Гистология және эмбриологияның дамуының негізгі кезеңдерін атаңыздар.
Эмбриология — ұрыктардын дамуының зандылыктары туралы ғылым. Адам эмбриогенезі — оның онтогенезінің бөлігі және келесі негізгі сатыларды камтиды: I — ұрыктану және зиготаның пайда болуы; II — бөлшектену және бластуланын (бластопистаның) пайда болуы; III — гаструляция — ұрык жапыракшаларынын және біліктік мүшелердін кешенінің пайда болуы; IV — гистогенез және ұрыктык және үрыктан тыс мүшелердің органогенезі; V — системогенез. Эмбриогенез прогенезбен және ерте постэмбрионалдык кезеңмен тыгыз байланысты. Тіндердің дамуы эмбрионалдык кезенде (эмбрионалдык гистогенез) басталып, бала туганнан кейін де жалгасады (постэмбрионалдык гистогенез).
Прогенез- жыныс жасушаларынын — аналык жыныс жасушаларынын және сперматозоидтардын дамуы мен жетілу кезені. Прогенез нәтижесінде жетілген жыныс жасушаларында хромосомалардын гаплоидты жиынтыгы пайда болады, ұрыктандыру мүмкіндігін және жана организмнін дамуын камтамасыз ететін кұрылымдар калыптасады.
Эмбриогенез - Адамның кұрсакішілік дамуы орташа есеппен 280 тәулік (10 акушерлік ай) жалғасады. Үш кезеңін ажыратады: бастапкы (1-ші апта), ұрыктық (2-8-ші апта), нәрестелік (дамудың 9-шы аптасынан бала туғанға дейін). Ұрыктық кезеңнің соңында тіндер мен мүшелердін негізгі эмбрионалдык бастамаларынын калыптасуы аяқталады.
Ұрыктану— аталык жэне аналык жыныс жасушаларынын косылып, нәтижесінде осы жануарлардың түріне тән, хромосомалардың диплоидты жиынтығы калпына келеді және сапалы жаңа жасуша — зигота пайда болады (ұрыктанған аналык жыныс жасушасы немесе бір жасушалы үрык). Ұрыктану үдерісінде үш фазаны ажыратады:
• гаметалардың алыстан әрекеттесуі және жакындауы;
• жақыннан әрекеттесуі және аналык жыныс жасушасынын белсенділігінің артуы;
• сперматозоидтың аналык жыныс жасушасына кіруі және олардың бірігуі — сингамия.
Бөлшектену— жаңадан пайда болған жасушалардың аналык жасушаның көлеміне дейін өсуінсіз өтетін, зиготаның жасушаларға (бластомерлерге) дәйекті түрде митоздык бөлінуі. Пайда болған бластомерлердің тұтас ұрык организміне біріктірілуі сакталынады. Зиготада, сперматозоидтардан енген, полюстерге ажырап жатқан центриольдердің арасында бөліну ұршығы пайда болады. Митоздык бөлінудін калған барлык сатыларын отіп, зигота екі жаңа жасушаларға — бластомерлерге (грек тілінен blastos — бастама, meros — бөлім) бөлінеді. Бөлінудің нәтижесінде пайда болатын жасушалардың өсуі жүретін G 1 - кезен болмағандыктан, олар аналык жасушадан едәуір кіші болады, сондыктан бұл кезеңде үрыктың да көлемі оны кұрайтын жасушалардың санына тәуелсіз бастапкы жасушаның — зиготаның көлемінен аспайды. Мұның бәрі жоғарыда айтылған үдерісгі бөлшектену (яғни үсакталу), ал бөлшектену барысында пайда болған жасушаларды — бластомерлер деп атауға мүмкіндік береді.
Имплантация— урыктып жатырдың шырышты кабыкшасына енуі. Имплантацияның екі сатысын ажыратады: адгезия (жабысу), үрык жатырдың ішкі бетіне бекуі жэне инвазия (ену) — үрыктын жатырдын шырышты кабыкшасынын тіндеріне енуі. 7-ші тәулікте трофобласт пен эмбриобластта имплантацияға дайындалуға байланысты өзгерістер жүреді. Бластоцистада ұрыктану кабыкшасы сакталады. Трофобластта, жатыр кабырғасының тіндерін ерітуді және үрыктын оның шырышты кабыкшасына енуін камтамасыз ететін ферменттері бар, лизосомалардың саны артады. Трофобластта пайда бола бастаған микробүрлер ұрыктану кабыкшасын біртіндеп бұзады. Ұрык түйіні жазыктанып, урық қалқаншасына айналады және онда гаструляциянын бірінші сатысына дайындык басталады. Имплантация шамамен 40 сағатка созылады. Имплантациямен катар гаструляция (ұрык жапыракшаларынын пайда болуы) басталады.
Гаструляция— жасушалардын дифференциялануы мен бағытталған орын ауыстыруымен, көбеюімен жэне өсуімен бірге жүретін химиялыкжәне морфогенетикалыкөзгерістердін күрделі үдерісі, мүның нәтижесінде ұрык жапыракшалары: біліктік мүшелердін кешені мен тіндердің эмбрионалдык бастамаларынын даму көздері сырткы (эктодерма), ортаңғы (мезодерма) жэне ішкі (энтодерма) пайда болады. Адамда гаструляция екі сатыда жүреді. Бірінші сатысы (деламинация) күрсакішілік дамудың 7-ші тәулігінде, ал екінші сатысы (иммиграция) — 14— 15-ші тәулігінде өтеді.
Жасушалық теорияның негізгі ережелерін атаңыз. Жасушалық теорияның теориялық және іс жүзіндегі маңызы қандай?
Жасушалык теориянын негізгі кағидаларын төменде Р. Вирхов (1821 — 1902) былайша баяндады.