Коммерциялық емес акционерлік қоғам алматы энергетика


Зерханалық жұмыс №7. Сөз тіркестері және файлдармен жұмыс



бет18/21
Дата07.02.2022
өлшемі1,2 Mb.
#94147
түріПрограмма
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
is 3
инт тен лек 5-6
2.7 Зерханалық жұмыс №7. Сөз тіркестері және файлдармен жұмыс


Жұмыстың мақсаты: сөз тіркестері және файлдармен жұмыс жасайтын негізгі операцияларды үйрену.


Жалпы мағлұмат.



  • тілінде жолдық айнымалыларға арнайы берілгендер жоқ. Бұл мақсаттар үшін жиым символдары қолданылады (тип char). Келесі көрсетілген мысалда сөз тіркесін пайдалану көрсетілген:

char str_1[100] = {‘П’,’р’,’и’,’в’,’е’,’т’,’\0’}; char str_2[100] = “Привет”;


char str_3[] = “Привет”;


printf(“%s\n%s\n%s\n”,str_1,str_2,str_3);

Келтірілген мысалда сөз тіркесін пайдаланудың үш тәсілі көрсетілген. Алғашқы тәсіл жиымның классикалық жариялануы, екінші және үшіншісі арнайы сөз тіркестері үшін қолданылады. Сондай-ақ, соңғы жағдайда компилятор сөз тіркесін жазу үшін жиым ұзындығын өзі анықтайды.


‘\0’ символы С тілінде сөз тіркесінің соңын білдіреді және одан кейінгі барлық таңбалар сөз тіркесінің символдары ретінде ескерілмейді.


Сөз тіркестерін енгізу функциясы




scantf(“%s”, сөз тіркесінің айнымалысының аты); gets(сөз тіркесінің айнымалысының аты); Символды енгізу функциясы


printf(“%s”, сөз тіркесінің айнымалысының аты); puts(сөз тіркесінің айнымалысының аты);

Сөз тіркестерімен жұмыс жасау үшін стандартты функциялар кітапханасын пайдалануға болады, онда келесі сөз тіркестерімен жұмыс жасайтын функциялар бар:





  1. конкатенация немесе сөз тіркесін біріктіру: strcat(сөз тіркесінің аты1, сөз тіркесінің аты2);




  1. бір сөз тіркесін екінші сөз тіркесіне көшіру : strcpy(сөз тіркесінің аты1, сөз тіркесінің аты2);




  1. сөз тіркесіндегі таңбалар санын табу:

strlen(сөз тіркесінің аты);



  1. сөз тіркесі1 мен сөз тіркесі2-ні салыстыру: strcmp(сөз тіркесінің аты1, сөз тіркесінің аты2);

Егер сөз тіркестері тең болса, сан нөлден кіші болса 0-ді қайтарады, егер




Сөз тіркесі1 < Сөз тіркесі2 және сан нөлден үлкен болса, Сөз тіркесі1 > Сөз тіркесі2;

47

  1. сөз тіркесінің кіші әріптерін үлкен әріптерге айналдырады (латын алфавитінің әріптерін ғана өңдейді):



strlwr(сөз тіркесінің аты);



  1. сөз тіркесінің үлкен әріптерін кіші әріптерге айналдырады (латын алфавитінің әріптерін ғана өңдейді):



strupr(сөз тіркесінің аты);



  1. функцияны шақырған кезде көрсетілген символдармен сөз тіркесін толтыру:



strset(сөз тіркесінің аты, символдың аты);



  1. сөз тіркесінен символды іздеу (нұсқауышты алғашқы табылған символға қайтарады, немесе, егер символ табылмаса – NULL мәнін қайтарады):



strchr(сөз тіркесінің аты, символдың аты).

Программа аяқталғаннан кейін барлық мәліметтер жоғалады. Мәліметтерді сақтау үшін файлдар қолданылады.


Файл – бұл әдетте винчестерде (қатқыл диск) сақталынатын мәліметтер бірлігі. Біз файлға қол жеткізудің еркін және тізбектелген түрін қарастырамыз. Енді файлдармен жұмысты қарастырайық. Файл - әдетте винчестерде (қатқыл диск) сақталынатын мәліметтер бірлігі. Си тілінде кез келген файл байттар ағыны ретінде қарастырылады. Кез келген файлдың соңы болып арнайы символ табылады.


Файлдармен жұмыс жасағанда енгізу-шығару операциялары орындалады. Енгізу операциясы мәліметтерді ішкі құрылғыдан файлдық буфер арқылы ЭЕМ-нің негізгі жадына жазуды білдіреді (енгізу файлы), шығару операциясы – бұл файлдық буфер арқылы ішкі құрылғыға негізгі жадыдан жіберу (FILE – құрылымы немесе файлдың дескрипторы).


Файлдық буферге қол жеткізу файлдық буфердің адресі бар нұсқауыш арқылы жүзеге асады.


Файлға нұсқауышты анықтау




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет