1975 ж. – «Медеу» мұз айдыны салынды.
1982 ж. – Эверест (Джомолунгмы, 8848 м) шыңына шығатын алғашқы
кеңестік Гималай экспедициясының құрамына К. Валиев, Ю. Голодов, Е.
Ильинский, В. Хрищатый, С. Чепчев деген алматылықтар кірді.
1988 ж. – туризм және экскурсия бойынша кеңестер туристік-экскурсиялық
өндірістік бірлестіктер (ТЭПО) болып қайта құрылды.
1991 ж. – Туризм, дене шынықтыру және спорт Министрлігі құрылды.
3/VII 1992 ж. – «Туризм туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
қабылданды.
1993 ж. – Туризм, дене шынықтыру және спорт Министрлігінің Қазақстан
Республикасының жастар ісі, туризм және спорт Министрлігі болып қайта
құрылуы.
1999 ж. – Қазақстан Республикасының көлік, коммуникация және туризм
Министрлігі құрылды.
2000 ж. - Қазақстан Республикасының туризм және спорт Агенттігі
құрылды.
6/III 2001 ж. – «Қазақстан Республикасында туризмді дамыту концепциясы»
қабылданды.
Достарыңызбен бөлісу: |