2014 жылдың 19 тамыз -19 қыркүйек аралығында Тілдер фестивалі аясында өткізілетін облыстық «Тілдер шеруі» айлығына арналған
Көкпекті аудандық кітапханасында өткен іс-шаралары туралы
Ақпарат 9 қыркүйек күні аудандық кітапханада «Тіл-тірегіміз,соғып тұрған жүрегіміз» өзге ұлт балаларына қазақтың салт-дәстүрін таныту,тілін дәріптеу мақсатында әңгіме өткізілді.Іс-шараға татар,орыс,азербайжан ұлттарының өкілдері қатысты.Шара барысында қатысушылар өз білімдерін ортаға салып салт-дәстүрлері ,тілі,өздері тұрып жатқан елінің тарихы туралы ой бөлісіп, білімдерін толықтырды.