Коммерциялық емес акционерлік қоғамы ҒҰмарбек дәукеев атындағы алматы энергетика және байланыс


ДЕРЕККӨЗДЕР МЕН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................17



бет2/2
Дата18.04.2022
өлшемі72,68 Kb.
#139883
1   2
Байланысты:
Коммерциялы емес ашы акционерлік о ам мар д укеев атында Ы

ДЕРЕККӨЗДЕР МЕН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................17

КІРІСПЕ
Антропогенездің ерте кездегі кезеңдердегі қозғаушы күштері сол бұрынғы факторлар: тіршілік үшін күрес, табиғи сұрыпталу, тұқым қуалау (негізінен алғанда мутациялық және үйлесімді) өзгергіштігі болып саналады. Жылдам және жақсы аң аулағыштар, жауынан қорғанып, қорегін аулап, құралдар мен от жаға білгендер артықшылығы болғандықтан, сұрыптауда сақталып қалды және ұрпақ берді.Австропитектерде, , ішінара питекантроптарда бүкіл тіршілік еткен өмірде одан әрі осылай жалғасты. Кейінірек еңбек барынша үлкен рөл атқара бастады. Сәбилер әр түрлі заттармен неғүрлым көп ойнаса, олардың ақыл-ой қабілеті, миының дамуы тез және жақсы қалыптасатыны белгілі.Психологтар түйме немесе өзге ұсақ заттарды іріктеп ойнайтын балалардың ертерек сөйлей бастайтынын дәлелдеді. Бұл физиологиялық көзқарас тұрғысынан да түсінікті, өйткені миға әр түрлі сыртқы сақтандыру белгілері туралы жүйкелік серпіндер түседі және оның жасушалары желеу алып, тезірек дамиды. Сөйтіп алғашкы архантроптардың (ежелгі адамдардың жиынтың атауы) қолы ғана машықтанып қоймай, колға тас немесе таяқ ұстаған кезде миы да жаттықты.


Антропогенездің екінші күшті факторы - қарым-қатынас, ужымдасып өмір суру. Гориллаға қарағанда үйірлесіп өмір сүретін шимпанзенің ымдасуы едәуір дамиды. Бұл бірін-бірі дұрыс түсініп, жанжалдасудан құтылуға жәрдемін тигізеді. Ал алғашқы адамдарға адамдармен мақсатка сәйкес бірлесіп әрекет жасау үшін ғана емес, сондай-ақ келесі ұрпақка ақпарат беру үшін де қажет. Мұнда тағы бір әлеуметтік фактор - тәрбие беру пайда болды. Өйткені адамдар іс жүзінде тұмысынан ешқандай дағды ала алмайды. Жүлдызқұртқа қуыршак жасауды, ал балараға көрез (соты) жасауды үйретудің қажеті жоқ, алайда адам үйретпей, ештеңе істей алмайды.
Бозбаланың ақылды және тапқыр-пысық болып, жануарлар әлемінен адами қоғамға оңай өтуі тек Киплингтің Мауглиінде ғана кездеседі. Тарихта адам баласының табиғат тауқыметіне тап болып, өмір сүргендігі туралы деректер бар. Бірақ олар ешқашан да адам бола алмаған! Бұл тіршілік иелері біздің қоғамға бейімделе алмады, қалыпты адами өмір сүруге орала алған жоқ. Адам қоғамы мен тәрбиесінде болмаған балаларға қарағанда, тіпті қолда өсірілген маймылдар адам ортасында өмір сүруге бейімірек болды.
Сондықтан адамның қалыптасуын тек биологиялық үдеріс ретінде зерттеуге болмайды. Сөйтіп, маймыл сияқты ата тектерден эволюция алшақтаған сайын даму деңгейі жоғарырақ болып, биологиялық факторлар соғұрлым аз рөл атқарып, қоғамдъщ факторлардың үлкен рөл атқарганын ұмытпау керек. Бөлкім питекантроптардан бастап қогамдық факторлар: еңбек, қарым-қатынас, тәрбие беру, ұжьшдасып өмір сүру маңыздырақ бола бастаған шығар.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Тіршілік үшін күрес


Адам эволюциясы қазіргі кезде де жалғасуда ма? Ол да мүмкін.Мысалы, осы заманғы адамдарға тез өсу (акселерация - балалар мен жасөспірімдер бойының өсу және жыныстық пісіп жетілу) үдерісі тән қасиет. Қазіргі кезде биологиялық факторлар қандай болса да рөл атқара ала ма? Біздің қоғамда іс жүзінде сұрыптау және тіршілік үшін күрес жоқ. Мысалы, туа біткен әлсіз иммунитет күшті дәрі-дөрмекпен теңгеріледі. Солай болғанмен өзгергіштіктің рөлін жоқка шығаруға болмайды. Өйткені адам геномында қандай мутация (өзгерістер) болу мүмкіндігін және олардың физиологиясы мен кұрылысында қандай өзгерістерге ұшырайтынын ешкім біле алмайды. Әсіресе техниканың ластандырылуы нәтижесінде қазіргі кезде мутагендер деңгейі шындап өсті.
Адам қоғамындағы тіршілік үшін күрес.
Бұл биологиялық емес,таптық табиғаттағы тартыс пен соғыс қарама-қарсылығын түсіндіру және ақтау кезіндегі ғылымға және қоғамдастықка қарсы амал.
Әлеуметтік дарвинизмді жақтаушылар табиғи сұрыпталу теориясын адам қоғамына қолдануға тырысады. Тірі табиғат биологиялық заңдылық бойынша, ал адам қоғамы қоғам заңы бойынша дамиды. Бұл ұғымдарды шатастыруға болмайды.
Ағзалардың тұқым куалау негізіндегі тіршілік үшін күрес нәтижесі табиғи сұрыпталу болып табылады. Бұл да биологиялық ұғым. Ал оны адам қоғамына кешіруге болмайды. Халықтар арасында қатал бәсекелестік пен соғыс адам тобын жақсарта алмайды.
Мұндай пікірлердің мүлде үйлесімсіздігін көру үшін ғалым болу қажет емес, қарапайым дұрыс ойлайтын адам болу қажет. Қазіргі заман адамдарына «жақсы бейімделгеи» деп анықтама беру жасанды қолданыс болады. Ғалымдар - бұл қоғамның ең зерделі мүшелері. Олар жаңалық ашып, тіршілік ұзартуды, сондай-ақ бүкіл адамзаттың тірі қалу пайызын арттырады. Бірақ «тіршілік үшін күресте» олардың, мысалы, кұрылысшылар немесе әскери адамдар, немесе жүргізушілер,немесе сантехниктердің ұтылып қалуы мүмкін. Егер бейімделгіштік көрсеткіші ретіндегі байлық туралы айтатын болсақ,ғаламшардағы ең бай 100 адам - мүлде Нобель сыйлығының лауреаты емес.
Адамзат топ ішінде - тайпада өзара бір-біріне көмектесе әрекет етуінің арқасында тірі қалғандығы күмән келтірмейді. Атап айтқанда адамдар өзара біріне-бірі көмектесе әрекет етіп, бірін-бірі жауынан құтқаруы нәтижесінде қоршаған қатал өлемге қарсы тұруға мүмкіндік алды. Классиқалық дарвинизмде «тіршілік үшін күрес» ұғымының өзіне және жұртқа өзара пайдалы селбесе қарым-қатынас жасауды камтиды.
Ф. Берньенің ізінше (XVII ғ.) Карл Линней (1740) өз жіктеуіне қазіргі адамдарды ұсынды. Ол 4 негізгі 4 формаға (нәсіл сөзі кейінірек пайда болды): азиаттық, африкалық, америқалық, еуропалық формаларға бөлді. Осы және келесі жүйелер көрегендік бағаға негіз болды. Кейінірек адам кұрылысының ерекшеліктері есептеле бастады.

2. Нәсілдер



Қазіргі заман адамдарының барлығы саналы адам homo sapiens бір түрге жатады. Нәсілдер бұдан 30-40 мың жылдар шамасында ғана қалыптаса бастады. Еуразия аумағынан табылып, айы-күні бұдан 25-40 мың жыл бұрын белгілі болған кроманьондықтар түрінің өкілдерінде нәсілдік ерекшелік әлсіз, комескі түрде білінді. Сірә, нәсілдер бұдан 10-20 мын,жылдар бұрын біржолата қалыптасса керек. Үдеріс ортаға бейімделгіштік (идиоадаптация) деңгейінде жүріп, бейімделгіштік мәнге ие болды. Мәселен, негроидты нәсілдің қара қоңыр терісі ультракүлгін сәуленің артық әсерінен қорғады, бұйра шаш күн етіп кетуден сақтандырды, ал бойдың биік болуы дененің қызып кетпеуіне (үстіңгі бетколем) мүмкіндік туғызды. Монголоид нәсілі көзінін. шүңғыл, қысыңқы орналасуы жиі соғатын шаңды дауылда көзге қоқым, Қытай жазығында - құм, шаң,Аляскада мұз ұшқынын түсуден сақтандырды.
Қазіргі кезде 3 ірі нәсілге бөлінеді. Олар: монголоид, еуропеоид және негроид. Тағы бір жіктеу бойынша австралоид және американоид дербес нәсілдер болып топтастырылады. Нәсілдердің әркайсысының өзіне тән сыртқы белгілері болады. Алайда әр алуан нәсіл адамдарының өзіне тән жалпы түрлік өлшемдері бар. Мәселен,бүкіл нәсіл өкілдерінің, дербес ерекшеліктерден өзге, ішкі мүшелер құрылысы мүлде бірдей. Физиологиялық үрдістерінде де айырмашылық жоқ. Әр түрлі нәсілдердің дені сау адамдарында дене температурасы, қан қысымы, тағамға төбеті (тәуліктік калория мөлшері) және су тұтынуы бірдей болып келеді. Тек қан құю немесе эмбриондарды алмастыру ғана емес, сондай-ақ мүшелерді ауыстырып орналастыру мүмкіндігі бар. Әр түрлі нәсіл өкілдерінің отбасында белгілі бір нәсіл отбасылары тәрізді дәл сондай тіршілікке бейім және өсімтал ұрпақ тууда.
Нәсілдердің барлығы генетикалық, биологиялық және әлеуметтік жағынан бірінен-бірінің артық-кемдігі жоқ. Олардың кез келген өкілдері ғылымда, спортта немесе өнерде үлкен биіктікке көтеріле алады. Кертартпа нәсілшілдік ілім нәсілшілдік еуропеоид нәсіл негроидты нәсілден зерделі болады десіп дәлелдемек болды. Бұл салада XX ғасырда фашистік Германия «биологияға жанаспайтын», дүмбілез іздестіруді қаржыландырды. Нәсілшілдік теориясы адамдарды қанап,отарланған мемлекеттердің табиғи ресурстарын пайдаланудың айыбы жоқ деп тану үшін мемлекеттерге, отаршыларға қолайлы болды.Ал казіргі уақыттағы мүлде адамгершілікке жатпайтын ілім ретіндегі фашизм ізгілікке қарсы және табиғи емес әр түрлі теорияларды өзіне тартады. Солар арқылы жеке адамдар мен тұтас халықты жою саясатын ақтау қолайлы болған.
Осы заманғы өркениетті адам белгісінің бірі нәсілшілдік және ұлттық. төзімділік болып табылады. Егер адам өзін кадірлейтін болса, онда ол оның нәсіліне немесе ұлтына қарамастан, өзге адамдарды да сыйлай білуі қажет. Бұл ой өркениетті барлық елдердін, конструкциясының негізі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 14-бабында былай жазылған: «Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды».
3.Адам эволюциясының кезеңдері

«Адам» деген ұғым – адам баласына тән жалпы қасиеттердің


жиынтығын білдіретін түсінік. Адамың әлемде алатын орны ерекше.
Адам жаратылыстың, табиғаттың туындысы және әлеуметтік феномен.
Ол табиғат жасамаған заттар мен құбылыстарды өз қолымен, ақылмен
жасайды.
Діни ұғымдар бойынша дүние адам үшін жаралған деген ұғым бар, өмір
адамға, адам көңіліне жол табу мақсатына бағындырады. Мұсылман
және Христиан діндері, иудаизмнің Библиядағы мифін қабылдап,
адамның азап шегуін бұрынғы ең бастапқы күнәсі үшін тартатын жазасы
дейді. Одан құтылудың жалғыз жолы - Құдайға құлшылық етіп, табына
беру деп уағыздайды.
Ежелгі үнді философиясы мен дінінде адам әлемдік жанның бір бөлігі ретінде қаралды. Жанның біреуденекіншісіне көшуі туралы ілімде, тіршілік иелері
(өсімдіктер, жануарлар, адамдар) мен Құдай арасында өтуге болатын жылжымалы шекара бар. Бірақ ең маңыздысы - бостандыққа ұмтылу тек адамға ғана тән, оған жету үшін құштарлықтан құтылу, болмыстың эмпирикалық жолы, сансара - карма заңдарын білу қажет. Упанишадтың пафосы- шабыт, сезім шаттығы, ықлас, ынта, жігерлену. Упанишад үнді философиясының дамуына зор ықпал көрсетті

Ежелгі антика заманында адамды космос бейнесінде, «кішкентай әлем» (микрокосмос) ретінде қарады. Адам туралы мәселені алғашқы рет Сократ қойды. Ол рационалдық этиканың негізін қалап, адамның ішкі дүниесін, оның жаны мен ізгілікті ісін түсінуді ұсынды. «Ізгілік» дегеніміз – білім, «Жақсылық пен әділдікті танып-білген адам жамандық пен әділетсіздіктен аулақ болады» - дейді. Платон ілімі бойынша адамда мәңгiлiк жан мен Жаңа Заман философиясының өкілдері: Бэкон, Декарт, Гоббсс, Спиноза адамның өз болашағы өз қолында, Құдайдан да, басқадан да тәуелсіз, ол


тапқыр да белсенді жасампаз тағдыр иесі, өз өмірінің саналы субъектісі.
Адамның ерекшелігі де, рухани күйі де оның ақыл-ойында, яғни ойлау
қабілетінде деп есептедi. Декарт: ойлауды адамның өмір сүруінің нақты
куәсі дейді. «Мен ойлай аламын, олай болса өмір сүремін». Адам - ақылойы бар тіршілік иесі. Дене мен жанның арасында ортақтық жоқ. Дене
белгісіздікте болса, жан ойлайды, жанның айқын маңызы – сана, ақыл-ой».

Бірінші рет философияда «антропология» терминін Кант кіргізді.


Адам философиясы немесе антропологиялық философия дегеніміз
– адам туралы ілім. Ол адам мәселесін екіжақты қарады.
Біріншіден, ол табиғат әлемi мен табиғи қажеттілікке тәуелді болса,
екіншіден, адам еркіндік әлемі ретінде қаралды. «Адамның барлық
іс-қимылының басқа біреудің еркіне бағынышты болуынан асқан
сорақы сұмдық мүмкін емес»,- деді.

Гегель: «адам – тарихи» – деген идеяны дамытты. Ол үшін адам рухтың жалпылық қасиеті, рухани іс-әрекеттің субъектісі, мәдениет


дүниесін жасаушысы. Фейербах пен Чернышевский өздерінің
ілімінде адамды негізгі зерттеу мәселесіне айналдырды. Адам
сезімдік, денелік тіршілік иесі және осының нәтижесі саналды.

Экзистенциализм - ең алдымен адамның дербес нақты өмір сүруіне мән береді


және материализмнің, сциентизмнің үстемдігін жоққа шығарады. Бірінші
орынға сезімді, тек жай сезім емес, сезіну, уайымдауды қойды. Қысқаша
уақытта сезіну орына ұзаққа созылған сезімдер: қайғыру, жалғыздық, қорқу,
т.б.қойылады.
Адамның табиғи (биологиялық) және қоғамдық (әлеуметтік) мәні. Адам
«табиғи жаратылыстың дамуы» арқылы осы күнгі дәрежеге жетіп, күрделі
феномен ретінде қалыптасты. Саналы адам (Home sapens) 50 мың жыл өмір
сүріп келе жатқан болса, адамның жалпы тарихы шамамен 3-3,5 миллион
жылдай болады.

Ақылды адамның пайда болу негізі неде? Адамның еңбегі арқылы пайда


болған заттар (жасанды табиғаттың) мен тілдің пайда болуында. Еңбек, сана,
ойлау және тіл - бір-бірімен тікелей байланысып жатқан процесс. Бұл жерде
антропогенез (адамдардың шығу тегін зерттейтін антропологияның бір
бөлігі), антропосоциогенез (әлеуметтік себептерді анықтау) деректері көп
жәйді анықтайды. Мәдениет жоқ жерде - жетілген қоғам жоқ, деген көшбашылар.

Адам эволюциясының кезеңдері. Адамның даму тарихы 3 кезеңге бөлінеді: ежелгі адамдар, ертедегі адамдар жөне қазіргі адамдар. Антропологиялық директор бойынша, ежелгі адамдар осыдан 1 млн жил бұрын өмір сүрген. Олардың қатарына қаңка қалдықтары Ява аралынан табылған питекантропы, Қытай жерінен табылған синантропы және қалдыктары Германиядан табыл- ған гейдельберг адамин жаткызады. Бұлардың жалпы сырткы бейнесі адамға ұқсағанымен, маймылдарга тән белгілері басымырақ байқалады.


Мысалы, қас үсті доғасы қалың әрі алға карай шығыңқы, мандалы тайқы, жак сүйектері ірі, ал иегі шығыңқы емс. Миының массы г шамасьшда, бойларының биіктігі см. Олар үңгірлерде тұрьш, отты пайдаланған. Топтасып аң аулап, та стан және сүйектен үшкірлеп, кашап құралдар жасаған. Ұстап өлтірген жануарлардың етін жеп, терісін сыпырып, киім ретінде пайдаланған. Ежелгі адамдардың пайдаланған еңбек кұралдары Қазакстан жерінен де табылған. Осы аталған ежелгі адамдарды бір топқа біріктіріп, тік жүретін адамдар (Homo erectus) деп атайды.


Ертедегі адамдардың бірнеше тобин ажыратады. Олардың ішінде жаксы зерттелгені неандертальдық адамдар. Бүлар осыдан 200 мин жил бүрын Еуропа, Африка және Азияның оңтүстік аймактарында өмір сүрген. Неандертальдық адамдардың бойларының биіктігі см, аяқ-қол бұлшық еттері жақсы жетілген, миының келемі ұлғайып, 1400 см 3 шамасында балды. Олар бір-бірімен сөз аркылы қарым-қатынас жасап, казіргі адамдарга кебірек ұқсаған. Еңбек құралдары күрделеніп өзгерген. Топтасып емір сүрген, Еркектері бірігіп аң аулап, әйелдері мен балалары әсімдіктердің жемісін, тамырын жинап, тамак пісірген, аң терілерінен киім тігіп кеген. Қолөнерімен айналыскан.Ендеше, адамның даму тарихындағы осы кезеңде биологиялык факторлармен катар әлеуметтік факторлардың әсері де айкын байкала бастаған.


Ертедегі адамдар мен казіргі адамдардын, яғни біздердің арамыздағы байланыстырушы буын кроманъон адамы. Кроманьон адамин осы замангы алғашқы адамдар деп атайды. Олардың конка калдықтары Франциядағы Кро- Маньон үнгірінен табылган. Кроманьон адамдары осыдан 40 мың жил бүрын өмір сүрген. Олардың сүйектері кейін Еуропа, Азия, Африка, Аустралия және Қазақстанның да кептеген жерлерінен табылған.


Адам эволюциясының кезеңдері Өзгеріске көбірек ұшыраған мүшелер Өзгеру сипоты Өзгерудін себептері Ежелгі адамдар (синантроп, питекантроп, гейдельберг адамы) Неандертальдыктар Кроманьондықтар мен қазіргі адамдар


4.Адам туралы көзқарас



Философиялық антропология – адамның мәні, құрылымының мәні туралы ғылым. Оның қоршаған әлемге, барлық заттың негізіне, болып жатқандардың метафизикалық мәніне және оның әлемдегі физикалық, психологиялық жеке рухтың пайда болуына қатынасы оның биологиялық психикалық, рухани — тарихи және әлеуметтік даму заңдылықтары туралы ғылым.
Адам проблемаға айналған кезде адам «адам деген не, ол бұл әлемге неге келді және басқа тірі жандардан немен ерекшеленеді» деген мәселелермен ойланған кезде философиялық антропология іргелі және орталық философиялық ғылымға айналады. Fылымның қазiргi жетiстiктерi адамды биологиялық факторлармен қатар әлеуметтiк факторлар да маңызды рөл атқаратын эволюциялық даму өнімі деп тұжырымдауға мүмкіндік бередi. Осы орайда адамның жоғары ұйымдасқан жануарлардан басты айырмашылықтары туралы және осы айырмашылықтарды мүмкін еткен үрдiстердi ғылыми тұрғыда түсiндiру туралы мәселе шешушi мәнге ие болады.
Алайда әлемнiң қазiргi ғылыми картинасында антропогенез үдерiсi көп жағдайда белгiсiз күйiнде қалып отыр. Бұл жағдай «адам феноменiн» тамаша зерттеушi, атақты француз философы, биологы, палеонтологы және антропологы Пьер Тейяр де Шарденнiң мынадай сездерiмен түсiндiрiледi: адам «эволюцияның өзегi мен шыңы» болып табылады және «адамның кiлтiн табу, демек әлемнiң қалай құрылғанын және ол қалайша ары қарай құрылуы тиiс eкeнiн бiлуге ұмтылу деген сөз».
Жетiспейтiн айғақтардың жоқтығы, адамға деген eскi көзқарасқа күмән келтiретiн жаңа ашылымдар адамның мәнi мен табиғаты туралы әр түрлi концепциялар туғызды. Оларды жалпы, шартты түрде рационалистік және иррационалистік деп бөлуге болады. Иррационалистiк көзқарас негiзiне адам әpeкeтi немесе оның кең мағынасында адам болмысы түсiндiруге келмейтiн iшкi сарындар, ыpықтар, көңіл — күйлер көpiнici позициясымен талданатын идеялар құрайтын экзистенциализм, неотомизм, фрейдизм iлiмдерiн жатқызуға болады. Бүтiндей алғанда иррационалистiк концепциялар адамның кейбiр қырлары мен қасиеттерiн ашқанымен, адамның шығу тегi жөнiнде ешқандай логикалық тұрғыда дайындалған теория немесе ең болмағанда гипотеза да бермейдi.
Адам туралы бiздiң қазiргi көзқарастарымыз иррационалистiк бағыттағы ойшылдар жетiстiктерiн eскepгeнiмeн, көбiне рационалистiк, материалистiк және идеалистiк идеяларға сүйенедi. Мысалы, жүздеген, мүмкін мыңдаған жылдарға созылған адамның жануарлар әлемiнен бөлiнiп шығу үдерiсiн түсiндiре отырып, Маркс пен Энгельс былай деп жазады: «адамдарды жануарлардын санасына, дiнiне жалпы тағы басқаларына қарап айыруға болады. Ал олар өздерiн жануарлардан өмiрлiк қажеттi құралдарды өндiре бастаған кезден айыра бастайды, адамдар өздерiнiң материалдық өмipiн жанама жолмен өздерi өндiредi». Жануарлық жағдайдан адамға өтуге мүмкiндiк беретiн басты критерий оның мәдениеттенуi – бұл жерде материалдық өндiрiс болып көрiнедi. Адамның әлеуметтiк — биологиялық эволюциясын түсiндiруде Энгельс ұсынған антропогенездiң еңбек теориясының маңызы зор. Бұл теорияны жақтаушылар еңбек биологиялық заңдар әcepiн тepicкe шығармайды, бiрақ ол табиғи сұрыпталу әpeкeтi сипатын өзгертедi, қалыптасушы адам өз жеке өлшемi бойынша табиғатты өзгерту қабiлетiне және адамның өзi қалыптасуына ықпал етедi деп санайды. Еңбек әpeкeтi арқасында адамның биологиялық және рухани қажеттiлiктерi өтеледi, адамдардың бiрiгу ауқымы көбейе түседi. Еңбек арқылы адам өзiн, өзiнiң физикалық және ақыл — ой қабiлеттерiн көрсете алады.
Адам және адамзат тұлғасы қалыптасуындағы үлкен рөл тілге тиесiлi. Тiл арқасында адамның ойлауы дамиды. Тiл маңызы, ең алдымен, онсыз адамдардың еңбек әpeкeті практикалық тұрғыда мүмкін eмecтiгiмeн сипатталады. Өзара қатынас арқасында адамдар бiр — бiрiмен байланыс орнатты, өзара әрекеттiң әр түрлi мәселелерi бойынша келiстi, тәжiрибе бөлісті және т.б. Тiлдiң көмегімен бiр ұрпақ келесісіне ақпарат, білім, әдет — ғұрып және дәстүрлердi жеткiзiп отырды. Онсыз бiр қоғамда өмip cүpeтiн әр түрлi ұрпақтар арасындағы байланысты көзге елестету қиын.
Адамның мәнi мәселесi адам туралы философиялық ілімнің өзегiн құрайды. Адамның дамуы мен тарихи негiзiн және оның мәнін құрайтын субстанция ретiнде қазiргi ғылым қоғамдық өндiрiс шеңберiнде жүзеге асатын еңбек әpeкeтiн атайды. Қоғамдық өндiрiс пен еңбек әpeкетінің дамуы нәтижесінде адамдардың қоғамдық қатынастары да дамиды. Индивидтiң жеке дамуы қоғамдық қатынастардың бүкiл жиынтығын өн бойында жинақтауына, игеруiне және оны жүзеге асыруына байланысты. Сондықтан да Маркс адамды абстрактылы тұрғыда түciнгeнi үшін Фейербахты сынай отырып, былай деп жазды: «адамның мәнділігі жекелеген индивидке тән абстракт емес. Ол өз болмысында барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады».
Адамның өмip cүpyi мәселесi де адам мәнi мәселесi сияқты маңызды. Оның алғышарты туралы емес, адамның өмip cүpyi мен мәндiлiгiнiң тұтастығы мен қажеттi байланысы туралы айтуға болады. Адам әрқашан да, бiр жағынан, әуел бастапқы «әлдене» және, екiншi жағынан, ол өзiнiң iз — таңбасы мен шектеуін қалдыратын әлеуметтiк ортада дамиды. Сондықтан да индивидуалдық өмip сүру осы қажеттiлiксiз, оның мәнін құрайтын қоғамдық қатынастар жүйесiнсiз мүмкін емес. Сонымен қaтap, оның мәнi де оның өмip cүpyiнeн тыс бола алмайды. Адам бойындағы биологиялық пен әлеуметтiлiктiң арақатынacы мәселесi де осы өмip сүру мен мәндiлiк мәселесiмен байланысты. Өзiнiң мәнi жағынан адам әлеуметтiк жан. Сонымен бiр мезгiлде ол табиғаттың жемiсi және оның шектерiнен тыс өмip сүре алмайды, өзiнiң биологиялық қажеттiлiктерiн өтейдi, iшедi, жейдi, дене қабатын тастап кете алмайды. Адамдағы биологиялық пен әлеуметтiлiк ажырамас тұтастықта орналасады, оның бiр жағын «әлеуметтiк сапаға» ие тұлға құраса, екiншi жағын табиғи негiзi болып табылатын ағза құрайды.
Әлеуметтiлiк пен биологиялық мәселелердi қарастырғанда eкi көзқарастан бойды аулақ ұстау керек: әлеуметтiк факторды абсолюттендiру мен биологиялық факторды абсолюттендiру. Бiрiншiсiнде адам әлеуметтiк ортаның абсолюттiк нәтижесi болып көрiнедi. Екiншi концепцияға әр түрлi биологияландырушы iлiмдер жатады. Оның iшiнде, мысалы, табиғи тұрғыда бiр нәсiлдi екiншiсiнен жоғары қоятын нәсiлшiл теорияларды жатқызуға болады. Нәсiлшiлдiлiктiң баянсыздығын адам генотипi ерекшелiгiнiң нәсiлдiк емес, индивидуалдық деңгейде көрінетiндiгi арқылы дәлелдеуге болады. Табиғатта қандай да болсын нәсiлдiк, ұлттық немесе әлеуметтiк генотиптер өмip сүрмейдi.
Философия тарихында адам табиғатына көптеген пікірлер айтылады. Көне философтар адамды ғарыштың бір бейнесі ретінде «кіші ғарыш» бейнесінде қарастырады. Сократтан бастап адамды екі жаратылыстан: көне философтар дене және рухтан тұрады деп ойлайды.
Орта ғасыр философиясында адамды анықтауда оның денелік және жандық жаратылысы арасын межелеп болу көбірек байқалады. Құдаймен теңестіріліп сенім, махаббат, үміттердің жоғары сезімдерінде орын алатын жандық бастау бірінші орынға қойылды. Жаңа дәуірде адамның ерекшелігі ойлауда, ақылды, ұтымдылығында қалады. Жанның анық құрамы бұл — сана.(Декарт, Кант)
Жаңа дәуірде «адам ақылды» тұжырымдамасымен бірге басқа «адам әрекетшіл» концепциясы жетістіктерге жетті. Онда адамның басты ерекшелігі әрекет етуге қабілеттілігін іске асыруы екені көтеріліп, әрбір жеке адамның әрекеті оның қимылынан тұратыны бекітілді.
XX ғасыр философиясы адамның шынайылығын іздеуді жалғастырды. Феноменологияның өкілдері адам табиғатының шынайылығын, оның санасының тәжірибесін – идеяның, түсініктің бөлігі өмірдің, әлемнің мәніне сәйкес герменевтика өкілдері, адамның шынайылығын оның әлемдегі пайда болуына, осы әлемнің дүниелерін түсінуде, адамның шекарасымен оның шекарасының бірігуінде жүргізіледі. Постмодернистердің пікірінше адам әкімшілік, ұжымдық, біркелкіліктен құтылу және асқақтықты іздейтін жаратылыс.
Жоғары адам табиғатына түсініктеме берілгендердің қатарына ХХ ғасыр бойы тек философтарды ғана емес, сонымен бірге психолог, биологтардың назарын қаратқан тағы бір түсінікті қосқан дұрыс болар еді.
Бұл түсінікті австриялық дәрігер – психиатор әрі философ З.Фрейдтің негізінде дамыды. Фрейд тұжырымдамасында адам санасыз деп ұсынылған. Адамның түпкі мәні – сексуалдық әуестілік – зауық. Бұл әуестік сана мен оның көптеген тыйымдармен қоршаған әлеуметтік ортаға әсер етуге мәжбүр болатын сана мен байланысқа түседі. Сексуалдық әуестілік санадан шығады да, олар санасыздыққа айналады, түс көруде невроздардан құтылу жолдары – психиканың талдамасы. Алдымен санасыздық табылады. Бұл психиатрия негізінде жасалады, сонан кейін егер пациент оған дайын болса, онда санасыз санаға ауысады. Ол қызметін тоқтатады, ауру невроздардың көздері жоғалады. Бірақта ешкім ешқашан адамнан санасызды толығымен арылтуға шамасы келмейді, оның үстіне адам өзінің жаратылысы бойынша саналық емес, санасыздық жаратылысы. Барлық философтар адамды фрейдтік тануға келісе бермейтінін айтқан жөн.

5.Басты мәселелерінің бірі



Антропологияның басты мәселелерінің бірі адамның қалыптасуы болып табылады. Бұл сұрақ жөнінде төмендегідей гипотезалар бар. Діни гипотеза идеалистикалық тұжырымдамаларда қалыптасуында басталады.
Эволюциялық адамның гипотезасы XIX ғ бастап кеңінен танымал бола бастады. Эволюциялық жол негізінде К.Дарвиннің еңбек теориясы жатыр. Ол бізге марксистік нұсқада, нақты айтқанда еңбек құралдарын дайындаудан басталған еңбек адамды қалыптастырады. Еңбек ету барысында қол бірте – бірте икемді және еркін бола бастады. Бұл уақытта ми дамып, адамдардың жақын топтасуы және араласудың қажеттілігі туындап пайда болды. Осындай әрекеттер негізінде еңбек құралдарын жасау әрекеті, қоғамды топтастыру, тіл және ойлау бұның бәрі маймылды адамға айналдырудың маңызды факторлары болды. Антропосоциогенездің жаратылысының ерекшелігі адамның еңбек құралдарын жасау әрекеті арқылы олармен жұмыс істей білу қабілетін қалыптастыру болып табылады. Адамның қабілеттілігі дамитын белгілері нысанда мәні берілетін үрдісте жатады. Бұл адаммен қолданылатын мән. Қоғамдық қатынастардан, нысандардан қызметін, әдістерінен басқасының бәрі зым – зия жоғалып кетеді.
Антропосоциогенез жүйенің тұрақты жұмысын реттейтін, қызметін әдістерін адамдардың әлемге, бір – біріне және өзіне деген қарым – қатынастың әдістерін топтастыратын, тіршілік етудің үздіксіз үрдісі.
Антропосоциогенез проблемасына байланысты әр түрлі көзқарастары бар, бірақ соның негізінде адамның әлеуметтік және биологиялық қарым – қатынас мәселесі жатыр. Адам өз жаратылысында әлеуметтік жаратылыс. Ол сонымен қатар сол уақытта табиғаттың бағасы, ол өз жаратылысында соның шеңберінен шыға алмайды, өзінің биологиялық табиғатына қатыссыз қызмет етеді, тамақ жеу, ішуді тоқтата алмайды. Әлеуметтік және биологиялық әлеуметтік «сапа» ретінде тұлға деп танылатын бірлікте.
Әлеуметтік және биологиялық проблеманы қарастыру кезінде үш нәрседен сақ болу керек:
Адам әлеуметтік ортаның өнімі ретінде орта басынан аяғына дейін адамның дамуын жазатын «таза тақта» ретінде түсінілген кезде әлеуметтік фактордың абсолютизациясы болып табылады. Осы тұжырымдаманы жақтаушылар адамның барлық дамуын әлеуметтік дамумен байланыстырады.
Биологиялық фактордың абсолютизациясы бір кеселден басқа кеселге табиғи артықшылығын бекітетін нәсілшілдік теория болады.
Адамның бірегей генотипі нәсілдік деңгейді емес, дербес деңгейде пайда болады. Табиғатта қандай да бір нәсілдік ұлттың генотипі жоқ.
Теңдік фактордың абсолютизациясы адамның дамуындағы роль оның ген арқылы алып тасталынады. Олар көптеген адамгершілік әрекеттерінің себебі болып табылады. Бірақта адамның дамуы мен тәртібін биологиялық тұрғыда түсіндіру дұрыс емес. Адамның биологиялық және әлеуметтігі жоғарыда айтылғандай өзара байланысты. Сондықтан адамның биологиялығы әлеуметтік формада іске асырылып және қанағаттандырылады. Адамның қалыптасуының табиғи – биологиялық жағы әлеуметтік – мәдени факторлармен «адамға айналады» және қоршаған ортаға бейімделінеді.
Адамды анықтауда жеке адам, жеке даралық, жеке тұлға деген терминдар қолданылады. Жеке адам – адам тегінің жекелік өкілі, адамгершіліктің барлық психологиялық және әлеуметтік белгісі: ақыл, ерік, қажеттілік, қызығушылық нақты тасушысы. Жеке адам түсінігі мағыналық жағынан нақты адам ретінде қолданылады. Әрбір жеке адам балалық шақтан бастап адамзат баласымен қол жеткен ұрпақтар санасы кезінде адам баласы өз жаратылысын иеленеді.
Сонымен қатар баласының жеке адамы – тек табиғи, биологиялық жаратылыс қана емес, олар адамдардың қоғамдық өмір сүру әрекетінің ұзақ мерзімді үрдісінің өкілі болып, саналатын екінші табиғатқа ие. Әлеуметтік жеке адам болып табылады.
Жеке адамның бірегейлігін салыстыру үшін осы саладағы адам баласының белсенділігін басқа әрекетпен міндетті түрде салыстыру керек. Сондықтан даралық өзіне жеке адамның өзіне ғана тән биологиялық түр және адамзат қоғамының өнім ретінде жалпы ерекшеліктерді қосады. Өзара байланыспен тұтастықтан алынған бұл жаратылыстар адамның даралығын бейнелейді. Сонымен бірге сондай — ақ даралықты әлемдегі ерекше тұрмыс формасы арқылы анықтауға болады. Адам болашақта қоғамдық жаратылыс ретінде қоғаммен тығыз байланысты.
Жеке өзін анықтауда зейін әлеуметтік сапаға және адамның әлеуметтік белсенділігіне бөлінеді. Қазіргі философияда адамның тұрмыстық мәселелеріне көп көңіл бөлінеді. Адамда екі өмір бар: біреуі — өмір сүретін, қоршаған ортаға және қоғамға дағдыланған; екіншісі – сыртқы әлемнен жасырын жатқан өмір. Философиялық көзқараспен қарасақ, соңғы өмір, шынайы өмір: бұнда біз қуанамыз, қобалжимыз, толық өмірмен ғұмыр кешеміз. Осындай тұрпатта адам екі өмірлік. Адам тұрмысының негізгі категорияларын анықтайтын өмір – бұл бостандық, шығармашылық, махаббат, бақыт, сенім, болып табылады.
Айтылғандарды қарастыра келе, адам қоғамдық – тарихи үрдістің материалды және жан мәдениетінің даму субъектісі өзге формалармен генетикалық байланысты биологиялық жаратылыс дегенді анықтайды. Алайда олардан еңбек құралдарын жасау қабілеті бар адамға тән сөйлеу мен санасының арқасында ерекшелігі арқылы білініп тұратын жаратылыс
ҚОРЫТЫНДЫ

Қорытындылай келе, Адам және адамзат тұлғасы қалыптасуындағы үлкен рөл тілге тиесiлi. Тiл арқасында адамның ойлауы дамиды. Тiл маңызы, ең алдымен, онсыз адамдардың еңбек әpeкeті практикалық тұрғыда мүмкін eмecтiгiмeн сипатталады. Өзара қатынас арқасында адамдар бiр — бiрiмен байланыс орнатты, өзара әрекеттiң әр түрлi мәселелерi бойынша келiстi, тәжiрибе бөлісті және т.б. Тiлдiң көмегімен бiр ұрпақ келесісіне ақпарат, білім, әдет — ғұрып және дәстүрлердi жеткiзiп отырды. Онсыз бiр қоғамда өмip cүpeтiн әр түрлi ұрпақтар арасындағы байланысты көзге елестету қиын.


Адамның мәнi мәселесi адам туралы философиялық ілімнің өзегiн құрайды. Адамның дамуы мен тарихи негiзiн және оның мәнін құрайтын субстанция ретiнде қазiргi ғылым қоғамдық өндiрiс шеңберiнде жүзеге асатын еңбек әpeкeтiн атайды. Қоғамдық өндiрiс пен еңбек әpeкетінің дамуы нәтижесінде адамдардың қоғамдық қатынастары да дамиды. Индивидтiң жеке дамуы қоғамдық қатынастардың бүкiл жиынтығын өн бойында жинақтауына, игеруiне және оны жүзеге асыруына байланысты. Сондықтан да Маркс адамды абстрактылы тұрғыда түciнгeнi үшін Фейербахты сынай отырып, былай деп жазды: «адамның мәнділігі жекелеген индивидке тән абстракт емес. Ол өз болмысында барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады».
Адамның өмip cүpyi мәселесi де адам мәнi мәселесi сияқты маңызды. Оның алғышарты туралы емес, адамның өмip cүpyi мен мәндiлiгiнiң тұтастығы мен қажеттi байланысы туралы айтуға болады. Адам әрқашан да, бiр жағынан, әуел бастапқы «әлдене» және, екiншi жағынан, ол өзiнiң iз — таңбасы мен шектеуін қалдыратын әлеуметтiк ортада дамиды. Сондықтан да индивидуалдық өмip сүру осы қажеттiлiксiз, оның мәнін құрайтын қоғамдық қатынастар жүйесiнсiз мүмкін емес. Сонымен қaтap, оның мәнi де оның өмip cүpyiнeн тыс бола алмайды. Адам бойындағы биологиялық пен әлеуметтiлiктiң арақатынacы мәселесi де осы өмip сүру мен мәндiлiк мәселесiмен байланысты. Өзiнiң мәнi жағынан адам әлеуметтiк жан. Сонымен бiр мезгiлде ол табиғаттың жемiсi және оның шектерiнен тыс өмip сүре алмайды, өзiнiң биологиялық қажеттiлiктерiн өтейдi, iшедi, жейдi, дене қабатын тастап кете алмайды. Адамдағы биологиялық пен әлеуметтiлiк ажырамас тұтастықта орналасады, оның бiр жағын «әлеуметтiк сапаға» ие тұлға құраса, екiншi жағын табиғи негiзi болып табылатын ағза құрайды.

ДЕРЕККӨЗДЕР МЕН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



1. Философия. Д.Кішібековтың басшылығымен А., 1991
2. Молдабеков Ж., Қасабек А. Шығыс философиясы А.,2001
3. Алтай Ж., Қасабек А., Мухамбетали К. Философия тарихы А.,1999
4. Әбішев К. Философия А., 1998
5. Тұрғынбаев Ә. Философия А.,2001
6. Сегизбаев О. История казахской философии А.,2000
7. Қасабек А. Тарихи-философиялық таным А.,2002




Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет