3.5 Өтпелі кезең (1990 ж. бастап)
Туризм дамуының бұл кезеңі туризмді әкімшілік реттеуден
экономикалық нарықтық қатынастарға өтуімен сипатталады. Өтпелі кезеңге
келесідей тенденциялар тән:
- туристік ұйымдардың мемлекеттік иеліктен жеке иеліктерге өтуі;
- жаңа заңдардың негізінде туристік нарықтың қалыптасуы;
- жаңа экономикалық және құқықтық қатынастар негізіндегі нарықтық
жағдайда туристік ресурстарды пайдалану;
- туристік қызметтердің жаңа түрлерінің пайда болуына байланысты
сұраныс сипатының өзгеруі (шоп турлар, көңіл көтеру, тіл үйрену т.б);
- туризмнің материалдық базасына сұраныстың болмай қалуы;
- көптеген кіші және орташа кәсіпорындардың пайда болуы;
- шығу туризмінің орташа көрсеткішінің өсуі, әсіресе шоп туризм
мақсатында.
2000 ж. туризмнің дамуы келесідей бағыттармен сипатталды:
- туристік нарықтың ары қарай дамуы;
- заңдық базаның жетілдірілуі;
- қонақүй бизнесіндегі жаңа технологияларды игеру;
- туристік өнімнің жаңа түрлерін әзірлеу;
- алдын-ала орындарға тапсырыс берудің компьютерлік жүйесін
қолдану;
- туризмнің білімдік және ғылыми базасының дамуы;
- туристік нарықта монопольді құрылымдардың пайда болуы;
- нарықта туристік өнімді жылжытужы белсендіру.
|