ

Қырым әйгілі бола бастайды. 1880 жылдың соңында Ялтада «Табиғат, таулы

туризм және Қырым тауларын ұнатушылардың үйірмесі» ашылды.

1890  жылдың  25  қаңтарында Қырым  тау  клубы құрылды.  Емдік

туризммен қатар,  ХІХ ғасырда  Ресейде  Тау  туризімінің ролі  көтеріле

бастады. 1890 жылы Одессада Қырым тау клубы құрылып, кейіннен Қырым-

Кавказ тау клубы деп аталынды.

Сонымен, ағартушылық кезеңдегі туризм келесі бағыттарда дамыған:

1. Қажылық саяхаттар;

2. Емдік және сауықтыру мақсатындағы сапарлар;

3. Танымдық сипаттағы жеке саяхаттар;

4. Экскурсия сипатындағы саяхаттар;

5. Туризм  дамуының басты  бағыты – танымдық-рекреациялық сипат

алуы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет