Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымы (ААХҰ)
Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымы 1944 жылы Чикаго
конвенциясымен белгіленді. Бірікке Ұлттар Ұйымының эгидасымен жұмыс
істейді. ААХҰ қызметі әуе көлігі индустриясының қызметіне қатысты ұлттар
тепе-теңдігіне негізделеді.
ААХҰ басты міндеті – халықаралық стандартқа және нормаларға сәйкес
авиатасымалының қауіпсіз, мамандандырылған және экономикалы тиімді
халықаралық нарықтарын дамыту және қамтамасыз ету болып табылады.
Ұйым келесі мақсаттарды көздейді:
- бүкіл әлемде халықаралық азаматтық авиациясының өсуін және
дамуын басқару және қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- сыртқы ортаны қорғау есебінен әуе құралдарын құру және пайдалану
процестерін қолдау және көтермелеу;
- әуежайларды, халықаралық авиация қажеттілігінің шарттарын құруды
қолдау және көтермелеу;
- авиакөлікке адамдардың негізгі талаптарын тиісті жақсы орындау;
қауіпсіздік, қызмет көрсету сапасы, сапарларды реттеу, үнемділігі;
- әртүрлі
елдердің
авиакомпаниялары
арасындағы
негізсіз
қақтығыстарды болдырмау бойынша экономикалық шараларды көтермелеу;
- ААХҰ
мемлекет-
қатысушыларының құқықтары толығымен
сақталатынына қол жеткізу және әрбір елдің халықаралық авиакомпанияны
иемденуге және басқаруға нақты мүмкіншілігі бар екендігіне қол жеткізу;
- ААХҰ
мемлекет-қатысушылары арасындағы дискриминацияны
болдырмау.
ААХҰ мүшеліліге 183 мемлекет кіреді. ААХҰ келесі ұйымдармен
тығыз қатынаста жұмыс істейді:
- Халықаралық ақпараттық одақ;
- Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым;
- Электр хабарларының (коммуникация) халықаралық одағы;
- Дүниежүзілік пошталық одақ;
- Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы;
- Халықаралық теңіз ұйымы.
Достарыңызбен бөлісу: |