1. Мына айналым тізбегін іске асыруға мүмкіндік беретін химиялық реакция түрлерін жазыңдар.
А) Р → Р2О5 → Н3РО4 → Са3(РО4)2
Б) C → CО2 → Na2CО3 → NaHCО3 → CО2
2. Қж. 44,8л көміртек (ІV) оксидін 513г барий гидроксиді ерітіндісінен өткізгенде түзілген тұнба массасы
ІІ деңгей.
1. 16г фосфор V) оксидін алу үшін қадетті фосфордың қ.ж көлемі.
2. 2,5 моль натрий фосфатының массасы.
ІІІ деңгей.
1. Фосфордың тіршілік үшін маңыздылығын түсіндіріңдер.
2. 0,2 моль фосфор (V) оксидін алу үшін қажет оттегінің массасы.
Жаңа сабақ:
Оқушыларға сұрақ қою;
Өсімдіктер мен жануарлар ұлпасында болатын қосылыс; Көміртек қосылысы
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:
Көміртек оның қосылыстары
Көміртектің қосылысындағы тотығу дәрежесі -4+2+4,
Малекулалық формуласы –С
Көміртек сыртқы энергетикалық деңгейінде көміртек атомындағы электрондардың орналасуы
Табиғатта таралуы
Көміртек бос күйінде алмаз және гарфит түрінде кездеседі. Жер қыртысында көміртек мөлшері 0,1%. Ол органикалық заттардың негізгі құрамдық бөлігі болып табылады.
Көмір, мұнай, шымтезек, ағаш және табиғи газ отын ретінде қолданылатын жанғыш материалдар қатарында қарастырылады.
Көмір-өсімдік текті минерал. Жорамал бойынша, миллион жылдар бұрын батпақтарда өсімдіктердің шіру өнімдерінің жиналуы нәтижесінде түзілген.
Физикалық қасиеттері жай зат күйіндегі бірнеше аллотропиялық түр өзгерістері болады: алмаз, графит, карбин және фуллерен.
Кристалдың торларының құрылыстары әр түрлі
болғандықтан олардың физикалық қасиеттері әр түрлі.
Химиялық қасиеттері:
Көміртек әрі тотықтырғыш, әрі тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді.
Көміртек металдармен және сутекпен әрекеттескенде тотықтырғыш, ал оттекпен, галогенмен қосылысында тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді.
А) сутекпен С + 2Н2 = СH4 метан
Ә) оттекпен С + О2 = СО2 + 402 кДж
Б) галогендермен С + 2СL2 = СCL4
В) белсенді металмен Са + 2С = СаC2
Г) металл оксидтермен С + 2СuО = 2Сu + 2 Co2 ↑
Қолданылуы:
Белсендірілген көмір дәріханада “карболен” деген атпен таблетка түрінде сатылады. Ол тамақпен бірге асқазанға түскен ерімтал зиянды заттардың әсерін жоятын дәрі ретінде қолданылады. Қант және металлургия өнеркәсібінде қолданылады. Көміртек таскөмірден алынады. Одан графит өзектер-электродтар, резеңке, бояу, адсарбентер алуға болады.
өндірісі, күйе Медицинада Синтездік бензин алу
ІІІ. Сабақты бекіту.
Табиғатта көміртек қандай күйде кездеседі?
Көміртектің аллотропиялық түр өзгерісін атаңдар.
Көміртек қандай заттармен әрекеттеседі?
Көміртек қай жерлерде қолданылады?
Есептер шығару.
Массасы 188,42г көмір жаққанда (қ.ж) 336 л көміртек (ІV) оксиді түзілген көмірдің осы үлгісіндегі көміртектің массалық үлесін табыңдар.