Койшинова Г



Pdf көрінісі
бет28/55
Дата10.05.2020
өлшемі0,66 Mb.
#66984
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   55
Байланысты:
a280215121

3-кезең.

ХХ ғасырдың басынан ІІ дүниежүзілік соғысқа дейінгі кезеңді қамтиды.

Бұл  кезеңде  жаппай    туризмге  ауысу    жүзеге  асырылады  және әлеуметтік

туризм  даму  алды.  Бірақта  30-жылдардағы  дағдарыс  пен І  дүниежүзілік

соғыс туризмнің дамуына кері әсерін тигізді.

4-кезең.

Бұл ІІ дүниежүзілік соғыстан  кейін басталып, қазіргі кезге дейін  кезеңді

қамтиды.  Бұл  кезеңде  институттар, өнімдер, өндірістік  циклдерді

ұйымдастыру  және өндірістік әдістері  бар  туризмнің мықты  индустриясы

қалыптастырылды.

4.4 Халықаралық туризмнің дамуы

БТҰ-ның эксперттерінің болжамдары  бойынша,  2010  жылға қарай

әлемдегі сапарлар саны  2 есеге өседі және миллиардтаған туристік келулерге

жетеді,  оның 146  млн  Орталық және  Шығыс  Еуропаға  келеді (ТМД  және

Балтия елдерін қоса алғанда).

БТҰ бағалауы бойынша, халықаралық туристер саны 2010 жылға қарай 1

млрд 18 млн адамға жетеді.

КСРО Ғылым  Академиясында  жұмыс істейтін    кеңес  географтарының

мәліметтері бойынша,  1950  жылы әлемнің барлық елдерінде  25,3  млн

шетелдік келуші тіркелген, ал 1968 жылы олардың саны 141 млн жетіп, бұл

жер шары халқының 4%-ін құраған.

Батыс  Еуропа  елдерінде  ХХ ғасырдың 50-60  жж. – бұл  жаппай

қонақүйлерді, мотельдерді, көңіл көтеру мекемелерін салу кезеңі. Еуропалық

туризм  американдық туристерді қабылдауға  басым  бағытталды  және

қабылдаушы  ел үшін  долларлық түсімдердің көзі болып  табылды.  60-шы

жылдар мен 70-ші жылдар ортасына дейін кіру және шығу туризмінің өсімі

байқалды  және  туристік  кәсіпорындар  саны  мен  олардың өндіріс  көлемінің

өсуі де байқалды.



Халықаралық туризм көшбасшылары

1950 жылы туристердің келу саны бойынша жетекші ел – АҚШ болды.

1970  жылы  туристік  келу  саны  бойынша  біріншілікке  Италия  шықты.  1990

жылдан бастап,  шетелдік туристерді қабылдау бойынша көшбасшы Франция




болды.  Франция  ХХ ғасыр  соңына  дейін  халықаралық туризмде  көшбасшы

болды.


Тура  ХХ ғасырдың соңында  туристік қызметтер  экспортынан  түскен

жалпы әлеуметтік  түсімдер  салыстырмалы  жоғары  көрсеткіштерге  жетті.

1998 жылы туристік қызмет экспортынан түскен жалпы әлемдік түсімдер 560

млрд АҚШ долларын құрады.

ХХ ғасырдың соңында  АҚШ  халықаралық туризмнен  түскен  табыс

бойынша көшбасшы болды. 1999 жылғы түсімдер 74,9 млрд АҚШ долларын

құраса, 2000 жылы – 95,2 млрд доллар болды.

2000 жылдан бастап, шетелдік туристерді қабылдау бойынша көшбасшы

10  елдің қатарына  РФ  кірді.  Онда  1999  жылы  18,5  млн  адам  келген.  2000

жылы бұл цифр 21,2 млн адамға жетті.

БТҰ-ның статистикалық мәліметтері 2000  жылы  халықаралық

туризмдегі келу бойынша Еуропаның үлесі 58% құрағанын, ал халықаралық

туризмнен түскен түсімдер үлесі тек 48% болғанын көрсетеді. Бұл шетелдік

туристерге қызмет көрсетудің тиімдірек жүйесі АҚШ-та екенін көрсетеді.

БТҰ 2000-2020 жылдар аралығында әлемдік туристік нарықтың маңызды

сегменттері круиздер, конгрестік туризм, тематикалық парктер, қала туризмі,

мәдени  туризм, қызық оқиғалы  және  спорт  туризмі,  жағажай  демалысы

болатынын  анықтады.  2020  жылға қарай әлемде  туристік  келу  саны  1561,1

млн  адамды құрауы  тиіс  деп  болжайды. Қазақстан үшін  бұл  кезде әлемдік

туристік  нарықтың маңызды  сегменттері қызықты  оқиғалы  және  спорт

туризмі болып табылады.

2020  жылға қарай  жалпы  келу  көлемімен  арақатынастағы  аймақаралық

туризмнің үлесін  бөлу  былай  анықталады:  Оңтүстік  Азия – 85%;  Таяу

Шығыс – 63%; Африка – 43%; Америка – 38%; Еуропа – 15%.

2020  жылға қарай  туристік  нарықтың маңызды  сегменттері мыналар

болады:  күн  және  жағажай;  спорт  туризмі; қызық оқиғалы  туризм;  табиғи

туризм; мәдени туризм; қала туризмі; круиздер; ауыл туризмі; тематикалық

парктер;  конгрестік  туризм; ұзақ сапарлар;  арнайы  сегменттер;  аралас

сапарлар; спорттың қысқы түрлері; спорттың судағы түрлері.

Ұлттық Туристік ұйымның (НТО)  ХХI ғ. таяу  онжылдығындағы  басты

бағыттары мыналар болды:

- маркетингті күшейту, бағыттылығы мен агрессивтілігін көтеру;

- өнімді, оның сапасы  немесе  бағасын  дифференциалдау  арқылы

бәсекелестік артықшылығын қамтамасыз етуге үнемі тырысу;

- ұзақ мерзімді  жағдай  мақсатында  туризмді  тұрақты  дамытуды

қамтамасыз ету қажеттілігін мойындау;

- мемлекеттік  бақылауды  азайту,  мемлекеттік–жеке  меншік

серіктестерін кеңейту.

1950  жылдан  бастап  келген  халықаралық туристер  саны  28  есеге өсті

және  2000  жылы  698  млн  адамға  жеткен.  Бұл  цифр  2020  жылға қарай  2

еселенеді  және  1,6  млрд  жетеді  деп  болжануда. Қазіргі  кезде  туристердің

80% жуығы Еуропа мен Солтүстік және Оңтүстік Америкаға тиеді, тек 15% -




Шығыс Азия мен Тынық мұхит аймағына және 5% - Африка,  Таяу Шығыс

және Оңтүстік Азияға келеді.

2020  жылға қарай  Шығыс  Азия  мен  Тынық мұхит  аймағы  Еуропадан

кейін халықаралық туризм  бағытының  әйгілігі  бойынша  2-ші  болады  деп

күтілуде.

2020  жылға қарай  ең  әйгілі  түрлері: қызық оқиғалы;  экологиялық;

мәдени-танымдық; тематикалық және круиздер.

Халықаралық туризмнің дамуының  қазіргі  факторларына  жер  шары

халқының бейбіт өмір  сүруі, халықаралық туризмді  дамытып  отырған

көптеген  елдерде  мемлекеттік  органдардың  қолдауы, қоғамдық байлықтың

өсуі, жұмыс уақытының қысқаруы, көліктің дамуы, қоғамдық сана деңгейінің

жетілуі  жатады.  Демографиялық факторлар  да  (өмір  сүрудің орташа

ұзақтығының өсуі, урбандалу деңгейінің көтерілуі) әсер етеді.

Туризмнің дамуына  кедергі  келтіретін  факторларды  да  бөліп

қарастыруға болады. Оған негізгі географиялық маршруттан елдің тым алыс

орналасуы,  сейсмикалық белсенділік  пен  апаттық жағдайлар,  азаматтық

соғыстар  мен  дамушы  елдердегі  экономикалық төмендеулер, халықаралық

терроризм.

Әлемдік туризмнің дамуының бірнеше тенденциялары анықталады:

1. Халықаралық туризмнің тез өсуі, түрлерінің өзгеруі бір жағынан жаңа

мүмкіндіктер  ашса,  басқа  жағынан  туризм  индустриясында қызмет  ететін

адамдарға үнемі мәселелер тудырады;

2. Шетелдік  саяхаттарды  таңдау  мүмкіндіктері  туралы  туристердің

ақпараттылығы өсті.  Туристер  саяхат  кезінде өздерінің  қажеттіліктерін

қанағаттандыруда талапты көбірек қоятын болды;

3. Адамдардың  өмір  сүру  деңгейі  көтерілуі  және әлем  бойынша  еркін

қозғалу мүмкіндігі кеңейді;

4. Жаңа қызмет  түрлері ұсынылады  (кәсіпкер өте қолайлы

комбинациялар әзірлейтін  болды.  Мысалы,  демалысты  саудамен,  білімді

ағартушылықпен, бизнесті мәдени бағдарламамен үйлестіретін болды);

5. Халықаралық туристер үшін  фирмалардың бәсекелестік  күрестері

күшейді;


6. Қазіргі  кезгі  ақпараттық технологиялар қызметтерді  сатуға,

орындарға  тапсырыс  беруге, әртүрлі    туристік  орталықтар  мен

көрнекіліктерді оқып-зерттеуге жаңа жолдар ашты;

7. ХХІ ғасырда  туризмнің дамуы  тұрақты  болады,  яғни  туристің

қажеттілігін  максималды  ескеру  мен  оның  әкелетін  зияны  арасында  тепе-

теңдікті сақтауға негізделеді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет