Койшинова Г


 Туризм тарихы курсын кезеңдестіру және құру



Pdf көрінісі
бет9/55
Дата10.05.2020
өлшемі0,66 Mb.
#66984
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   55
Байланысты:
a280215121

1.4 Туризм тарихы курсын кезеңдестіру және құру

Туризм  тарихы үрдісін  ойластыруға  және оны ғылыми  жалпылаудың

ішкі заңдылықтары мен мүмкіндіктерін анықтауды жеңілдетуге  кезеңдестіру

көмектеседі.  Кезеңдестіру  деп үрдістердің сапалы  дамуына  сәйкес  тарихи

уақытты  бөлу  айтылады.  Бұл  жалпы  адамзаттың,  қандай  да  бір  аймақтың,

елдің туризмінің  қалыптасу  және  даму  кезеңдерінің негізгі  мазмұнының

анықтамасы.  Туризм  тарихын  кезеңдестіру үшін  оның негізіне  нелерді

қарастыру қажет  екенін  шешіп  алу қажет.  Яғни,  тарихи үрдісті  жекелеген

кезеңдерге бөлудің критерийін құру қажет.



Туризм қоғамдық, шаруашылық және кеңістіктік құбылыс ретінде ежелгі

замандарға терең кең тамыр жайған мол дәстүрге ие. Туристік әдебиеттерде

туризмнің дамуын  кезеңдерге  бөлу  жайында  көптеп  айтылады. Әсіресе,

В.Унцикер мен Дж.Мариотти секілді ғалымдардың ортақ еңбегінде.

Туризм  тарихы  бойынша  кітаптарда  келесідей  кезеңдестірулер

ұсынылады.

«Туризм тарихы» (Рим, 1958) атты Дж.Мариоттидің кітабында көнедегі

туризм  (Греция  мен  Рим),  ортағасырдағы  туризм,  жаңа  замандағы  туризм

(ХV-ХVІІІ ғғ.), ХІХ ғ. және қазіргі кездегі туризм қарастырылады.

Л.П. Воронкова («Туризм тарихы: оқу құралы». – М.: МПСИ, 2001) көне

саяхаттар  мен қонақжайлылық дәстүрлерінің тарихы,  ортағасырлық

мәдениеттегі  саяхаттар, ұлы  географиялық ашылулар  кезеңі,  ХV

І-ХVІІІ ғғ. еуропа мәдениетіндегі саяхаттар мен қонақжайлылық дәстүрлері,

ХІХ ғ.  қонақжайлылық және  туризм  индустриясының дамуы,  ХХ ғ.

туризмніңң дамуы,  ХХІ ғ.  қарсаңындағы  халықаралық туризм  деп  бөліп

қарастырады.

М.В.  Соколова  «Туризм  тарихы»  кітабында  келесідей  кезеңдестіруді

ұстанады: көнедегі саяхаттар, ортағасырдағы жорықтар мен саяхаттар, жаңа

замандағы туризмнің дамуы, ХХ ғ. туризм.

Туризм  тарихын  кезеңдестіру  кезінде әлеуметтік-мәдени  феноменнің

ерекшелігіне қарау қажет және  оны келесідей бөлу ұсынылады:

- көне әлемде туризмнің алғашқы элементтерінің пайда болуы;

- ортағасырда туризмнің жекелеген түрлерінің дамуы;

- қайта өрлеу кезеңінде туризмнің мәдениеттің дербес саласына бөлінуі

(ХV-ХVІ ғғ.);

- ХVІІ ғ., Ағарту  кезеңінде  (ХVІІ-ХVІІІ ғғ.) және  ХІХ ғ. басында

туризмнің саяси  білім  алу  мен  мәдени  тәрбие  алудың элементі  ретінде

рәсімделуі;

- ұйымдасқан жаппай қозғалыс формасында туризмнің дамуы (ХІХ ғ. 40-

шы жж. – ХХ ғ. соңы).

Бұл  кезеңдердің  әрқайсысының ішінде  туризм  дамуының белгілі  бір

кезеңдерін бөлуге болады.

Туризмнің даму тарихын келесідей кезеңдерге бөлген:

1. ХVІІІ ғасырдың соңына дейінгі туризм:

А) ежелдегі туризм;

Б) орта ғасырлар мен қайта өрлеу дәуірі кезеңіндегі туризм;

В) ХVІІ және ХVІІІ ғасырдағы туризм

2.  ХІХ  және  ХХ ғасырлардағы – екінші  дүниежүзілік  соғысқа  дейінгі

туризм

3. Қазіргі заманғы туризм.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет