2.7 Зерханалық жұмыс №7. Сөз тіркестері және файлдармен жұмыс
Жұмыстың мақсаты: сөз тіркестері және файлдармен жұмыс жасайтын негізгі операцияларды үйрену.
Жалпы мағлұмат.
тілінде жолдық айнымалыларға арнайы берілгендер жоқ. Бұл мақсаттар үшін жиым символдары қолданылады (тип char). Келесі көрсетілген мысалда сөз тіркесін пайдалану көрсетілген:
char str_1[100] = {‘П’,’р’,’и’,’в’,’е’,’т’,’\0’}; char str_2[100] = “Привет”;
char str_3[] = “Привет”;
printf(“%s\n%s\n%s\n”,str_1,str_2,str_3);
Келтірілген мысалда сөз тіркесін пайдаланудың үш тәсілі көрсетілген. Алғашқы тәсіл жиымның классикалық жариялануы, екінші және үшіншісі арнайы сөз тіркестері үшін қолданылады. Сондай-ақ, соңғы жағдайда компилятор сөз тіркесін жазу үшін жиым ұзындығын өзі анықтайды.
‘\0’ символы С тілінде сөз тіркесінің соңын білдіреді және одан кейінгі барлық таңбалар сөз тіркесінің символдары ретінде ескерілмейді.
Сөз тіркестерін енгізу функциясы
scantf(“%s”, сөз тіркесінің айнымалысының аты); gets(сөз тіркесінің айнымалысының аты); Символды енгізу функциясы
printf(“%s”, сөз тіркесінің айнымалысының аты); puts(сөз тіркесінің айнымалысының аты);
Сөз тіркестерімен жұмыс жасау үшін стандартты функциялар кітапханасын пайдалануға болады, онда келесі сөз тіркестерімен жұмыс жасайтын функциялар бар:
конкатенация немесе сөз тіркесін біріктіру: strcat(сөз тіркесінің аты1, сөз тіркесінің аты2);
бір сөз тіркесін екінші сөз тіркесіне көшіру : strcpy(сөз тіркесінің аты1, сөз тіркесінің аты2);
сөз тіркесіндегі таңбалар санын табу:
strlen(сөз тіркесінің аты);
сөз тіркесі1 мен сөз тіркесі2-ні салыстыру: strcmp(сөз тіркесінің аты1, сөз тіркесінің аты2);
Егер сөз тіркестері тең болса, сан нөлден кіші болса 0-ді қайтарады, егер
Сөз тіркесі1 < Сөз тіркесі2 және сан нөлден үлкен болса, Сөз тіркесі1 > Сөз тіркесі2;
47
сөз тіркесінің кіші әріптерін үлкен әріптерге айналдырады (латын алфавитінің әріптерін ғана өңдейді):
strlwr(сөз тіркесінің аты);
сөз тіркесінің үлкен әріптерін кіші әріптерге айналдырады (латын алфавитінің әріптерін ғана өңдейді):
strupr(сөз тіркесінің аты);
функцияны шақырған кезде көрсетілген символдармен сөз тіркесін толтыру:
strset(сөз тіркесінің аты, символдың аты);
сөз тіркесінен символды іздеу (нұсқауышты алғашқы табылған символға қайтарады, немесе, егер символ табылмаса – NULL мәнін қайтарады):
strchr(сөз тіркесінің аты, символдың аты).
Программа аяқталғаннан кейін барлық мәліметтер жоғалады. Мәліметтерді сақтау үшін файлдар қолданылады.
Файл – бұл әдетте винчестерде (қатқыл диск) сақталынатын мәліметтер бірлігі. Біз файлға қол жеткізудің еркін және тізбектелген түрін қарастырамыз. Енді файлдармен жұмысты қарастырайық. Файл - әдетте винчестерде (қатқыл диск) сақталынатын мәліметтер бірлігі. Си тілінде кез келген файл байттар ағыны ретінде қарастырылады. Кез келген файлдың соңы болып арнайы символ табылады.
Файлдармен жұмыс жасағанда енгізу-шығару операциялары орындалады. Енгізу операциясы мәліметтерді ішкі құрылғыдан файлдық буфер арқылы ЭЕМ-нің негізгі жадына жазуды білдіреді (енгізу файлы), шығару операциясы – бұл файлдық буфер арқылы ішкі құрылғыға негізгі жадыдан жіберу (FILE – құрылымы немесе файлдың дескрипторы).
Файлдық буферге қол жеткізу файлдық буфердің адресі бар нұсқауыш арқылы жүзеге асады.
Файлға нұсқауышты анықтау
Достарыңызбен бөлісу: |