Қойма шаруашылығының жұмыс ұжымына қойылатын талаптар :
Қойма шаруашылығының жұмыс ұжымына қойылатын талаптар :
• Өнімнің физико-химиялық қасиеттеріне байланысты сақтау түрі ерекше болғандықтан, ұжымдардың қоймалары арнайландырылған болады;
• Өнімді сақтау үшін қойма ғимараттары стеллаждармен, шкафтармен, жәшіктермен және салымдармен жабдықталады;
• Әр өнімнің түріне байланысты қойылатын белгіде өнімнің аты, оның номенклатуралық номірі, маркасы, сипаты, көлемі және өлшем бірлігі көрсетіледі. Белгі өнімнің өнім түрлерінің сақталған орындарында қойылады;
• Оңай жанатын өнімдер арнайландырылған басқа қоймалардан алыс орналасқан және өрт қауіпсіздігімен қамтамасыздандырылған қоймаларда сақталады;
• Ашық сақтаудағы материалдар (кірпіш, құм, араматериалдары, металлопрокат) оларды атмосфералық түсулерден қорғалатын мақсаттағы арнайландырылған қоймаларда сақталады.
Өнімді штрихпен кодтау технологиясын енгізу үшін қойма жұмысының ұжымына қойылатын негізгі талаптар:
• 80% дан кем емес өнімдер қоймаға келіп түскенде штрихтық кодтаудың белгілері болу қажет;
• Өнімді қабылдау және жіберу қоймалары автоматизация жүйелеріне қосылған сканерләк құрылғылармен қамтамасыздандырылады;
• сканерлік құрылғылар пайдалану талаптарына және қолдану ережелерәне сәйкес болуы керек.
Өнімге қоймада штрихпен кодтаудың жүйесін енгізу келісім шарты мынадай түрде болады:
• алдын-ала зерттеу жұмысы;
• техникалық берілімдердің толық көлемді дайындалуы және құрылуы;
• техниканың жеткізілуі және іске қосылуы;
• автоматты жүйенің ақпаратты қамтамасыз етуін өңдеуі;