Кокп-ның әлеуметтік-экономикалық саясаттағы қателері ұлттық қатынастарға да әсерін тигізбей қойған жоқ. Брежневтік басшылық бұл салаларды мүлтіксіз әрі ешқандай проблема жоқ деп санады


Қазақстанды жаңғыртудың кеңестік үлгісі



бет2/2
Дата29.06.2020
өлшемі84.44 Kb.
түріҚұрамы
1   2
Қазақстанды жаңғыртудың кеңестік үлгісі XX ғасырдың 30-жылдарының ортасына қарай, кең ауқымды индустрияландыру үрдісін жүргізудің нәтижесінде республиканың өнеркәсіптік келбетінде орын алған түбірлі өзгерістерге байланысты өнеркәсіп пен көлік құрылысы бойынша жазылған жұмыстар саны айтарлықтай өсті. Қазақстан аймақтарының өнеркәсіптің дамуына қосқан занды үлесі болып табылатын республиканың жекелеген кәсіпорындарын зерттеп білу осы проблемаға қатысты тарихнаманың сипатты белгісі болып табылады. 30-жылдардың сонына қарай бұл проблема жөніндегі жұмыстар саны артты, дегенмен ірі монографиялық зерттеулер әлі шыға қоймаған болатын. Ғылыми жұмыстардын негізгі түрін — құнды деректерге сүйене жазылған мақалалар құрады.

Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941-1945) Қазақстанға қоныс аударған белгілі ғалымдар Д.А. Баевский, С.В. Бахрушин, М.П. Вяткин, Н.М. Дружинин, М.П. Ким, М. Панкратова, А.П. Кучкин, С.В. Юшковтар тарих пен экономиканың өзекті проблемаларын зерттеуде, Қазақстанның тарих ғылымының дамуына үлкен үлес қосты. Олардың тікелей қатысуымен 1943 жылы «Көне заманнан бүгінге дейінгі Қазақ КСР тарихы» деп аталатын іргелі еңбек дүниеге келді. Кәсіби тарихшылар катарының аздығына қарамастан, соғыстың соңына қарай Қазақстандағы социализмнің экономикалық негізін жасау проблемасы бойынша зерттеулер санынын өсу үрдісі айқын байқалды. Соғыстан кейінгі алғашқы жылдары аталған проблема бойынша зерттеулер саны өсе түсті, бұл ретте тарихшы-ғалымдар мен қоғамтанушылар республиканың индустриялық өзгерістер кезеңіндегі дамуының жалпы зандылықтары мен ұлттық ерекшеліктерін зерттеуге көңіл аударды. Осы кезең әдебиетіндегі жаңа нақты-тарихи материалдар негізінде «Қазақстанның халық шаруашылығы бүкіл Кеңес Одағы халық шаруашылығының жалпы дамуымен органикалық байланыста, соның негізінде және оның көмегімен дамып, алға жылжи алды»  деген тұжырымға келді. XX ғасырдың 60—70-жылдарына қарай, ең алдымен А.Н. Нүсіпбековтің, С.Б. Бәйішевтің, С.А. Нейштадттың, Б.Н. Әбішеваның, М.Х. Асылбековтің, Н.Г. Панның, С.Б. Нұрмұхамедовтің, В.К. Савоськоның, Р.Б. Сүлейменовтің, А.Е. Ержановтың және басқалардың монографиялық зерттеулерімен байланысты экономиканы, республика өнеркәсібінің даму тарихын зерттеу проблематикасының ауқымы айтарлықтай кеңейді. Жекелеген фабрикалар мен зауыттардың тарихын зерттеумен бір мезгілде, ғалымдар жұмысшы кадрлардың, оның ішінде ұлттық кадрлардың қалыптасу мәселесіне көңіл аударды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет