1.2. Пәннің міндеттері: 1. Психолог кәсібінің қыр-сырын және оның қалыптасу ерекшелігін ашу. 2. Студенттерді психолог қызметінің негізгі кәсіби және этикалық принциптерімен таныстыру; 3. Психологтың іс-әрекет пәні мен құрал-жабдықтарға байланысты мамандану ерекшеліктерін ашу; 4. Психолог маманының қалыптасу динамикасы мен оның жеке басына қойылатын талаптарды қадағалау; 5. Студенттерді психологиялық қызмет көрсету және маркетинг ерекшеліктерімен таныстыру.
Пререквизиттер: жоқ.
Постреквизиттер: «Психологиялық зерттеу әдістеріне кіріспе»; «Даму психологиясы»; «Жануарлардың мінез-құлық эволюциясы»; «Психологияға кіріспе»; «Психологиялық өлшеу және деректерді талдауға кіріспе».