Колледжде ұйымдастырылған "Мен-волонтермін" орталығының негізгі мақсаты



Дата14.09.2024
өлшемі14,99 Kb.
#204337
түріСабақ
Байланысты:
Мен-волотермін


Колледжде ұйымдастырылған ”Мен-волонтермін” орталығының негізгі мақсаты


-Кәсіптік практика барысында, бастауыш сынып оқушыларына қосымша сабақ жүргізу;
-әлеуметтік жағдайы орташа отбасыларынан шыққан үлгерімі төмен мектеп оқушыларын қосымша ағылшын тілі мен функционалдьдық сауаттылыққа үйрету;
-оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.
Оқу жылының басында директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Г.С.Асубаеваның басшылығымен волонтерлік жұмыстың жетекшілері Б.М.Манатбекова мен А.Қ.Жампейсова тағайындала отырып, оқу орнынан белсенді волонтерлар іріктеліп, іс-тәжірибеден өтетін мектептерге бөлінді. Волонтерлар командасы тәжірибеден өтетін мектептермен байланыс орнату арқылы оқу үлгерімі төмен оқушылар таңдалып волонтерлер тарапынан қосымша сабақтар жүргізілді. Әр оқушы- жеке тұлға» қағидаты бойынша, барлық оқушының өз дәрежесінде дамуын қалыптастыру,бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету мақсатында волонтерлер өз көмектерін берді. Аталған орталықтың жұмысының жүйелі ұйымдастырылуынан қатысушы оқушылардың білім сапасының және оқуға деген қызығушылықтарының артқанын байқауға болады. Атап айтқанда , №142ЖББ мектепке бекітілген 3 курс волонтер студенттері Берікқызы Айғаным,Абылхан Айнұр,Сембаева Алина,Төкенова Шолпан, №172 мектеп-гимназиясына бекітілген волонтерлер Бөкенова Айғаным,Бижанова Салтанат,Какимсейтова Айсұлу, Медеу ауданы № 181ЖББ мектепке бекітілген волонтерлер Бекұлан Г,Оспан Ақерке оқушыларға сабақтан тыс уақытта нәтижелі қосымша сабақтар өткізді.Математика, қазақ тілі, ағылшын тілі пәндерінен әр волонтерға 5-6 оқушыдан бөлінді.Биылғы лқу жылында жалпы саны – 80нен астам оқушымен жұмыс жүргізілді. Аталған студенттерге ата-аналар тарапынан ризашылық білдірді. Колледж студенттері де волонтерлік жұмыс арқылы үлкен тәжірибе жинақтай отырып, болашақта бұл жұмыстың жалғасын табатындығына сенім білдірді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет