Практика жүзінде бизнес-жоспарды процесс ретінде жүзеге асыру үшін оның принциптерін білген жөн: -ИКЕМДІЛІК. Яғни, ұйым өмір сүретін ортада болып жатқан өзгерістерге оңай бейімделгіштігі; -КОММУНИКАТИВТІЛІК – барлық іс-әрекеттердің үйлесімділігі мен бірлігі; -КӨПВАРИАНТТЫЛЫҒЫ – белгіленген мақсатқа жету үшін альтернативті мүмкіншіліктердіңішіндегі ең жақсысын таңдау; -ҚАТЫСТЫҒЫ – жоспаролау процесін ұйым жұмысшылары көзқарасымен сәйкестендіру; Нарықтық экономикада бизнес-жоспардың формасы , мазмұны , құрылымы бойынша жіктелуі төмендегі суретте көрсетілген: Бизнес-жоспар келтірілген суретке сәйкес әртүрлі модификацияда құрылады. Яғни, бизнес бағыты бойынша (өнім, жұмыс, қызмет), жалпы кәсіпорын бойынша (жаңа немесе жұмыс атқарып тұрған). Қаржылық сауықтыру бизнес–жоспары қаржыны төлеуге қабілетсіз кәсіпорындарға арналып жасалады. Ол кәсіпорынның негізгі құжаты болып табылады және: –кәсіпорынның нарықта өз орнын сақтап қалу стратегиясын құру үшін; –қайта ұйымдастыру жоспарын жасау үшін; –дағдарыс жағдайында кәсіпорынды басқару үшін; –мемлекеттік көмектің керек екендігін түсіндіру үшін қажет. Жоғарыда айтылғандай бизнес–жоспардың негізгі мақсаты–инвесторлар, жаңа акционерлер, кредиторлар тарту болып табылады. Сондықтан инвесторлардың ұнататын 1–2 бетті бизнес–жоспардыңқысқа мазмұнын дайындау маңызды іс болып саналады. Осы 2 бетте жобаның ерекшелігі мен артықшылығы нақты көрсетілген жөн. Қысқа мазмұн инвесторларды тартатын алғашқы құрал болса, келесі ұсынылатын нәрсе фирма туралы жалпы мәлімет болуы керек: I. Фирманың құрылуы: –фирманың құрылған күні (тіркелуі, орналасқан,жері, фирма қайда және кіммен тіркелген); –фирманың ұйымдастырушылық–құқықтық формасы; –фирма капиталының құрылымы (шығаруға рұқсат етілген акциялар саны, шығарылған және айналымдағы акциялар саны, олардың биржалық бағасы) –фирманың есеп–шоттары бар банктер; –фирманың жетекшісі, төрағасы, директоры; –фирма бухгалтері; –фирма юристі; –негізгі менеджерлер, олардың білімі, тәжірибесі; II. Фирманың ұйымдастырушылық құрылымы III. Фирма имиджі: –Фирма несімен белгілі; ? –оның басқа фирмалардан айырмашылығы неде? –фирманың саудалық белгісі қай жерде белгілі? –кім негізінен бұл фирманың тауарын сатып алады? Сонымен қатар осы жерде фирманың негізгі тұтынушыларын көрсеткен жөн Қорытындыда керекті қыржыландыру көлемін және фирманың қаржыландыру көмегімен капиталды өсіруі үшін қандай іс–әрекеттерді жүзеге асырайын деп жатқандығын айта кеткен дұрыс. Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/blogs/28068/?ysclid=lnako4wwpx831465094