2.1 Зертханалық жұмыс №1. Сызықты алгоритмдерді программалау
Жұмыстың мақсаты: диалогтық режимде Си тіліндегі қарапайым программаларды жөндеп және орындап, компьютерге енгізіп, құруды үйрену, сызықты алгоритмді жүзеге асыратын программаның орындалуы кезінде болатын компилятордың диагностикалық қателерімен танысу.
Жалпы мағлұмат.
Сызықтық алгоритм дегеніміз – берілген мәліметтердің кез келген мәндерінде тізбектелген әрекеттердің бір рет ғана орындалғанда алынатын нәтиже. Программаның операторлары тізбектеліп, программада орналасқан ретімен бірінен кейін бірі орындалады.
Си тіліндегі қарапайым программа тақырыбынан және негізгі функция main() денесінен тұрады. Тақырыбында программада қолданылатын функциялардың бас файлдары көрсетіледі. Си тіліндегі программаның негізгі бөлігі программаның старттық нүктесін көрсететін void main () операторынан басталады. Си тіліндегі программаның құрылымы келесі түрде көрсетіледі:
{ тұрақтылар мен айнымалыларды сипаттау; өрнектер; функциялар;
операторлар;
}
Форматты шығару printf() функциясы
Функцияның жазылу синтаксисі:
printf(<басқаратын жол>, <айнымалылар тізімі>);
мұнда, <айнымалылар тізімі> - экранға шығарылатын айнымалылар идентификаторының тізімі;
<басқаратын жол> - қос тырнақшада қоршалып, аргументтердің қалай бейнеленетінін көрсететін символдар тіркесі: %i, %d – барлық бүтін ондық санды енгізу үшін қолданылатын белгі, %u – таңбасыз ондық санды енгізетін белгі, %f – жылжымалы нүктелі ондық санды енгізу үшін, %с - символды енгізу үшін, %s – сөз тіркесін енгізу үшін.
Форматты енгізу scanf() функциясы.
Жазылу синтаксисі:
scanf(<басқаратын жол>, <айнымалы адрестерінің тізімі>);
мұнда, <басқаратын жол> - формат тіркесі, спецификация мәндері дәл printf() функциясымен бірдей.
9
<айнымалы адрестерінің тізімі> - функция арқылы енгізілетін айнымалылардың адрестері үтір арқылы көрсетіледі. Айнымалы адресі & символымен көрсетіледі және бұдан әрі айнымалы идентификаторы көрсетіледі, мысалы, stud айнымалысының адресі &stud түріндегі символмен көрсетіледі.
Си тілінде мәліметтердің 5 негізгі түрі бар: char – символдық тип; int – бүтін тип; float – жылжымалы нүктелі сандар типі; double – ұзындығы екі еселенген жылжымалы нүктелі тип; viod – ешқандай мәні жоқ бос тип.
Тапсырма А. Өрнектің оң жағындағы есептеулерге программа құру қажет.
Есептеулердің барлық мәндерін пернетақтадан енгізу керек.
-
Достарыңызбен бөлісу: |