Негізгі
Борголов И.Б. Курс геологий М.: Агропромиздат, 1989. – 215 стр.
Кауричев И.С. и др. Почвоведение. – М: Агропромиздат, - 1989, - 719 б.
Тазабекұлы Т., Тазабекова Е. Топырақтану түсіндірме сөздігі. – А.: Рауан, -1993, -448 б.
Тайжанов Ш.Т. Топырақтану Оқу құралы (1-бөлім). – Павлодар, 2002. – 147 б.
Тайжанов Ш.Т. Топырақтану Оқу құралы (2-бөлім). – Павлодар, 2004. – 106 б.
7.Студенттердің өздік жұмысы аясындағы сабақтар жоспары
апта
|
Сабақтар тақырыбы
|
Сағат саны
|
1
|
1
|
Топырақтану ғылымының даму тарихы.
|
1
|
2
|
Топырақтану ғылымының дамуындағы геологияның маңызы.
|
1
|
3
|
Магмалық жыныстар түзілу жолдары сипаттамасы.
|
1
|
2
|
4
|
Шөгінді жыныстар түзілу жолдары сипаттамасы.
|
1
|
5
|
Метаморфтық жыныстар түзілу жолдары сипаттамасы.
|
1
|
6
|
Топырақтың физико-механикалық қасиеттері.
|
1
|
3
|
7
|
Минералдар генезисі. Эндогенді генезис.
|
1
|
8
|
Минералдың экзогенді жєне метаморфогенді генезисі.
|
1
|
9
|
Минералдар классификациясы.
|
1
|
4
|
10
|
Топырақ түзілу процесінің негізгі стадиялары.
|
1
|
11
|
Адамзаттың өндірістік әрекетінің топырақ түзілу процесіне әсері.
|
1
|
12
|
Механикалық элемент фракцияларының топырақтар мен жыныстардың агрономиялық қаситеттеріне ықпалы.
|
1
|
5
|
13
|
Қарашірік түзілу процесстері туралы қазіргі көзқарастар.
|
1
|
14
|
Солтүстік Қазақстан топырақтары қарашірік мөлшерін арттыру жолдары.
|
1
|
15
|
Топырақ коллоидтары құрылысы мен қасиеттері.
|
1
|
6
|
16
|
Топырақ қышқылдығы, сілтілігі, буферлігі.
|
1
|
17
|
Солтүстік Қазақстан топырақтарының су режимін реттеу.
|
1
|
18
|
Топырақтың жылу режимі, көрсеткіштері.
|
1
|
7
|
19
|
Топырақ ерітіндісінің топырақ түзілуіндегі және құнарлылығындағы маңызы.
|
1
|
20
|
Топырақтың тотығу-тотықсыздану процесстері: маңызы.
|
1
|
21
|
Тотығу тотықсыздану режимі, режим типтері.
|
1
|
8
|
22
|
Топырақ құнарлылығын қалыптастыру, толық емес, жай, кеңейтілген.
|
1
|
23
|
Топырақтардың басты географиялық таралу заңдылықтары.
|
1
|
24
|
Топырақ классификациясы, таксономикалық бірліктер.
|
1
|
9
|
25
|
Қаратопырақтар классификациясы.
|
1
|
26
|
Орманды дала қаратопырақтары күлгінденген, сілтісізденген, нағыз.
|
1
|
27
|
Кәдімгі қаратопырақтар кескіні, түзілу жағдайлары, классификациясы, қасиеттері.
|
1
|
10
|
28
|
Оңтүстік қаратопырақтар: түзілу жағдайлары, классификациясы, қасиеттері.
|
1
|
29
|
Сұр орман топырақтары кескіні, түзілу жағдайлары, классификациясы, қасиеттері.
|
1
|
30
|
Шалғындық қаратопырақтар түзілу жағдайлары, қасиеттері.
|
1
|
11
|
31
|
Қара қоңыртопырақ түзілу жағдайлары, классификациясы, қасиеттері.
|
1
|
32
|
Нағыз қоңыртопырақтар түзілу жағдайлары, қасиеттері.
|
1
|
33
|
Ашық қоңыртопырақтар түзілу жағдайлары, қасиеттері.
|
1
|
12
|
34
|
Шөлейт аймақ топырағының құрамы мен қасиеттері.
|
1
|
35
|
Топырақ құнарлылығының түрлері.
|
1
|
36
|
Шөлді аймақ топырағының құрамы мен қасиеттері.
|
1
|
13
|
37
|
Таулы аймақ топырағының құрамы мен қасиеттері.
|
1
|
38
|
Өзен қоймалары топырақтары.
|
1
|
39
|
Сорлар классификациясы: типтер, туыстықтар, түрлер.
|
1
|
14
|
40
|
Кебірлердің агрономиялық сипаттамасы, жақсарту жолдары.
|
1
|
41
|
Ылғалды сортаң топырақтар. Кескін құрамы, түзілу жағдайлары.
|
1
|
42
|
Солтүстік Қазақстанда топырақ эрозиясымен күресу.
|
1
|
15
|
43
|
Топырақтың бонитировкалық ұпайын анықтау жолы.
|
1
|
44
|
Бонитировка көрсеткіштері.
|
1
|
45
|
Топырақты агроөндірістік топтарға бөлу.
|
1
|
Барлығы
|
45
|
8. БАҒА БЕРУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Ағымдағы бақылау – семестр барысында студенттің білімдерін жүйелік тексеру (4, 8, 14 аптада). Лекциялық сабақтарға қатысу және жұмыс, зертханалық сабақтардағы жұмыс, зертханалық жұмыстардың орындалуы және тапсырылуы, СӨЖ тапсырмаларының орындалуы және тапсырылуы
Қорытынды бақылау пәні бойынша рұқсат алу рейтингі және ағымдағы бақылау ретінде алынады. (емтихан)
Мәліметтердің бағалауы;
егер студент барлық бағдарламалық мәліметті меңгерсе, кейбір қателіктер мен дәлсіздік жібермесе, пәнді оқу барысында өз бетінше қосымша ғылыми әдебиетті қолданса, онда «өте жақсы» баға қойылады.
егер студент бағдарламалық мәліметті 75% кем емес меңгерсе, дөрекі қателіктер жіберілмесе де жауап беру кезінде жіберілген принципиалсыз дәлсіздіктерді немесе принципиалды қателіктерді студенттің өзімен дұрысталып, оқытушының көмегімен бағдарламалық мәліметті жүйеге келтірсе, онда «жақсы» баға қойылады.
егер студент бағдарламалық мәліметті 50% кем емес меңгерсе, бақылау және зертханалық жұмыстарды үй тапсырмаларды орындау кезінде оқытушының көмегіне мұқтаж болса, мәліметті жүйелеу кезінде ауырлық көрсе, онда «қанағаттанарлық» баға қойылады.
егер студент негізгі мәліметтің білімдегі кемшіліктерін тапса, мәліметпен алдын ала қарастырылған,пәннің мәліметі жартысынан көп меңгермесе, жауап кезінде принципиалды қателіктер жіберсе, бақылау формасымен қаралған жеке тапсырмалар орындалмаса, онда «қанағаттанарсыз» баға қойылады.
9. БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ
Баға қою саясаты 100 ұпайлы (100%) системаға негізделеді және келесі бөлулерді қарастырады
№
|
Пәнді оқыту үрдісіндегі бақылау түрлері
|
Балмен бағалау %
|
Міn/max
|
I
|
I Ағымдағы бақылау:
дәріс конспектілері
ауызша сұрау
бенсенділік
ОБСОЖ, ЗТС тапсырмасы
реферат
дәріс, ОБСОЖ, ЗТС қатысулары
|
100
100
100
100
100
100
100
|
50/100
|
|
|
|
|
|
Рұқсат алу рейтингі
|
Т1+Т2+ ...,.ТN
N
|
50/100
|
II
|
Қорытынды бақылау (ҚБ)
Емтихан
|
ҚБ=РР*0,6+Е*0,4
100
|
50/100
|
Барлығы
|
100
|
50/100
|
Бағалау эквиваленттері
Әріпті жүйедегі бағалар
|
Ұпайлар
|
Ұпайлардың пайыздық мағынасы
|
Дәстүрлі жүйедегі бағалар
|
А
|
4.0
|
95-100
|
Өте жақсы
|
А-
|
3,67
|
90-94
|
|
В+
|
3,33
|
85-89
|
Жақсы
|
В
|
3,0
|
80-84
|
|
В-
|
2,67
|
75-79
|
|
С+
|
2,33
|
70-74
|
Қанағаттанарлық
|
С
|
2,0
|
65-69
|
|
С-
|
1,67
|
60-64
|
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
|
D
|
1,0
|
50-54
|
|
F
|
0
|
0-49
|
Қанағаттанарсыз
|
10. АКАДЕМИЯЛЫҚ ӘДЕП ПЕН ОҚУ ПӘНІНІҢ САЯСАТЫ
сабаққа кешікпеу;
сабақ барысында сөйлемеу, газет оқымау, сағыз шайнамау;
ұялы телефондарды өшіру;
сабаққа іскер киімде келу;
сабақты жіберіп алмау, денсаулығына байланысты қатыспаған жағдайда анықтама көрсету;
босатылған сабақтарды оқытушының белгілеген уақытында өтеу;
тапсырмалар орындалмаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі (штраф ұпайларын қара)
оқу үднрісінде белсенді қатысу;
үй және басқа да тапсырмаларды тырысып орындау;
сабақтарда кері қатынасты сынмен қолдау;
өте қатты ұялшақ студенттерді ұжымдық жұмыстарға және дискуссияларға қатыстыру;
пунктуалды және міндетті болу.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
ЛЕКЦИЯЛАР
Пән : __ Топырақтану геология негіздерімен_
____Агрономия _____мамандығы
Көкшетау 2012
Лекция №1
Топырақтану пәні және мазмұны.
Дәрістің мақсаты: Топырақтану ғылымының пайда болуын зерттеу нысандары мен тәсілдерін, геологияның маңызын көрсету.
Түйінді сөздері: топырақ, генетикалық топырақтану, топырақ түзуші факторлар, құнарлылық, агрогеология, минерология, полионтология, кристаллография, петрография, динамикалық және тарихи геология, төрттік геология, гидрогеология, геоморфология, геофизика, геохимия, биогеохимия, инженерлік геология, грунт тану, теңіздік геология.
Негізгі сұрақтары: Топырақ түзілуі, құрылысы, құрамы мен қасиеттері; географиялық таралу заңдылықтары; оның басты қасиеті құнарлылықтың қалыптасу және дамуы, зерттеу тәсілдері, ең маңызды бөлімдері. Генетикалық топырақтанудың туындауы мен құрылуы.Топырақтану ғылымының дамуында геологияның маңызы.
Мазмұны
Топырақтану – топырақ туралы олардың түзілуі, құрлысы, құрамы мен қасиеттері; географиялық таралу заңдылықтары; оның басты қасиеті құнарлылықтың қалыптасу және дамуын анықтайтын сыртқы ортамен өзара қарым-қатынас процесстері; ауыл шаруашылығында тиімді пайдалану жолдары, игеру жағдайында топырақ жабынының өзгеруі туралы ғылым.
Топырақтану біздің елімізде 19 ғасырдың соңында орыстың ұлы ғалымдары В.В.Докучаев, П.А.Костычев, Н.М.Сибирцев еңбектерінің нәтижесінде қалыптасты.
Топырақтың алғашқы ғылыми анықтамасын В.В.Докучаев құрды: «Топырақ деп – су, ауа, әртүрлі тірі және өлі ағзалардың қосарлы әсерінен табиғи өзгерген тау жыныстарының сыртқы қабатын» атады.
Топырақтың негізгі қасиеті оның құнарлылығы - өсімдіктің тіршілігімен өнім құруы үшін қоректік элементтерге, суға, тамыр жүйесін жеткілікті мөлшерде ауаға, қалыпты тіршілігі үшін жылуға сұранысын қанағаттандыруы осы қасиеттеріне сүйеніп В.Р.Вильямс «Топырақты өсімдік өнімін өндіру қасиетті, құрылықтың беткі қабаты» деп атады.
Топырақтық дамуы табиғи топырақ түзуші факторларға және адам әрекетіне тәуелді. Топырақ түзілуінде тірі ағзалар маңызды орын алады. Олардың әсерінен тау жыныстарының бұзылып топыраққа айналу процесстері және оның құнарлылығының қалыптасуы: күлдік және азоттық элементтердің жиналуы, органикалық заттар синтезі мен бұзылуы жүреді.
Құнарлылық қасиетіне байланысты, топырақ ауыл шаруашылығында негізгі өндіріс күшіне айналады. Адамзат топырақты өндіріс күші ретінде пайдалана отыра топырақ түзілуіне үлкен ықпал етеді.
Сондықтан топырақ адамзаттың еңбегін жұмсайтын орын ғана емес, белгілі дәрежеде сол еңбектің нәтижесі.
Сонымен топырақтану топырақты ерекше табиғи дене, өндіріс күші, еңбектің жұмсалу және жиналу орны, белгілі дәрежеде еңбек нәтижесі ретінде зерттейді.
Топырақтану кең ауқымды табиғи – ғылыми пән. Өзінің дамуында тәсілдерін қолдану арқылы математика, химия, физика сияқты ғылымдармен байланысады, ал табиғи, ауыл шаруашылық және экономика ғылымдар мен теориялық алмасу арқылы ұдайы қарым-қатынаста болады.
Топырақтанудың ең маңызды бөлімдері: 1) Топырақтың дамуы (генезис) мен қалыптасуы туралы ілім; 2) Сыртқы ортамен қарым-қатынаста болатын бүтін кеңістіктің түзіліс ретінде топырақ бүркеуі туралы ілім; 3) Топырақ құнарлылығы мен топырақ бүркеуі (жабыны) және агротехникалық мелиоративтік тәсілдер мен оларды реттеу принциптері туралы ілім. Осы аталған басты бөлімдермен қатар топырақтану құрамында топырақ массасы қасиеттеріне байланысты негізгі бөлімдерін айырады (топырақ физикасы, топырақ химиясы, топырақ биологиясы т.б.) және қолданбалы бөлімдер (агрономиялық, ормандық және мелиоративтік топырақтану).
Ерекше бөлім топырақ классификациясы ол барлық бөлім материалдарын пайдаланып топырақ картографиясы, сипаттау және оларды комплексті бағалау, мемлекеттің тұтас жер кадастрын құру және математикалық өңдеу мақсатында мәліметтер жинау үшін тұтас таксономиялық жүйе болуы қажет.
Топырақтанудың зерттеу тәсілдері жүйесі.
Салыстырмалы-географиялық тәсіл.
Салыстырмалы-аналитикалық тәсіл.
Стационарлық-тәсіл.
Топырақ процесстерімен режимдерін моделдеу тәсілдері кіреді.
Топырақ туралы білімнің жиналуы адамзат жабайы өсімдіктерді терімшілдіктен оларды танаптарда өсіруге ауысып, топырақты өңдеуден басталады.
Топырақ туралы жиналған білімді жалпылаудың алғашқы талаптары ежелгі дәуірде жатады. Ежелгі грек философтары Аристотель мен Теофраст еңбектерінде топырақтарды керемет, жақсы, құнарлы, қанағаттанымды, тозған, кедей, т.б. деп бөлу кездеседі. Бірақ топырақтанудың ғылым ретінде дамуы көп кейін басталды.
18 ғасырдың аяғы 19 ғасырдың бірінші жартысында батыс европада топырақ туралы екі көзқарас қалыптасты: агрогеологиялық және агродақылдық химиялық.
Агрогеологиялық көз-қарасты жақтаушылар (Фаллу, Берендт, Рихтгофен т.б.) топырақты тығыз тау жыныстарының бұзылуы нәтижесінде түзілетін борпылдақ тау жынысы деп түсінді. Өсімдіктерге, бұзылу кезінде бөлінетін элементтерді қабылдау, пассивті ролі берілді.
Агродақыл химиялық көзқарасты жақтаушылар Тэер А., Либих Ю., т.б. топырақты тек элементтер көзі деп қарады. Бұл көзқарастар топырақтанудың ғылым ретінде дамуына негіз құрмады.
Топырақтану ғылым ретінде Россияда қалыптасты. Мұнда оның ғылыми негіздері және басты зерттеу тәсілдері қалыптасты. 1725ж. Россияда ғылым академиясы ашылды. Осыдан кейін орыс ғалымдарымен топырақты алғашқы зерттеулер басталды. М.В.Ломоносов алғашқы рет топырақтың дамуы уақытта өсімдіктер мен тау жыныстарының қарым-қатынасы нәтижесінде қалыптасады деді.
В.В.Докучаев (1846-1903) топырақ туралы ғылымды жасады, жаңа ғылыми пән табиғи-тарихи немесе генетикалық топырақтануды құрды. В.В.Докучаев алғашқы рет топырақ жеке табиғи дене екндігін анықтады және бес табиғи факторлар: климат, бедер, өсімдіктер және жануарлар әлемі, топырақ түзуші жыныстар, ел жасының өзара қарым-қатынасы нәтижесінде өтетін күрделі процесс екендігін анықтады.
В.В.Докучаев солтүстік жарты шардың топырағының классификация схемасын құрды. Топырақты зерттеу тәсілдерін құрды, топырақтану негізін салды, топырақ түзілудің көп заңдылықтарын анықтады, топырақтың тиімді құнарлылығын жоғарылатуға практикалық әрекеттер қатарын ұсынды.
Докучаевтің шәкірті Сибирцев Н.М. (1860-1900) алғашқы топырақтану кітабін жазды. Докучаевтің топырақ туралы ілімін жүйелеп дамытты. Климаттық жағдайларға байланысты өсімдіктер мен тау жыныстары қарым-қатынастарын негізгі топырақ түзуші факторларды анықтады. Топырақ классификациясына үлес қосып аймақтық, интрозональды, азональды болып бөлінуін анықтады.
В.В.Докучаев мектебімен бір уақытта топырақты зерттеу П.А.Костычев пен (1845-1895) жүргізілді. Ол агрономиялық топырақтанудың негізін құрып, оны егіншілікпен байланыстырды.
К.Д.Глинка (1867-1927) топырақтанудың дамуына үлкен үлес қосты. Ол тау жыныстарының бұзылуы топырақтар классификациясы мен географиясы, генезисі туралы жұмыстар жүргізді. 1908ж. «Топырақтану» атты кітабі жарық көрді.
П.С.Коссович (1862-1915) топырақтың физикалық, химиялық және агрохимиялық қасиеттерін зерттеудің негізін қалаушылардың бірі.
Г.Г.Гедройц (1872-1932) топырақтың коллоид қасиеттерін терең зерттеп, олардың дақылдар дамуы үшін маңызын көрсетті. Қышқыл топырақтарды әктеу, кебірлерді гипстеу әрекеттерінің теориялық негізін құрды. «Топырақтардың сіңіру қасиеттері туралы ілімнің» авторы.
Топырақтардың экологиясын, эволюциясын, географиясын дамытуда С.С.Неуструева (1874-1928) маңызды үлес қосты.
В.Р.Вильямс (1863-1939) Докучаевтың генетикалық табиғаттағы топырақтануын Коссовичтің топырақтық-агрохимиялық концепцияларымен біріктіріп, топырақтануда биологиялық бағытты құрды. Ірі теориялық еңбектер, топырақтың өсімдіктер қорегіндегі маңызы туралы еңбектер Прянишников үлесіне тиеді.
Топырақтың органикалық заттарын зерттеу негізінде генетикалық және топырақтық агрономиялық зерттеулерді дамытуда Порин, Кононов, Александров, Пономарев, Орлов т.б. үлес қосты. Топырақтық процесстер мен режимдерді зерттеуде Роде, Скринников, Кауричев, Афанасьевалар үлес қосты, агрофизикалық мелиоративтік зерттеулерде Качинский, Ковда, Розов, Егоров т.б. үлес қосты, топырақтың физикохимиялық, химиялық қасиеттерін зерттеуде Соколовский, Антипов-Каратаев, Горбунов, Зырин үлес қосты.
Достарыңызбен бөлісу: |