1.5 Кристалды заттардағы дефектері Кристалды заттардың құрлысы-ның «дефектері», ерекше физикалық
қасиеттерді анықтайды және әр-түрлі материалдар мен аспаптарды алу үшін
қолданылады. Кристалды қатты заттардың дефектеріне кристалды торлардың
электростатистикалық өрісінің қандай да болса бұзылуы жатады.
1.6 Электротехникалық материалдардың қатты денелердің зоналық теориясы бойынша топтасуы. Электр қасиеттеріне тәуелді барлық заттар диэлектриктерге,
өткізгіштерге
немесе
жартылай
өткізгіштерге
жатады.
Олардың
айырмашылығы қатты заттардың аймақтық теориясының энергетикалық
диаграммасы көмегімен көрсетуге болады. Осы теория бойынша барлық
атомдар белгілі бір энергетикалық күйде немесе бір деңгейде болады.
Қалыпты күйде осы денелердің кейбір бөлшектері қоздырылмаған
электрондарментолы, кейбір бөлшектерде электрондар тек қана сыртқы
факторлардың әсерінен ғана пайда болады. Қатты денелерде жеке
энергетикалық деңгейлерден біртұтас жолақ пайда болады, ол энергетикалық
деңдейлердің аймағы деп аталады. Бұл аймақтар үшке бөлінеді: 1- шісі
электрондардан бос аймақ; 2- шісі электрондардың өтуіне тыйым салынған
аймақ; 3–шісі электрондармен толтырылған аймақ. Сонымен, диэлектрик деп
тыйым салынған аймақ өте үлкен жай жағдайда электрондық өткізгіштік
байқалмайтын заттарды атаймыз. Ал тыйым салдырылған аймақ жіңішке,
электрондар сыртқы факторлардың арқасында толтырылған аймақтан бос
аймаққа өтуі жеңіл болатын заттарды жартылай өткізгіштер дейміз. Өткізгіш
заттардың тыйым салдырылған аймақ жоқ, олардың толтырылған аймағымен
9
бос аймағы түйісіп тұр, сондықтан электрондар кедергісіз бір-біріне өте
береді.